Мемлекеттiк шығыстарды ретке келтiру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344
U931344_
Жарлығына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 35, 405-құжат) мынадай
өзгертулер енгiзiлсiн:
3-тармақтың "б" тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда
жазылсын:
"- кезектi жылға арналған республика бюджетiнде белгiленген
мөлшерде және тәртiппен мемлекет мүлкiн жекешелендiруден алынатын
қаражат ұзақ мерзiмдi кредит ресурстары ретiнде";
аталған Жарлықпен бекiтiлген Жаңа тұрғын үй саясатының
мемлекеттiк бағдарламасы және оны жүзеге асыру тетiктерi
"Мемлекеттiк тұрғын үй саясаты" II бөлiмiнiң 8-тарауының
8,2,1-тармағындағы "1995" саны "2000" санымен алмастырылсын.
II. Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi