О pатификации Соглашения о поощpении и взаимной защите инвестиций между Пpавительством Республики Казахстан и Пpавительством Итальянской Республики

УКАЗ Пpезидента Республики Казахстан от 22 мая 1995 г. N 2294

      В соответствии со статьей 2 Закона Республики Казахстан от

10 декабря 1993 г. "О временном делегировании Президенту
Республики Казахстан и главам местных администраций дополнительных
полномочий" постановляю:
     1. Ратифицировать Соглашение о поощрении и взаимной защите
инвестиций между Правительством Республики Казахстан и
Правительством Итальянской Республики, подписанное в Риме
22 сентября 1994 года.
     2. Настоящий  Указ вступает в силу со дня опубликования.

         Президент
     Республики Казахстан
      
      


Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1995 жылғы 22 мамыр N 2294

      "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  2-бабына сәйкес қаулы етемiн:

      1. 1994 жылғы 22 қыркүйекте Римде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Италия Республикасының Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу мен өзара қорғау жөнiндегi келiсiм бекiтiлсiн.

      2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
Италия Республикасының Үкiметi
арасындағы инвестицияларға жәрдемдесу
және қорғау жөнiндегi
Келісім

      Осы жерде және бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Италия Республикасының Yкiметi,
      Екi ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық үшiн, әсiресе Уағдаласушы Тараптың бiрiнің инвесторларының екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағындағы инвестициясына, капиталына қатысты жетілген негiзде қолайлы жағдайлар жасауды тiлей отырып
      және
      халықаралық келiсiмдердiң негiзiнде мұндай инвестицияларға жәрдемдесу және өзара қорғау екi Уағдаласушы Тараптың игiлiгiне коммерциялық кәсiпорындарды құруға көмегiн тигiзетiнiн түсiне отырып,
      Осымен мына төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап
Анықтаулар

      1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
      "Инвестиция"  терминi Уағдаласушы Тараптың бiрiнің жеке тұлғасы немесе заңды ұйымын екінші Уағдаласушы Тараптың аумағында осы Тараптың заңдары мен қаулыларына сәйкес таңдап алынған заңды нысаны мен құрылымынан тәуелсiз, осы Келiсiмнiң күшіне енген сәттен бұрын немесе кейiн қаржы жұмсаған меншiктiң кез келген түрiн бiлдіредi.
      Жоғарыда айтылғанның бәрiнiң жалпы мағынасын шектемегенде "инвестиция" терминiне мыналар кiредi, бiрақ олар ғана емес, атап айтқанда:
      а) қозғалатын және қозғалмайтын мүлiк және "in rem" меншiгiнiң кез келген құқығы, бұған үшіншi тараптың меншiкке деген құқықтарының салынатын дәрежедегі нақты кепiлдiгi кiредi;
      b) акциялар, борыш қолхаттары, бағалы қағаздар және басқа да несиелiк құралдар, сондай-ақ мемлекеттiк бағалы қағаздар;
      с) ақшалай сомаларға бөлiнген несиелер немесе инвестицияға байланысты экономикалық құны бар қызмет көрсетулерге деген кез келген құқықтар, сондай-ақ инвестициядан алынған табысты инвестициялау және капиталдың өсiмi;
      d) авторлық құқық коммерциялық сауда белгілерi, патенттер, өнеркәсiп жобалары және интеллектуалдық пен техникалық меншiкке деген басқа да құқықтар, ноу-хау, сауда құпиялары, сауда атаулары және материалдық емес активтер;
      е) заң бойынша немесе келiсiм-шарт бойынша алынған кез келген экономикалық құқықтар және экономикалық қызмет жөніндегі қолданыстағы ережелерге сәйкес берiлген кез келген лицензия немесе ерекше құқық, бұған табиғи ресурстарды iздеу, өндiру және пайдалану құқығы кiредi;
      f) бастапқы инвестицияның кез келген нарықтық өсуi.
      Аумағында инвестиция жүзеге асырылған Уағдаласушы Тараптың заңдарына және басқа да нормативтiк актілерiне сәйкес рұқсат берiлген инвестиция нысанының кез-келген өзгеруi оның инвестиция ретiндегi сипатын өзгертпейдi.
      2. "Инвестор"  терминi мынаны бiлдiредi: Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң аумағында оның заңдары мен қаулыларына сәйкес инвестицияны жүзеге асырған кез-келген басқа Уағдаласушы Тараптың жеке тұлғалары және заңды ұйымдары, сонымен қатар жоғарыда аталған жеке тұлғалардың және заңды ұйымдардың қалай да бақылауы астындағы шетелдік төл кәсiпорындар, филиалдар және бөлiмшелер.
      3. "Жеке тұлға"  терминi Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiне қатысты осы елдiң заңдарына сәйкес оның азаматтығын алған кез келген жеке тұлғаны бiлдiруге тиiс.
      4. "Заңды ұйым"  терминi Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiне қатысты Уағдаласушы Тараптардың бiрiнің аумағында басты офисi бар және ол тарап оны мемлекет мекемелер, корпорациялар, серiктестiктер, қорлар және ассоциациялар ретінде, олардың жауапкершiлiгi дәрежесiнен тәуелсiз, таныған кез келген ұйымды бiлдiредi.
      5. "Кiрiс"  терминi инвестициядан жинақталған, бұған атап айтқанда табысты немесе проценттердi, проценттер түрiндегi кiрiстi, капиталдың өсiмiнен, дивидендтен роялти немесе көмектi төлеуден, техникалық қызмет көрсетулерден және басқа төлемдерден түскен кiрiстердi, сондай-ақ бұйым түрiндегi өтемақыларды, мынадай, бiрақ олар ғана емес, шикiзатты, өндiрiлген өнiмдi немесе малды қоса алғандағы ақшаны білдiруге тиіс.
      6. "Аумақ"  терминi құрғақтағы шекаралар шектерiндегi аймақтарға қосымша "теңiз аймақтарын" бiлдiруге тиiс. Бұған сондай-ақ Уағдаласушы Тараптар үстiнен егемендiк құқықтары мен халықаралық құқық бойынша егемендiк пен заңдық құқықтарды жүзеге асыратын теңiз және су асты аймақтары да кiредi.
      7. "Инвестиция туралы келiсiм"  инвестицияға қатысты Уағдаласушы Тараптардың (немесе оның агенттіктерi немесе төл кәсіпорындарының) бiрi мен екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторының арасындағы келiсiмдi бiлдiредi.
      8. "Алаламау режимi"  де ең болмағанда ұлттық режим немесе мейлiнше қолайлы режим сияқты режимдi бiлдiредi.
      9. "Еркiндiк құқығы"  екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында инвестицияны жүзеге асыру құқығын бiлдiредi.

2-бап
Инвестицияларға жәрдемдесу және қорғау

      1. Уағдаласушы Тараптардың екеуi де екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторларының өз аумағында инвестицияларды жасауын көтермелеуге тиiс.
      2. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнің инвесторларына екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағындағы инвестициялық қызметке деген рұқсат құқығын 3-баптың 1-тармағына сәйкес жасалған жағдайлардан кем емес жағдайларда берiлуге тиiс.
      3. Уағдаласушы Тараптар екiнші Уағдаласушы Тараптың инвесторларының инвестициялары үшін әдiл және қолайлы жағдайларға үнемi кепiлдiк беруге тиiс. Уағдаласушы Тараптар бiрiнiң аумағында екiншi Уағдаласушы Тарап инвесторларының инвестицияларының, сондай-ақ осы инвестициялар жұмсалған компаниялар мен кәсіпорындарды басқару, күтiп-ұстау, пайдалану, қайта құру немесе бөлудiң ешқандай да түрде ақталмаған немесе алалаушылық шараларына ұшырамайтынына кепiлдiк беруге тиiс.
      4. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз аумағында инвесторларға заңдылық режимiнiң тұрақтылығына, бұған iзгі ықылас рухында әрбiр нақты инвесторға қатысты қабылданған барлық мiндеттемелердi сақтауды қоса алғанда, кепiлдiк бере алатын заңды негiздi жасауға және қолдауға тиiс.

3-бап
Ұлттық режим және мейлiнше қолайлы режим туралы ереже

      1. Уағдаласушы Тараптар өзiнiң меншіктi аумағы шекарасының шектерінде екінші Уағдаласушы Тараптың инвесторлары жасаған инвестицияларға және олардан алынған табысқа өз азаматтарының немесе үшiншi бiр ел инвесторлары жасаған инвестициялар үшiн және олардан алынған табысқа жасалған режимнен кем емес қолайлы режимдi қамтамасыз етуге тиiс.
      2. Егер тараптардың бiрiнің заңдарының немесе қолданыстағы халықаралық міндеттемелердiң немесе болашақта енгізілуi мүмкiн мiндеттемелердiң негiзiнде Уағдаласушы Тараптың бiрiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторларына осы Келiсiмде көзделген режимнен де мейлінше қолайлырақ режим жасауға болатын заңды негiз пайда болса, мұндай басқа тараптардың инвесторларына жасалатын режим сондай-ақ тиiстi Уағдаласушы Тараптың инвесторларына және орындалмаған қатынастарға да жасалады.
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi Уағдаласушы Тараптың бiрi үшінші бiр елдердiң инвесторларына Кедендiк немесе Экономикалық одақтың, Ортақ рыноктың Еркiн экономикалық аймақтың, аймақтық немесе шағын аймақтық Келiсімдердiң, Халықаралық көп жақты экономикалық келiсiмдердiң және қос салық салуды болдырмау немесе халықаралық сауданы жеңiлдету мақсатында қол қойылған Келісімдердің мүшелерi ретiнде жасайтын басымдылықтары мен артықшылықтарына қатысы жоқ.

4-бап
3ияндар мен шығындар үшiн өтемақы

      1. Егер Уағдаласушы Тараптың бiрiнің инвесторлары өз инвестициялары бойынша екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында соғыстың, қарулы жанжалдың басқа нысандарының, төтенше жағдайдың, азаматтық жөнсiздiктердiң немесе осыған ұқсас оқиғалардың салдарынан шығындар немесе зияндар шексе, онда осы инвестициялар жұмсалған Уағдаласушы Тарап мұндай зияндар мен шығындарға қатысты оларды мемлекеттiк күштердiң немесе басқа субъектiлердiң келтiргенiнен байланыссыз барабар өтемақыны ұсынуға тиiс. Өтемақылық төлемдер еркiн және негiзсiз кiдiрiп қалмай аударылуға тиiс.
      2. Қарастырылып отырған инвесторларға осы оқиғалар кезiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтарына жасалатын режим сияқты, үшінші бiр елдің инвесторларына жасалатын қолайлы режимнен кем емес режим жасалуға тиiс.

5-бап
Мемлекет меншiгiне алу және экспроприациялау

      1. Осы Келiсiмнiң қатысы бар инвесторларға инвестицияларға меншік, оларды иелену, басқару немесе пайдалану құқығын үнемi және уақытша шектеуi мүмкiн, бұған юрисдикциясы бар соттар немесе трибуналдар басшылыққа алатын жергiлiктi заңдарда немесе қағидалар мен ережелерде арнайы көзделгендерiн қоспағанда, шаралар қолданылмауға тиiс.
      2. Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң инвесторларының инвестициялары екiнші Уағдаласушы Тараптың аумағында "de jure" немесе "de facto" тiкелей немесе жанама түрде мемлекет меншігiне алынуға, экспроприациялануға, реквизициялануға немесе кез келген осыған ұқсас шараларға, бұған мемлекеттiк мақсаттар мен мүдделердi және кiдiртпейтiн, толық және тиімдi өтемақыға алмасуды және осы шаралар алаламаушылық негізде және барлық заңды ережелер мен процедураларға сәйкес қолданылатын болғанын қоспағанда, ұшырамауға тиiс.
      3. Өтемақы, мемлекет меншігiне алу немесе экспроприация туралы шешімінің қабылданған сәттiң дәл алдында яки бұл жөнінде инвесторға хабарланған кезде немесе бұл туралы бұқараға мәлiм болғанның алдында шынайы нарқы негiзінде белгіленуге тиiс.
      Мемлекет меншігіне алу немесе экспроприациялау процедурасы кезінде Тарап-иесi мен инвестордың арасында өзара түсiністiк болмаған жағдайда өтемақы инвестицияларды енгiзу жөнiндегi құжаттарда ескерiлетiн сол параметрлер мен айырбастау курстарының негiзiнде белгiленуге тиiс.
      Мұндай кез келген өтемақы бойынша айырбастау курсы мемлекет меншiгiне алуды немесе экспроприациялауды жариялаудың тiкелей алдындағы күнге басымдылыққа ие айырбастау курсы болуға тиiс.
      4. Жоғарыда келтiрiлген параграфтың қолданылу аясын шектеусiз, егер мемлекет меншігіне алу, экспроприациялау немесе осыған ұқсас iс-қимылдардың объектiсi шетелдiк капиталы бар компания болып табылған жағдайда, инвестордың үлес бағасы капиталдың өсiмiне және капиталдың білiнбеген кiрiстерiнiң және резервтiк қорлардың қайта бағалануына көбейтiлген, капитал мен зияндардың төмендеу мөлшерiн алып тастаумен, бастапқы құнынан төмен емес валютада жүзеге асырылатын болады.
      5. Егер өтемақы шетел инвесторы инвестицияны жасаған валютада, осы валюта өтiмдi болып қалатын дәрежеде немесе инвестор үшiн қолайлы басқа кез келген валютада төленетiн болса, ол расында жасалған деп саналатын болады.
      6. Егер өтемақы негізсiз кiдiрiп қалмай және қандай жағдайда да бiр айдың iшінде жүзеге асырылса, ол уақытында төлендi деп саналады.
      7. Өтемақыға мемлекет меншiгiне алу немесе экспроприация болған күннен бастап төлем күнiне дейiн алты ай бұрын лондондық банкаралық депозиттер рыногында (ЛИБОР) ұсыныс ставкасының негiзiнде есептелген проценттер кiруге тиiс.
      8. Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң инвестициясының бәрi немесе оның бiр бөлiгi экспроприацияланған деп мәлiмдеген азаматы немесе компаниясы екiншi Уағдаласушы Тараптың тиiстi заң немесе әкiмшiлiк органдарына осындай экспроприацияның болғанын, егер болған жағдайда мұндай экспроприацияның және оның өтем ақысының халықаралық құқық принциптерiне сәйкестiгiн анықтату мақсатында iс қозғау құқығына ие болып және басқа да соған байланысты мәселелердi шеше алуға тиiс.
      9. Инвестор мен жауапты органның арасында келiсiм болмаған жағдайда өтемақы көлемi осы Келiсiмнiң 9-бабына орай дауларды шешу процедураларына сәйкес белгіленетiн болады. Өтемақы еркiн аударылатын болады.
      10. Осы баптың 2-параграфының ережелерi сондай-ақ инвестициядан алынған кiрiстерге де және жойылған жағдайда жойылу жөніндегi сомаларға да қатысты.
      11. Егер жойылғаннан кейiн товар ішінара немесе толық өтпеген болса, осы мақсатта иеленушінің немесе оның сенiмдi адамының осы товарды нарықтық баға бойынша сатып алуға құқығы бар.

6-бап
Капиталдық, табыс пен кiрiстiң қайтарылуы

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiнші Уағдаласушы Тарап инвесторларының негiз жоқ кідірулерсіз мына төмендегiлердi кез келген өтiмдi валютада аудара алуына кепілдiк беруге тиiс:
      а) капитал және қосымша капитал, бұған инвестицияларды қолдау және ұлғайту үшін пайдаланылған тағы инвестицияланған кiрiс кiредi;
      b) таза кiрiс, дивидендтер, роялти, көмек және техникалық қызмет көрсетулер үшiн төлемдер, проценттер мен басқа да кiрiстер;
      с) инвестицияларды жалпы немесе iшiнара сатудан немесе жалпы немесе iшiнара жоюдан алынған кiрiс;
      d) инвестицияға және проценттердi төлеуге байланысты қарыздарды өтейтiн қаржы;
      е) Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң азаматтарына екiншi Уағдаласушы Тарап аумағында жасалған инвестицияға байланысты орындалған жұмыс пен көрсетiлген қызметтер үшiн қолданыстағы ұлттық заңдар мен ережелерде қаралған сомада және әдiспен төленген сыйақы және жәрдем ақша.
      2. Осы Келiсiмнiң 3-бабының қолданылу аясын шектемей Уағдаласушы Тараптар осы баптың 1-параграфында аталған аударуларды үшiнші бiр елдер инвесторлары жасаған инвестицияларға қатысты жасалатын жағдайларда, егер олар мейлiнше қолайлырақ болса, жүзеге асыруға мiндеттенедi.

7-бап
Суброгация

      Егер Уағдаласушы Тараптың бiрi немесе оның мекемесi екінші Уағдаласушы Тарап аумағында оның инвесторының бiрi жасаған инвестициялар үшiн коммерциялық емес тәуекелдерге қатысты кепiлдiктi қамтамасыз етсе және осы кепiлдiк негiзiнде аталған инвесторға төлемдер жасаса, екiнші Уағдаласушы Тарап инвестор құқықтарының бiрінші Уағдаласушы Тарапқа қайта берiлгенiн мойындауға тиiс. Суброгация болған жағдайда инвестор, егер ол Уағдаласушы Тараптың немесе оның кез келген институтының өкiлi болмаса, суброгациямен байланысты және жасалып кеткен суброгациялармен байланысты талап қоймайды. Төлемдердi аударуға қатысты Уағдаласушы Тарапқа немесе оның мекемесiне сол қайта беруге орай осы Келiсiмнiң 4, 5 және 6-баптарының ережелерi қолданылуға тиіс.

