Қаулы етемiн:
1. "Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi
жоғары консультативтiк кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1994 жылғы 6 желтоқсандағы N 1979 Жарлығымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ғылым және техника
жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi туралы Ереженiң
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 46, 194-құжат;
ПҮАЖ, 1995 ж., N 13, 151-құжат) 2-тармағы мынадай жаңа редакцияда
жазылсын:
"2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы
кеңесшi-консультативтiк орган болып табылады және оны Төраға
басқарады. Кеңес төрағасының екi орынбасары болады."
2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi