О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан "Об утверждении Правил создания, лицензирования, регулирования и прекращения деятельности ломбардов" от 5 сентября 2001 года N 332

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 августа 2002 года N 277. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 августа 2002 года N 1964. Утратило силу - постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 16 февраля 2004 года N 43 (V042765)

      В целях совершенствования нормативной правовой базы, регулирующей деятельность ломбардов в Республике Казахстан, Правление Национального Банка Республики Казахстан постановляет:
      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан  V011786_   "Об утверждении Правил создания, лицензирования, регулирования и прекращения деятельности ломбардов" от 5 сентября 2001 года N 332 следующие изменения и дополнения:
      в Правила создания, лицензирования, регулирования и прекращения деятельности ломбардов, утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 4) пункта 1 перед словом "прием" дополнить словом "покупку,";
      в пункте 8:
      подпункт 4) после слова "копии" дополнить словами "учредительных документов и";
     подпункты 6), 8) и 10) исключить;
     подпункт 7) изложить в следующей редакции:
     "7) правила об общих условиях проведения операций и внутренние правила ломбарда, разработанные в соответствии с требованиями банковского законодательства Республики Казахстан и настоящих Правил;";
     подпункт 3) пункта 13 исключить;
     пункт 17 дополнить вторым абзацем следующего содержания:
     "При этом помещение для осуществления деятельности ломбарда должно принадлежать ему на праве собственности либо быть арендованным на срок не менее двух лет.";
      первый абзац пункта 19 изложить в следующей редакции:
      "19. Отказ в выдаче лицензии производится по основаниям, предусмотренным законодательными актами Республики Казахстан.";
      дополнить пунктом 22-1 следующего содержания:
      "22-1. При утере лицензии ломбард имеет право на получение дубликата. Национальный Банк в течение десяти календарных дней производит выдачу дубликата лицензии по письменному заявлению ломбарда.
      Переоформление лицензии ломбарда Национальным Банком производится на основании его письменного заявления и документа, подтверждающего уплату лицензионного сбора за переоформление лицензии, в течение десяти рабочих дней с момента получения всех документов.
      Под переоформлением лицензии следует понимать замену ранее выданной лицензии по основаниям, предусмотренным законодательными актами Республики Казахстан.";
      пункт 25 после слов "а также Правил об общих условиях проведения операций филиалом" дополнить словами ", разработанных на основании и в рамках соответствующих правил ломбарда";
      пункт 31 дополнить вторым абзацем следующего содержания:
      "Решение вопроса о даче согласия на открытие ломбардом филиала принимается заместителем Председателя Национального Банка, курирующим подразделение банковского надзора.".
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту банковского и страхового надзора (Мекишев А.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан.
     4. Территориальным филиалам Национального Банка Республики Казахстан в трехдневный срок со дня получения довести настоящее постановление до сведения ломбардов.
     5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Сайденова А.Г.

        Председатель
     Национального Банка

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтар құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 332 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 1 тамыз N 277. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 29 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1964. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 43 (V042765) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ломбардтар құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 332 V011786_  қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Ломбардтар құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесінде:
      1-тармақтың "кепілге қабылдау," деген сөздердің алдынан "сатып алу," деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақта:
      4) тармақшадағы "нотариат куәландырған көшірмелері" деген сөздердің алдынан "және құрылтай құжаттарының" деген сөздермен толықтырылсын;
      6), 8) және 10) тармақшалар алынып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Қазақстан Республикасының банк заңдарының талаптарына сәйкес әзірленген операциялар жүргізудің жалпы шарттары мен ломбардтың ішкі ережелері және осы ереже;";
      13-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
      "Мұндайда ломбард қызметін жүзеге асыруға арналған үй-жай оның меншігінде болуы не кемінде екі жылға жалға алынған болуы керек.";
      19-тармақтың бірінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19. Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Ломбард лицензияны жоғалтқан жағдайда дубликат алуға құқылы. Ұлттық Банк ломбардтың жазбаша өтініші бойынша он күнтізбелік күн ішінде лицензияның дубликатын береді.
      Ұлттық Банк ломбардқа лицензияны оның жазбаша өтініші және лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың негізінде, барлық құжаттар алынған кезден бастап он жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді.
      Лицензияны қайта ресімдеуді бұрынғы берілген лицензияны Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша айырбастау деп түсіну керек.";
      25-тармақта "сондай-ақ" деген сөзден кейін "ломбардтың тиісті ережелері негізінде және шеңберінде әзірленген" деген сөздермен толықтырылсын;
      31-тармақ мынадай мазмұндағы екінші азатжолмен толықтырылсын:
      "Ломбардтың филиал ашуына келісім беру туралы мәселесі жөніндегі шешімді банктік қадағалау бөлімшесіне жетекшілік ететін Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары қабылдайды.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде ломбардтарға жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы