"Мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының мүлкiн
жекешелендiру ерекшелiктерi туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
1995 жылғы 12 мамырдағы N 2266
U952266_
Заң күшi бар Жарлығының
қабылдануына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
I. Мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1. "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық,
дайындаушы, ұқсатушы және қызмет қызмет көрсетушi
кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi шұғыл шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 8
ақпандағы N 616 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1992 ж., N 4, 56-құжат) 11-тармағы алынып тасталсын;
2. "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық,
дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының
мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137
Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8,
88-құжат);
4-тармақта;
бiрiншi абзацтағы "акцияланатын кәсiпорындармен шарттық
байланысы бар ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң акциялар
сатып алуына басым құқық бере отырып" сөздерi алынып тасталсын;
"а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
"а) жаңадан құрылатын акционерлiк қоғамдардағы акциялардың
жалпы мөлшерiнiң кем дегенде 51 процентi инвестициялық
жекешелендiру қорларына сатылады";
5-тармақтың "а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) жаңадан құрылатын акционерлiк қоғамдардағы акциялардың
жалпы мөлшерiнiң кем дегенде 40 процентi инвестициялық
жекешелендiру қорларына сатылады";
8-тармақтың күшi жойылған деп танылсын.
II. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi