Об упоpядочении использования наличных денег в pасчетах

УКАЗ Пpезидента Республики Казахстан от 27 янваpя 1994 г. N 1532. Утратил силу - Законом Республики Казахстан от 13 июня 1996 г. N 8-1. ~Z960008

      В целях совершенствования организации налично-денежного оборота, повышения доходности бюджета за счет увеличения поступлений налогов и на основании Закона Республики Казахстан "О временном делегировании Президенту Республики Казахстан и главам местных администраций дополнительных полномочий" ПОСТАНОВЛЯЮ:
      1. Предприятиям, организациям и учреждениям всех форм собственности:
      расчеты с юридическими лицами за товарно-материальные ценности и оказанные услуги производить строго в безналичном порядке. Использование наличных денег допускается в суммах, не превышающих 4-кратного размера минимальной заработной платы;
      обеспечить обязательный прием от населения платежей за товары и услуги расчетными чеками и чеками коммерческих банков;
      объем минимальной стоимости покупки товаров (услуг) на чеки установить в размере 2-кратной минимальной заработной платы;
      обеспечить применение одинаковых цен на реализуемые населению товары (услуги) вне зависимости от формы платежа (наличными деньгами, чеками, безналичным перечислением).
      2. Приостановить на 1994 год срок действия пункта 1 постановления Верховного Совета Республики Казахстан от 4 июля 1992 г. N 1544 "О порядке введения в действие Закона Республики Казахстан "О защите и поддержке частного предпринимательства" в части статьи 17 названного Закона.
      3. Кабинету Министров Республики Казахстан:
      в месячный срок с участием заинтересованных министерств и ведомств разработать механизм применения экономических санкций к нарушителям настоящего Указа и порядок контроля за его исполнением;
      принять меры к ускорению разработки и реализации программы по внедрению системы расчетов с использованием банковских карточек;
      внести на рассмотрение Верховного Совета Республики Казахстан нового созыва проект Закона "О внесениии изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О защите и поддержке частного предпринимательства".
      4. Настоящий Указ имеет силу Закона и действует до внесения

соответствующих изменений в Закон Республики Казахстан "О защите
и поддержке частного предпринимательства".
     5. Настоящий Указ ввести в действие со дня опубликования.



         Президент
     Республики Казахстан                    


     
      
      


Есеп айырысуларда қолдағы ақшаның пайдаланылуын ретке келтiру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 27 қаңтар N 1532. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1996.06.13. N 8-1 Заңымен. ~Z960008

      Қолдағы ақшаның айналымын ұйымдастыруды жетiлдiру, салық түсiмiн ұлғайту есебiнен бюджеттiң кiрiсiн арттыру мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негiзiнде қаулы етемiн:
      1. Меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер:
      тауар-материалдық құндылықтар мен көрсетiлген қызмет үшiн заңды тұлғалармен есеп айырысуды қатаң түрде аударым тәртiбi бойынша жүргiзсiн. Қолдағы ақшаны пайдалануға ең төменгi жалақының 4 еселенген мөлшерiнен аспайтын сомада ғана жол берiледi;
      халықтан тауарлар мен қызмет үшiн төлемдердiң есеп айырысу чектерiмен және коммерциялық банктердiң чектерiмен мiндеттi түрде қабылдануын қамтамасыз етсiн;
      чектерге тауарларды /қызметтi/ сатып алудың ең төменгi құнының көлемiн ең төменгi жалақының 2 еселенген мөлшерiнде белгiлесiн.
      төлем нысанына /қолдағы ақшамен, чектермен, аударым жасаумен/ қарамастан, халыққа сатылатын тауарларға /қызметке/ бiрдей бағалардың қолданылуын қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi N 1544 қаулысының 1-тармағының күшi аталған Заңның 17 бабы жөнiнен 1994 жылға кiдiртiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қатысуымен бiр ай мерзiмде осы Жарлықты бұзушыларға экономикалық санкциялар қолдану тетiгiн және оның орындалуына бақылау жасау тәртiбiн әзiрлесiн;
      банк кәртiшкелерiн қолдану арқылы айырысу жүйесiн енгiзу жөнiндегi бағдарламаны әзiрлеу мен жүзеге асыруды жеделдету шараларын қолдансын;
      Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Заңының жобасын енгiзсiн.
      4. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол Қазақстан Республикасының

"Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" Заңына тиiстi 
өзгерiстер  енгiзiлгенге дейiн қолданылады.
     Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     Алматы. 1994 жылғы 27 қаңтар
               N 1532