"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының
Z952155_
3-бабына
және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығының
Z952733_
15-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
1994 жылғы есебiн қарап, Қаулы етемiн:
1. "Артур Андерсен" аудиторлық фирмасының қорытындысы ескерiле
отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1994 жылғы қызметiнiң
нәтижелерi туралы қоса берiлiп отырған есебi 112514.0 млн. теңге
сомасындағы баланс валютасымен және 14495.1 млн. теңге сомасындағы
пайдасымен бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң:
- елдiң экономикасындағы төлемсiздiктер проблемаларын шешу, есеп
айырысулар жүйесiн оңтайландыру мен оларды ұйымдастырудың озық
нысандарын енгiзу;
- ұлттық банк жүйесiн нығайту және дамыту, коммерциялық
банктердiң қызметiн реттеудiң тиiмдi тетiгiн жасау;
- шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ақша-кредит саласындағы
қызметiн реттейтiн жаңа нормативтiк және нұсқаулық-методологиялық
базаны жасау саласындағы 1994 жылғы жеткiлiксiз жұмысы атап
көрсетiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi 1995 жылғы өз
қызметiнiң нәтижелерi туралы есептi Қазақстан Республикасы
Президентiнiң бекiтуiне 1996 жылдың 1 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс
етсiн. Бұл ретте Ұлттық Банктiң пайдасын бағыттаудың мынадай
нормативтерi негiзге алынсын:
- жарғылық қор - 0 процент;
- резервтiк қор - 0 процент;
- өндiрiстiк-әлеуметтiк даму қоры - 85 процент.
Пайданың қалған бөлiгi 1995 жылғы республикалық бюджет кiрiсiне
жатқызылсын.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төрағасы 1996 жылдың
iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына Республика
Ұлттық Банкiнiң жұмысы туралы есептi тоқсан сайын табыс ететiн болсын.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi (Б.К.Ерiшев)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсе отырып Ұлттық Банктiң
тоқсан сайынғы есептерiнiң нақты мерзiмi мен мазмұнын, сондай-ақ
елдiң ақша-кредит саласындағы және банк жүйесiндегi iстердiң жай-күйi
туралы ол дүркiн-дүркiн табыс етiп отыратын ақпараттың тiзбесiн
анықтасын.
Қазақстан Республикасының
Президентi