8-бап
Қаражаттарды аудару процедуралары

      1. 4, 5, 6 және 7-баптарда аталған қаражаттарды аудару негiз жоқ кiдiрусiз және барлық жағдайларда 6 ай бойында барлық салық міндеттемелерi қанағаттандырылған соң жүзеге асырылуға тиiс және өтiмдi валютада болуға тиiс. Қаражаттарды аударулардың барлығы инвестордың қаражаттарды аударуға өтiнiш берген күнiне қарай айырбастау курсының басымы бойынша, мемлекет меншігіне алу немесе экспроприациялау жағдайында қолданылған айырбастау курсына қатысты 5-баптың 3-тармағындағы ережелердi қоспағанда, жүзеге асырылуға тиiс.
      2. Алдыңғы параграфтағы салық міндеттемелерi аумағында инвестиция жасалған Уағдаласушы Тараптың заңында қамтылған ережелердi орындаған соң реттелдi деп есептеледi.

9-бап
Инвестор мен Уағдаласушы Тараптардың арасындағы дауларды шешу

      1. Инвестицияларға қатысты Уағдаласушы Тараптардың бiрi мен екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторларының арасында пайда болуы мүмкiн кез келген даулар, бұған өтемақы сомасы туралы дауларды қоса алғанда, мүмкiндiгінше достық негiзде шешілуге тиiс.
      2. Егер инвестор мен Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң заңды ұйымы инвестиция туралы Келiсiм жасауды көздесе, осындай инвестиция туралы Келiсiм үшiн қаралған процедура пайдаланылуға тиiс.
      3. Егер мұндай даулар осы дауды реттеу жөнiнде жазбаша өтiнiш берiлген күннен бастап алты ай бойында достық жолымен шешiлмесе, аталған инвестор өз қалауы бойынша дауды мыналардың қарауына бере алады:
      а) Уағдаласушы Тараптың аумақтық юрисдикциясы бар соты;
      b) БҰҰ-ның халықаралық сауда құқығы жөнiндегi (ЮНСИТРАЛ) комиссиясының төрелiк ережелерiне сәйкес арнаулы төрелiк және Уағдаласушы Тарап-иесi iстi аталған төрелiктiң қарауына беру үшiн қабылдауға мiндеттенедi;
      с) мемлекеттер және басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестициялық дауларды реттеу туралы 1965 жылғы наурыздың 18-iндегi Вашингтон Конвенциясы бойынша, егер Уағдаласушы Тараптар оған қосылған болса, төрелiк процедураларды жүзеге асыру үшiн Инвестициялар жөніндегі дауларды шешетiн халықаралық орталық.
      4. Уағдаласушы Тараптар дипломатиялық арналар арқылы төрелiк немесе сот процедуралары жүзеге асырып жатқан мәселелердің кез келгенi бойынша, олар аяқталғанша және Уағдаласушы Тараптардың бiрi төрелiк соттың немесе соттың шешiмiнен осы шешiммен қаралған кезең бойында немесе iске қолданылуы мүмкiн халықаралық немесе iшкi нормалар құқықтарының негізiнде анықталуы мүмкiн кезең бойында бағынудан бас тартпаса, келiссөз жүргізуден тартынуға тиiс.

10-бап
Уағдаласушы Тараптардың арасындағы дауларды реттеу

      1. Уағдаласушы Тараптардың арасында осы Келiсiмдi түсiндiруге және қолдануға байланысты пайда болуы мүмкiн кез келген дау мүмкiндiгiнше достық негiзде дипломатиялық арналар арқылы реттелуге тиiс.
      2. Егер дау Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша мәлiмдемесiн берген күннен бастап алты ай бойынша реттелмесе, дау Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң өтiніш бойынша осы бапта қаралғандай арнаулы төрелiк сотқа беріледi.
      3. Төрелiк сот мынадай болып құрылуға тиiс төрелiк соттың қарауына сұрау жасалған сәттен бастап екi ай ішінде Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы соттың мүшесiн тағайындауға тиiс. Төраға екi басқа мүше тағайындалған күннен бастап үш ай iшiнде тағайындалуға тиiс.
      4. Егер осы баптың 3-параграфында қамтылған кезең бойында тағайындаулар жасалмаған болса, Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа уағдаластық болмаған жағдайда Халықаралық соттың төрағасына тағайындау жасауы жөнiнде өтiнiш жасай алады. Егер соттың төрағасы Уағдаласушы Тараптардың бiрiнің азаматы болып табылса немесе ол әлдеқандай себептермен тағайындау жасай алмайтын болса, сондай өтiнiштi сот төрағасының орынбасарына өтiнiш жасау қажет. Егер сот төрағасының орынбасары Уағдаласушы Тараптардың бiрiнші азаматы болып табылса немесе кез келген бiр себеппен тағайындау жасай алмаса, Уағдаласушы Тараптардың бiрiнің азаматы болып табылмайтын, Халықаралық соттың қызметi бойынша ең үлкенiн тағайындауды жасауға шақыру қажет.
      5. Төрелiк сот шешiмдi көпшiлiк дауыспен шығаруға тиiс және оның шешiмдерiнiң орындалуы мiндеттi болуға тиiс. Уағдаласушы Тараптар төрелiк қараудың шығындары мен iстi тыңдайтын өз өкiлдерiнiң шығындарын төлеуге тиiс. Төрағаның шығындары мен кез келген басқа шығындар Уағдаласушы Тараптардың арасында теңдей бөлiнуге тиiс. Төрелiк сот өзiнiң меншіктi процедураларын орнатуға тиiс.

11-бап
Үкiметтер арасындағы қатынастар

      Осы Келiсiмнiң ережелерi Уағдаласушы Тараптардың арасындағы дипломатиялық және консулдық қатынастардың болғанынан тәуелсiз қызмет етуге тиiс.

12-бап
Басқа ережелердi қолдану

      1. Егер iс осы Келiсiммен немесе Уағдаласушы Тараптар қол қойған басқа Халықаралық Келiсiммен немесе жалпы халықаралық құқықтың ережелерiмен реттелетiн болса, Уағдаласушы Тараптар және олардың инвесторлары мейлiнше қолайлы ережелердi қолдануға тиiс.
      2. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi өзінің заңдарына және ережелерiне немесе басқа ережелерi немесе арнаулы келiсiм-шартқа, рұқсатқа немесе инвестициялар туралы келiсiмге сәйкес екiншi Уағдаласушы Тараптың инвесторлары үшін жасаған кез келген режим осы Келiсiмге көзделгендiгінен қолайлырақ болса, мейлiнше қолайлы режим қолданылуға тиiс.
      Егер Уағдаласушы Тарап-иесi жоғарыда айтылғандарға сәйкес мұндай режимдi қолданбаса және осының салдарынан инвестор зиян шексе, Инвестор 4-бапқа сәйкес мұндай зияндардың өтемақысын алу құқығына ие болуға тиіс.
      3. Егер инвестицияларды жүзеге асырған күннен соң заңға, ережеге, экономикалық саясаттың инвестицияларды тiкелей немесе жанама реттейтiн актiлерi мен шараларына өзгерiс енгiзiлсе инвестордың өтінішi  бойынша инвестиция жүзеге асырылар кездегi режим қолданыста болуға тиіс.

13-бап
Қолданысқа енгізу

      Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiне олардың тиiстi конституциялық процедураларының бiткені туралы мәлiмдеген күннен бастап күшiне енедi.

14-бап
Қолданыстың ұзақтығы және тоқтатылуы

      1. Осы Келiсiм 13-бап бойынша мәлiмдеме түскен уақыттан бастап 10 жыл бойынша күшiнде қалуға тиiс және осы мерзiмнен кейiн, егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi жазбаша түрде оның қолданыс мерзiмінің бiтуiне дейiн бiр жыл бұрын күшiн жоймаса, қосымша 5 жылға күшiн сақтауға тиiс.
      2. Егер инвестициялар осы баптың 1-параграфында көзделгендей қолданыс мерзiмiнің бiтетiн күнiне дейiн жасалса, 1-12-баптардың ережелерi аталған күндерден соң қосымша бес жылға күшінде қалады.
      Осыны растау үшін төменде қол қоюшылар олардың тиiстi үкiметтерi берген уәкiлдiк негізiнде осы Келiсiмге қолдарын қойды.
      Рим қаласында 1994 жылы 22 қыркүйекте әрқайсысы үш дана болып, қазақ, итальян және ағылшын тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық текстің күшi бiрдей.
      Кез келген пiкiр алшақтығы болған жағдайда ағылшын тiлiндегі текст басым болады.

      Қазақстан Республикасының        Италия Республикасының
          Үкіметі үшін                    Үкіметі үшін