2079 нөмiрмен тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 608 Салық есептiлiгiн жасау Ережелерiн бекiту туралы" бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
Қазақстан Республикасыының Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 20 қаңтардағы N 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2163. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2003 жылғы 3 желтоқсандағы N 493 (V032628) бұйрығымен. Бұйрық 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 608 "Салық есептiлiгiн жасау Ережелерiн бекiту туралы"
бұйрығына
(2002 жылғы 10 желтоқсанда 2079 нөмiрмен тiркелген) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген, Салық кезеңiнiң қорытындысы бойынша заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерiндегi корпорациялық табыс салығы мен аванстық төлемдер сомасының Есебiн жасау ережелерiнде (101.07-101.08-нысандар):
N 2 қосымшаның "Есеп" бөлiмiнде 101.08.001 жолының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Филиал/өкiлдiк/оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер үшiн төленуге жататын салық сомасы".
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң Әдiстеме басқармасы (М.В. Бачурина) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
3. Осы Бұйрық оны мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Төраға