О внесении изменений и дополнения в совместное постановление Правлений Национального Банка Республики Казахстан от 24 января 2004 года № 10 и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 24 января 2004 года № 29 "О перечне, формах и сроках представления и публикации годовой финансовой отчетности банками второго уровня", зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан под № 2702

Совместное постановление Правлений Национального Банка Республики Казахстан от 12 апреля 2004 г. № 56 и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 12 апреля 2004 г. № 117. Зарегистрировано Министерством юстиции Республики Казахстан 11 мая 2004 года № 2839. Утратило силу совместным постановлением Правлений Национального Банка Республики Казахстан от 15 марта 2005 года № 35 и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 марта 2005 года № 43

      Сноска. Утратило силу совместным постановлением Правлений Национального Банка РК от 15.03.2005 № 35 и Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15.03.2005 № 43 (вводится в действие со дня введения в действие постановления Правления Национального Банка РК от 14.02.2005 № 25).

      В соответствии со  статьей 8  Закона Республики Казахстан "О Национальном Банке Республики Казахстан",  статьей 9  Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций",  статьями 54  и  55 Закона  Республики Казахстан "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан",  статьей 18  Закона Республики Казахстан "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности", Правление Национального Банка Республики Казахстан (далее - Национальный Банк) и Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) постановляют:

      1. Внести в совместное  постановление Правлений Национального Банка Республики Казахстан от 24 января 2004 года N 10 и Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 24 января 2004 года N 29 "О перечне, формах и сроках представления и публикации годовой финансовой отчетности банками второго уровня" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2702, опубликованное 16-29 февраля 2004 года в изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана") следующие изменения и дополнение:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      "1. Банкам второго уровня (далее - банки), не имеющим дочернюю организацию, ежегодно представлять в Агентство Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство):
      неконсолидированную годовую финансовую отчетность, составленную согласно пункту 2 настоящего совместного постановления;
      неконсолидированную годовую финансовую отчетность, подтвержденную аудиторской организацией.
      Банкам, имеющим дочернюю организацию, представлять в Агентство:
      неконсолидированную и консолидированную годовую финансовую отчетность, составленную согласно пункту 2 настоящего совместного постановления;
      консолидированную годовую финансовую отчетность, подтвержденную аудиторской организацией.";
      в пункте 2:
      в подпункте 5) после слов "финансовой отчетности" дополнить словами "с пояснением различий, возникших с неконсолидированной (консолидированной) годовой финансовой отчетностью, подтвержденной аудиторской организацией";
      абзац седьмой изложить в следующей редакции:
      "Годовая финансовая отчетность, в том числе подтвержденная аудиторской организацией и аудиторское заключение представляется банками в срок до 15 апреля.".

      2. Настоящее совместное постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту бухгалтерского учета Национального Банка (Шалгимбаева Н.Т.):
      1) совместно с Юридическим департаментом Национального Банка (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего совместного постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего совместного постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка и Агентства.

      4. Департаменту стратегии и анализа Агентства (Еденбаев Е.С.) в четырнадцатидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего совместного постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства и банков второго уровня.

      5. Управлению по обеспечению деятельности руководства Национального Банка Республики Казахстан (Терентьев А.Л.) в трехдневный срок со дня получения настоящего совместного постановления принять меры к опубликованию его в печатных изданиях Национального Банка. 

      6. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Абдулину Н.К. (по пунктам 3) и заместителя Председателя Агентства Бахмутову Е.Л. (по пункту 4).

          Председатель            Председатель Агентства
      Национального Банка         Республики Казахстан
      Республики Казахстан        по регулированию и надзору
                                  финансового рынка
                                  и финансовых организаций

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2702 тіркелген, "Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10 және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 29 бірлескен қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 56, Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 117 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2839. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2005 жылғы 15 наурыздағы N 35 және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 15 наурыздағы N 43 бірлескен қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2005.03.15 N 35 және ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005.03.15 N 43 бірлескен қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 9-бабына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54 және 55-баптарына, "Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) қаулы етеді:

      1. "Екінші деңгейдегі банктердің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 10 және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы N 29 бірлескен қаулыларына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2702 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2004 жылғы 16-29 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Еншілес ұйымы жоқ екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) жыл сайын:
      осы бірлескен қаулының 2-тармағына сәйкес жасалынған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті;
      аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті ұсынатын болсын.
      Еншілес ұйымы бар банктер Агенттікке:
      осы бірлескен қаулының 2-тармағына сәйкес жасалынған шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті;
      аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті ұсынатын болсын.";

      2-тармақта:
      5) тармақшадағы "қаржылық есепке" деген сөздерден кейін "аудиторлық ұйым растаған, шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есеппен туындаған айырмашылықтардың түсініктемесі бар," деген сөздермен толықтырылсын;
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Банктер жылдық қаржылық есепті, оның ішінде аудиторлық ұйыммен расталған есепті және аудиторлық қорытындыны 15 сәуірге дейін мерзімде ұсынады".

      2. Осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және Агенттікке жіберсін.

      4. Агенттіктің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.) осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы бірлескен қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Ұлттық Банктің баспа басылымдарында жариялау шараларын қабылдасын.

      6. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға (3-тармақ бойынша) және Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға (4-тармақ бойынша) жүктелсін.

       Қазақстан Республикасы          
      Ұлттық Банкінің Төрағасы 

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау жөніндегі
      агенттігінің төрағасы