О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2000 года № 301 "Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы)"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 декабря 2004 года N 202. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 января 2005 года N 3392. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 декабря 2015 года № 228

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 228 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

     В целях приведения нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан в соответствие с законодательством Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ :
     1. В постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 20 июля 2000 года № 301 «Об утверждении Правил замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы)» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 1232, опубликованное 28 августа - 10 октября 2000 года в печатных изданиях Национального Банка Республики Казахстан «Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы» и «Вестник Национального Банка Казахстана» ; с изменениями, утвержденными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 сентября 2001 года № 376 , зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 1671, опубликованное 5-18 ноября 2001 года в печатных изданиях Национального Банка Республики Казахстан «Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы» и «Вестник Национального Банка Казахстана», от 25 июля 2003 года № 234 , зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 2457, опубликованное 11-24 августа 2003 года в печатных изданиях Национального Банка Республики Казахстан «Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы» и «Вестник Национального Банка Казахстана»), внести следующие изменения:
     в преамбуле слова «Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу закона «О Национальном Банке Республики Казахстан» заменить словами « Закона Республики Казахстан «О Национальном Банке Республики Казахстан»;
     в Правилах замены находящихся в обращении денежных знаков национальной валюты при изменении их дизайна (формы), утвержденные указанным постановлением:
     в пункте 1 слова «Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу закона «О Национальном Банке Республики Казахстан» заменить словами «Законом Республики Казахстан «О Национальном Банке Республики Казахстан»;
     пункты 17, 18, 19 и 20 изложить в следующей редакции:
     «17. Со дня введения в обращение денежного знака нового образца филиалы Национального Банка:
     1) открывают лицевые счета по соответствующим субсчетам балансовых счетов: 105 000 «Изготовленные банкноты и монеты национальной валюты для подкрепления подразделений Национального Банка», 107 000 «Ветхие банкноты и дефектные (поврежденные) монеты национальной валюты в хранилище подразделения Национального Банка», 305 000 «Изготовленные банкноты и монеты национальной валюты для подкрепления подразделения Национального Банка до выпуска в обращение», 307 000 «Ветхие банкноты и дефектные (поврежденные) монеты национальной валюты в хранилище подразделения Национального Банка, изъятые из обращения» - для учета сумм денежных знаков старого и нового образца;
     2) учитывают в оборотной кассе на лицевом счете по соответствующим субсчетам балансового счета 101 000 «Банкноты и монеты национальной валюты в кассе подразделения Национального Банка» неполные пачки денежных знаков старого образца, исключая при этом их из лимита остатка оборотной кассы.
     18. После завершения периода параллельного обращения денежных знаков нового и старого образцов все денежные знаки старого образца, в том числе и неполные пачки, находящиеся в оборотной кассе, должны быть зачислены на лицевые счета по субсчетам соответствующих балансовых счетов Национального Банка.
     19. Денежные знаки старого образца, поступающие в филиалы Национального Банка после завершения периода параллельного обращения денежных знаков нового и старого образцов, в тот же день должны быть зачислены в оборотную кассу филиала Национального Банка на лицевой счет по соответствующему субсчету балансового счета 101 000 «Банкноты и монеты национальной валюты в кассе подразделения Национального Банка» и в тот же день зачисляются на лицевые счета соответствующих субсчетов по балансовым счетам 107 000 «Ветхие банкноты и дефектные (поврежденные) монеты национальной валюты в хранилище подразделения Национального Банка» и 307 000 «Ветхие банкноты и дефектные (поврежденные) монеты национальной валюты в хранилище подразделения Национального Банка, изъятые из обращения».
     20. По мере изъятия из обращения денежных знаков старого образца их уничтожение производится в порядке, установленном нормативными правовыми актами Национального Банка.».

     2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

     3. Управлению по работе с наличными деньгами (Мажитов Д.М.):
     1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
     2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.
     4. Управлению по обеспечению деятельности руководства Национального Банка Республики Казахстан (Терентьев А.Л.) в трехдневный срок со дня получения настоящего постановления принять меры к опубликованию его в средствах массовой информации Республики Казахстан.
     5. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Айманбетову Г.З.

     Председатель
     Национального Банка

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы N 202 қаулысы. Қазастан Республикасының Әділет министрілінде 2005 жылғы 26 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 3392. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 228 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 228 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1232 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2000 жылғы 28 тамыз - 10 қазанда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1671 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2001 жылғы 5-18 қарашада жарияланған 2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 376 және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2457 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспа басылымдарында 2003 жылғы 11-24 тамызда жарияланған 2003 жылғы 25 шілдедегі N 234 қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен бірге) мынадай өзгерістер енгізілсін:

     кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заң күші бар Жарлығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;

     көрсетілген қаулымен бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде:
     1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын;

     17, 18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "17. Жаңа үлгідегі ақша белгілері айналысқа енгізілген күннен бастап Ұлттық Банктің филиалдары:
     1) ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің сомаларын есепке алу үшін баланстық шоттардың тиісті субшоттары бойынша жеке шоттар ашады: "Ұлттық Банк бөлімшелерін толықтыру үшін дайындалған ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 105 000, "Ұлттық Банк бөлімшелерінің қоймасындағы ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 107 000, "Ұлттық Банк бөлімшелерін толықтыру үшін айналысқа шығарылғанға дейін дайындалған ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 305 000, "Ұлттық Банк бөлімшелерінің қоймасындағы айналыстан алынған ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 307 000;
     2) "Ұлттық Банк бөлімшесінің кассасындағы ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 101 000 баланстық шоттың тиісті субшоттары бойынша айналым кассасындағы жеке шотқа ескі үлгідегі ақша белгілерінің толық емес бумаларын есепке алады, мұндайда оларды айналым кассасы қалдығының лимитінен шығарады.

     18. Жаңа және ескі үлгілердегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі барлық ақша белгілері, оның ішінде айналым кассасындағы толық емес бумалар да Ұлттық Банктің тиісті баланстық шоттарының субшоттары бойынша жеке шотқа есептелуге тиіс.

     19. Ұлттық Банктің филиалдарына түскен ескі үлгідегі ақша белгілері жаңа және ескі үлгілердегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін сол күні "Ұлттық Банк бөлімшесінің кассасындағы ұлттық валютаның банкноттары мен монеталары" 101 000 баланстық шоттың тиісті субшоттары бойынша Ұлттық Банктің айналым кассасындағы жеке шотқа есептелуге тиіс және сол күні "Ұлттық Банк бөлімшесінің қоймасындағы ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 107 000 және "Ұлттық Банк бөлімшесінің қоймасындағы айналыстан алынған ұлттық валютаның тозған банкноттары және ақаулы (бүлінген) монеталары" 307 000 баланстық шоттар бойынша тиісті субшоттардың жеке шоттарына есептеледі.

     20. Ескі үлгідегі ақша белгілерінің айналыстан алынуына қарай оларды жою Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.".

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

     3. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Мәжитов Д.М.):
     1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

     4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З.Айманбетоваға жүктелсін.

     Ұлттық Банк
     Төрағасы