Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында
дипломатиялық қатынастар орнатылуына байланысты қаулы етемiн:
1. Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының Өкiлеттi
өкiлдiгi (Елшiлiгi) ашылып, оған Ресей Федерациясындағы Қазақстан
Республикасы Өкiлеттi өкiлдiгiнiң қызмет пен өндiрiстiк алаңдары,
мейманхана кешенi, көлiк құралдары берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi
өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) штат кестесi мен шығыстарының сметасын
анықтасын;
бiр ай мерзiмде Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының
Өкiлеттi өкiлдiгi (Елшiлiгi) туралы Ереженi бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ КСР-iнiң
РКФСР-дегi Тұрақты өкiлдiгiн құру туралы" 1991 жылғы 28 қазандағы
N 487 және "Қазақ КСР Президентiнiң "Қазақ КСР-iнiң РКФСР-дегi
Тұрақты өкiлдiгiн құру туралы" 1991 жылғы 28 қазандағы N 487
Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1992 жылғы
12 маусымдағы N 804 Жарлықтарының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi