О пеpедаче части имущества совхозов в собственность диpектоpов

УКАЗ Пpезидента Республики Казахстан от 9 маpта 1994 г. N 1585. Утратил силу - Указом Президента РК от 9 января 2006 года N 1696 (U061696) (вводится в действие со дня подписания)

      В целях ускорения реализации Национальной программы разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап), развития разнообразных форм собственности, формирования рыночных отношений в сельском хозяйстве, повышения его эффективности и на основании Закона Республики Казахстан "О временном делегировании Президенту Республики Казахстан и главам местных администраций дополнительных полномочий" постановляю: 
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу при приватизации государственного сельскохозяйственного предприятия: 
      выделять 10 процентов выкупной части его имущества на безвозмездной основе директору, проработавшему в этой должности не менее 20 лет; 
      передавать как государственную долю директору во временное пользование на срок не более 5 лет на договорных условиях дополнительно 10 процентов от выкупной части имущества. 
      При условии повышения эффективности и достижения стабильных объемов сельскохозяйственного производства, улучшения социально-экономических показателей хозяйства директору (первому руководителю) в течение последующих 5 лет по решению собственника государственная доля передается безвозмездно; 
      оценку имущества хозяйства и распределение оставшихся 80 процентов выкупной его части между членами трудового коллектива производить в соответствии с Порядком разгосударствления и приватизации предприятий агропромышленного комплекса, утвержденным постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 июля 1993 г. N 633  P930633_  "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 5 марта 1993 г. N 1135 "О Национальной программе разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан на 1993-1995 годы (II этап)" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., N 30, ст. 353). 
      2. При приватизации государственного сельскохозяйственного предприятия, осуществляемой в соответствии с пунктом 1 настоящего Указа, разрешить работникам продавать, передавать свои имущественные доли и уступать право на земельные паи другим членам трудового коллектива этого предприятия на условиях двусторонней договоренности. 
      3. Рекомендовать общим собраниям колхозников руководствоваться положениями настоящего Указа при реформировании хозяйств. 
      4. Настоящий Указ имеет силу Закона и действует до внесения соответствующих изменений и дополнений в законодательные акты. 
      5. Кабинету Министров Республики Казахстан привести действующие нормативные акты в соответствие с данным Указом и в месячный срок разработать и утвердить порядок, регулирующий хозяйственную деятельность и трудовые отношения между новым собственником и работниками данного хозяйства. 
      6. Указ вступает в силу со дня опубликования. 
 
      Президент Республики Казахстан 

Совхоздар мүлкiнiң бiр бөлiгiн директорлардың меншiгiне беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 9 наурыз 1994 ж. N 1585. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (екiншi кезең) арналған Ұлттық бағдарламасын жүзеге асыруды жеделдету, ауыл шаруашылығында меншiктiң алуан түрлi нысандарын дамыту, нарықтық қатынастарды қалыптастыру, оның тиiмдiлiгiн арттыру және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында: 
      оның сатып алынатын мүлкiнiң 10 процентiн осы қызметке 20 жылдан кем жұмыс iстеген директорға тегiн негiзде бөлсiн; 
      директорға мүлiктiң сатып алынатын бөлiгiнiң қосымша 10 процентiн шарттық жағдаймен мемлекет үлесi ретiнде 5 жылдан аспайтын мерзiмге уақытша пайдалануға берсiн. 
      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгi артқан және тұрақты көлемге қол жеткен, шаруашылықтың әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiшi жақсарған жағдайда кейiнгi 5 жыл iшiнде меншiк иесiнiң шешiмiмен мемлекеттiк үлес директорға (бiрiншi басшыға) тегiн берiледi, шаруашылық мүлкiн бағалауды және оның сатып алынатын бөлiгiнiң қалған 80 процентiн еңбек ұжымының арасында бөлу Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N  1135  Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi N  633  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 30, 353-бап) бекiтiлген агроөнеркәсiп кешен кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру Тәртiбiне сәйкес жүргiзiлсiн. 
      2. Осы Жарлықтың 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарын жекешелендiру барысында екi жақты уағдаластық жағдайымен қызметкерлерге өздерiнiң мүлiктiк үлестерiн сатуға және беруге, осы кәсiпорынның еңбек ұжымының өзге де мүшелерiне жер пайына деген құқығын бере тұруға рұқсат етiлсiн. 
      3. Шаруашылықтарды реформалау кезiнде колхозшылардың жалпы жиналысы арқылы аталған Жарлықтың ережелерiн басшылыққа алу ұсынылсын. 
      4. Аталған Жарлықтың Заңдық күшi бар және заңдық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн iс-әрекет етедi.
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қолданылып жүрген нормативтi актiлердi аталған Жарлықпен сәйкестендiрсiн және бiр ай мерзiм iшiнде аталған шаруашылықтың жаңа меншiк иесi мен қызметкерлерi арасындағы шаруашылық қызмет пен еңбек қатынастарын реттеу тәртiбiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын. 
      6. Жарлық жарияланған сәттен бастап күшiне енедi. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      Алматы к. 1994 ж. 9 наурыз
             N 1585