О создании Министеpства по делам молодежи, туpизма и споpта Республики Казахстан

УКАЗ Пpезидента Республики Казахстан от 17 декабpя 1993 г. N 1460. Утратил силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696) (вводится в действие со дня подписания)

      Во исполнение действующего законодательства о единой государственной молодежной политике, создания условий для всестороннего развития и социального становления молодежи, реализации в интересах республики ее научного и творческого потенциала, осуществления единой государственной политики в области международного и внутреннего туризма, развития отрасли физической культуры и спорта, укрепления материально-технической базы этих сфер постановляю: 
      1. Образовать Министерство по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан, упразднив Государственный комитет Республики Казахстан по делам молодежи и Министерство туризма, физической культуры и спорта Республики Казахстан, созданные Указами Президента Казахской ССР от 31 августа 1991 года N 415 "Об образовании Государственного комитета Казахской ССР по делам молодежи" и от 31 августа 1991 года N 417 "О создании Министерства туризма, физической культуры и спорта Казахской ССР". 
      2. Министерству по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан внести предложение в Кабинет Министров Республики Казахстан о создании Государственной акционерной компании по туризму Республики Казахстан "Яссауи". 
      3. Установить, что Министерство по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан является правопреемником собственности, ранее принадлежавшей Министерству туризма, физической культуры и спорта Республики Казахстан и Государственному комитету Республики Казахстан по делам молодежи, а также их предприятий, учреждений и организаций. 
      4. Возложить на Министерство по делам молодежи, туризма и спорта Республики Казахстан: 
      координацию деятельности министерств и ведомств, предприятий, учреждений и организаций республики независимо от их ведомственной подчиненности, а также взаимодействие с общественными объединениями, в области молодежной политики, туризма, физической культуры и спорта; 
      разработку и реализацию государственных программ, направленных на осуществление молодежной политики, развитие туризма, физической культуры и спорта;
     реализацию Закона Казахской ССР "О государственной молодежной политике в Казахской ССР", Закона Республики Казахстан "О туризме", подготовку предложений по совершенствованию законодательства Республики Казахстан по проблемам молодежной политики, туризма,  физической культуры и спорта.
     5. Кабинету Министров Казахстан:
     принять необходимые меры по реализации настоящего Указа;
     привести в соответствие с настоящим Указом ранее принятые нормативные акты.

     Президент
Республики Казахстан

   

      

      

Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 17 желтоқсан 1993 ж. N 1460. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Бiртұтас мемлекеттiк жастар саясаты туралы қолданылып жүрген заңдарды орындау, жастардың жан-жақты дамуы мен әлеуметтiк жетiлуi үшiн жағдайлар туғызу, республика мүддесi жолында оның ғылыми және шығармашылық әлеуетiн iске асыру, халықаралық және iшкi туризм саласында бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, дене мәдениетi мен спорт саласын дамыту, бұл салалардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ ССР Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы" 1991 жылғы 31 тамыздағы N 415 және "Қазақ ССР Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгiн құру туралы" 1991 жылғы 31 тамыздағы N 417 Жарлықтарымен құрылған Қазақстан Республикасының Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгi таратылып, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Туризм жөнiндегi "Иассауи" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi бұрын Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасының Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, сондай-ақ олардың кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының иелiгiнде болып келген меншiгiнiң құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне: 
      жастар саясаты, туризм, дене мәдениетi және спорт саласында республика министрлiктерi мен ведомстволарының, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметiн үйлестiру, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп iс-қимыл жасау; 
      жастар саясатын жүзеге асыруға, туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамытуға бағытталған мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеп, жүзеге асыру;
      "Қазақ ССР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақ ССР Заңын, "Туризм туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру, жастар саясаты, туризм, дене мәдениетi және спорт  проблемалары бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау жүктелсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын;
      бұрын қабылданған нормативтiк актiлердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi