Об утверждении Инструкции "О прокурорском надзоре за законностью судебных актов по административным делам"

Приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 27 декабря 2002 года N 78. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 февраля 2003 года N 2168. Утратил силу приказом Генерального Прокурора Республики Казахстан от 12 августа 2010 года N 47

      Сноска. Утратил силу приказом Генерального Прокурора РК от 12.08.2010 N 47.

      В целях совершенствования организации и повышения эффективности прокурорского надзора за законностью судебных актов по административным делам, обеспечения законности принимаемых судами актов, руководствуясь ст. ст.11 , 18 и 30 Закона Республики Казахстан "О Прокуратуре", приказываю:

      1. Утвердить прилагаемую Инструкцию о прокурорском надзоре за законностью судебных актов по административным делам.

      2. Департаменту по надзору за законностью судебных актов и исполнительного производства по гражданским и административным делам принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего приказа и Инструкции о прокурорском надзоре за законностью судебных актов по административным делам.

      3. Приказ направить Главному военному прокурору, прокурорам областей, районов и приравненным к ним прокурорам.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан.

      5. Признать утратившими силу приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан от 11 декабря 2001 года N 136, от 17 октября 2002 года N 54.

      Генеральный Прокурор

Утверждена          
Приказом Генерального Прокурора
Республики Казахстан     
от 27 декабря 2002 года N 78 

Инструкция
"О прокурорском надзоре за законностью
судебных актов по административным делам"

      1. Настоящая Инструкция принята в целях надлежащей организации и осуществления эффективного надзора за законностью судебных актов по административным делам.
      2. Приоритетными направлениями в этой отрасли прокурорского надзора являются обеспечение защиты конституционных и иных охраняемых законом прав граждан и безопасности государства.
      3. Прокурор обязан в каждом случае нарушения законности принимать все предусмотренные Законом Республики Казахстан "О Прокуратуре" меры прокурорского надзора.
      4. Прокурор обязан принимать обязательное участие в суде по делам, когда это предусмотрено законом, признано необходимым судом, вышестоящим прокурором, возбужденным им самим, где затронуты интересы государства и его безопасность, о коррупционных правонарушениях, в том числе по делам о правонарушениях, посягающих на избирательные права, на общественный порядок и нравственность, общественную безопасность и здоровье населения, а также в области охраны окружающей среды, налогообложения, в сфере таможенного дела, в отношении несовершеннолетних лиц и о правонарушениях, влекущих арест.
      5. По делам, где участвует защитник, (в соответствии со статей  589 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях) участие прокурора также обязательно.
      6. По возбужденному прокуратурой административному производству участие прокурора в суде обеспечивать подразделению, проводившему проверку по данному делу. На него же возложить обязанность проверки законности судебных актов по этим делам и своевременное опротестование.
      7. При выявлении грубых нарушений законности по рассматриваемому делу участвующий прокурор обязан ходатайствовать перед судом о внесении акта в соответствующую организацию или должностным лицам о принятии мер по их устранению.
      8. Независимо от участия прокурора в судебном рассмотрении, в сроки до вступления в законную силу судебного акта, обязательно проверять законность всех судебных актов, вынесенных судами первой инстанции и при выявлении незаконных судебных актов принимать меры к его опротестованию.
      9. Своевременно принимать меры по необоснованно прекращенным производством административным делам и необоснованно освобожденным судом лицам от основной либо дополнительной меры ответственности. Ответственность за опротестование возлагается на руководителя прокуратуры.
      По результатам проверки законности состоявшегося судебного акта составлять мотивированное заключение, утвержденное руководителем прокуратуры. По выявленным фактам грубого нарушения законности решать вопрос о привлечении виновных лиц к установленной законом ответственности.
      10. При пересмотре судом судебных актов, не вступивших в законную силу, участие прокурора обеспечить по всем административным делам, в том числе при пересмотре по протестам.
      11. Прокурорам областей обеспечить квалифицированное поддержание протестов Генеральной прокуратуры Республики Казахстан с незамедлительным уведомлением о результатах его рассмотрения и направлением копии принятого судебного акта.
      12. Прокуроры, принимающие непосредственное участие в рассмотрении судами административных дел и имеющие классные чины, в судебном заседании должны быть в форменной одежде.
      13. Состояние прокурорского надзора по административным делам оценивать исходя из законности пересмотренных судебных актов первой инстанции по всем административным делам и эффективности их опротестования, исчисляемого из общего количества отмененных и измененных судебных актов в суде второй инстанции, кроме случаев уменьшения размера штрафных санкций без переквалификации их действий.
      14. Критерием оценки работы органов прокуратуры считать обеспечение качественного и квалифицированного участия в суде и своевременного опротестования состоявшихся необоснованных судебных актов.
      15. Ежеквартально анализировать состояние прокурорского надзора за законностью судебных актов по всем делам. Информацию об этой работе направлять в Генеральную прокуратуру Республики Казахстан к 7 числу после окончания отчетного периода.
      16. Прокурорам областей, районов и приравненным к ним обеспечивать подчиненных прокуроров материалами организационно-методического характера, распространять положительный опыт работы. Регулярно проводить учебно-методические мероприятия по повышению деловой и правовой квалификации работников прокуратуры, практиковать стажирование прокуроров. Активно выступать в средствах массовой информации.
      17. Департаменту по надзору за законностью судебных актов и исполнительного производства по гражданским и административным делам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан обеспечить руководство и контроль за деятельностью нижестоящих прокуратур, способствуя повышению эффективности работы в данном направлении. Осуществлять взаимодействие с другими подразделениями Генеральной прокуратуры РК, Верховным Судом РК, учебными и научными учреждениями.
      18. Надзор за применением законодательства по вопросам особого производства по делам лиц, обладающих дипломатическим иммунитетом от административной ответственности ( статьи 692 - 695 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях) возложить на Управление международных отношений.

Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2168. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының 2010 жылғы 12 тамыздағы N 47 бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасының 2010.08.12 N 47 бұйрығымен.

      Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды жетілдіру мен тиімділігін жоғарылату, сот қабылдаған актілердің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18 және 30-б.б. басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы ұсынылып отырған Нұсқау бекітілсін.
      2. Осы бұйрық пен Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы нұсқауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті шаралар қабылдасын.
      3. Бұйрық әскери прокурорға, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жіберілсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 136, 2002 жылғы 17 қазандағы N 54 бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры
      2-сыныпты мемлекеттік
      әділет кеңесшісі

Қазақстан Республикасы   
Бас Прокурорының     
2002 жылғы 27 желтоқсандағы
N 78 бұйрығымен     
БЕКІТІЛГЕН        

Әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы
НҰСҚАУ

      1. Осы Нұсқау әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалауды тиісті ұйымдастыру және тиімді жүргізуді жүзеге асыру мақсатында қабылданған.

      2. Конституциялық және заңмен қорғалатын өзге де азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету осы саладағы прокурорлық қадағалаудың басымдық бағыттары болып табылады.

      3. Заңдылықты бұзушылықтың әр жағдайында прокурор Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" заң күші бар Жарлығында қарастырылған прокурорлық қадағалаудың барлық шараларын қабылдауға міндетті.

      4. Егер бұл заңда көзделген болса, сот пен жоғары тұрған прокурор қажет деп тапқан жағдайда, мемлекеттің мүддесі мен оның қауіпсіздігіне қатысты, сыбайлас жемқорлық туралы өзі қозғаған істер бойынша, соның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты сайлау құқықтарына, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына қол сұғатын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, салық салу мен кедендік істер саласында құқық бұзушылықтар туралы және қамауға әкеп соқтыратын құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша прокурор сотта қатысуға міндетті.

      5. Сондай-ақ қорғаушы қатысатын (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 589-бабына сәйкес) істер бойынша прокурордың қатысуы міндетті.

      6. Прокуратура қозғаған әкімшілік өндіріс бойынша прокурордың сотта қатысуын осы іс бойынша тексеріс жүргізген бөлімше қамтамасыз етсін. Соған осы істер бойынша сот актілерінің заңдылығын тексеру мен дер кезінде наразылық келтіру міндеті жүктелсін.

      7. Қаралып жатқан іс бойынша заңдылықтың дөрекі бұзылуы анықталған жағдайда сотта қатысушы прокурор тиісті ұйымға акт енгізу туралы сот алдында немесе оларды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы лауазымды адамдар алдында өтініш етуге міндетті.

      8. Сот қарауына прокурордың қатысуына не қатыспауына қарамастан сот актісі заңды күшіне енгенге дейінгі мерзім ішінде бірінші сатылы соттармен қабылданған барлық сот актілерінің заңдылығы міндетті түрде тексерілсін және заңсыз сот актілері анықталған жағдайда оларға наразылық келтіруге шаралар қабылдансын.

      9. Сот өндірісін дәлелсіз қысқартқан істер бойынша және сот жауапкершіліктің негізгі немесе қосымша шараларынан дәлелсіз босатқан адамдар бойынша дер кезінде шаралар қабылдансын. Наразылық келтіру үшін жауапкершілік прокуратура басшылығына жүктеледі.
      Сот актісінің заңдылығын тексерудің нәтижесі бойынша прокуратура басшылығы бекіткен дәлелденген қорытынды құрылсын. Заңдылықтың дөрекі бұзылуы анықталған фактілер бойынша заңмен белгіленген жауапкершілікке айыптыларды жауапкершілікке тарту туралы мәселе шешілсін.

      10. Заңды күшіне енбеген сот актілерін сотта қайта қарау кезінде 2-тармақта көрсетілген істер мен наразылықтар бойынша прокурордың қатысуы қамтамасыз етілсін.

      11. Облыстық прокурорлар наразылықтарды қараудың нәтижелері туралы хабарлау мен сот актісінің көшірмесін кідіріссіз жолдаумен бірге Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының наразылығын білікті қолдауды қамтамасыз етсін.

      12. Әкімшілік істерді сотта қарауға тікелей қатысатын және сыныпты шені бар прокурорлар сот мәжілісінде формалық киімде болуы тиіс.

      13. Әкімшілік істер бойынша прокурорлық қадағалаудың жағдайына бірінші сатылы соттың барлық әкімшілік істер бойынша қайта қаралған сот актілерінің заңдылығын және олардың әрекеттерін өзгертусіз айыппұл санкциясының көлемін азайту жағдайларынан басқа, екінші сатылы сотпен бұзылған және өзгертілген сот актілерінің санынан есептелетін наразылық келтірудің тиімділігі есепке алынып, баға берілсін.

      14. Прокуратура органдарының жұмысын бағалау критериясы деп сотта сапалы және білікті қатысуды және дәлелсіз сот актілеріне дер кезінде наразылық келтіруді қамтамасыз ету саналсын.

      15. Барлық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың жағдайына тоқсан сайын талдау жасалсын. Осы жұмыс туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына есеп кезеңі аяқталғаннан кейін 7 күні жолдансын.

      16. Облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорлар бағынышты прокурорларды ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы материалдармен қамтамасыз етсін, жұмыстың озық тәжірибесін таратсын. Прокуратура қызметкерлерінің іскерлік және құқықтық біліктілігін жоғарылату жөнінде оқу-әдістемелік іс-шаралар жүргізсін, прокурорларды сынақтан өткізуді дағдыға айналдырсын. Бұқаралық ақпарат құралдарына белсенді қатыссын.

      17. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік жасай отырып, төмен тұрған прокуратуралардың қызметіне басшылықты және бақылауды қамтамасыз етсін. ҚР Бас прокуратурасының басқа бөлімшелерімен, ҚР Жоғарғы Сотымен, оқу және ғылыми мекемелерімен бірге өзара іс-қимылдарды жүзеге асырсын.

      18. Әкімшілік жауапкершіліктен (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 692 - 695 б.б.) дипломатиялық сақтандыруға ие адамдардың істері бойынша ерекше өндіріс мәселелері жөнінде заңдылықтың қолданылуын қадағалау Халықаралық қатынастар басқармасына жүктелсін.