О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Национального Банка Республики Казахстан по вопросам осуществления банками второго уровня операций с переводными и простыми коммерческими векселями

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 мая 2005 года N 61. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 июня 2005 года N 3684

        В целях приведения нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан в соответствие с законодательными актами Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. В  постановление  Правления Национального Банка Республики Казахстан от 15 ноября 1999 года N 396 "Об утверждении Правил учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1015, опубликованное 1-14 января 2000 года в официальных изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана") внести следующие изменения и дополнения:

      в Правилах учета векселей банками второго уровня Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      "Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан " О вексельном  обращении в Республике Казахстан", " О банках  и банковской деятельности в Республике Казахстан" и регулируют порядок учета переводных и простых коммерческих векселей (далее - векселя) банками второго уровня Республики Казахстан (далее - банки).";
      в пункте 6 слова "Национального Банка Республики Казахстан (далее - Национальный Банк)" заменить словами "уполномоченного органа по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган)";
      в пункте 8 слово "Закона" заменить словами "Закона Республики Казахстан "О вексельном обращении в Республике Казахстан (далее - Закон)";
      пункт 10 исключить;
      в подпункте 4) пункта 11 слова "действующему законодательству" заменить словами "законодательству Республики Казахстан";
      подпункт 6) пункта 16 исключить;
      в пункте 20 слова "сделки купли-продажи товаров" заменить словами "договоров купли-продажи товаров, выполнения работ, оказания услуг (за исключением финансовых услуг)";
      пункт 44 изложить в следующей редакции:
      "44. Банк классифицирует все учитываемые векселя по уровню классности эмитентов, а также формирует провизии по учитываемым векселям в соответствии с нормативным правовым актом уполномоченного органа, регулирующим порядок и условия классификации активов, условных обязательств и создания провизий (резервов) против них.";
      пункты 45 и 46 исключить;
      в пункте 47:
      в абзаце первом после слов "с векселями," дополнить словами "принятыми к учету и";
      в подпункте 2) слова ", в том числе использовать вексель для погашения задолженности перед иностранным кредитором" исключить;
      в подпункте 3) после слов "Национальный Банк" дополнить словами "Республики Казахстан (далее - Национальный Банк)";
      в пункте 49:
      слово "осуществляется" заменить словом "осуществляются";
      после слова "законодательством" дополнить словами "Республики Казахстан";
      пункт 51 после слова "(банки)" дополнить словами ", имеющие лицензию Национального Банка на проведение валютных операций,";
      пункт 53 изложить в следующей редакции:
      "53. За неисполнение или ненадлежащее исполнение требований настоящих Правил банк несет ответственность в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан.
      Вопросы, не урегулированные настоящими Правилами, разрешаются в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.";
      пункты 54 и 55 исключить.

      2. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 31.12.2015 № 261 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Департаменту платежных систем (Мусаев Р.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата, территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня и организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Елемесова А.Р.

       Председатель
  Национального Банка

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің аударым және жай коммерциялық вексельдермен операцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 13 мамырдағы N 61 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3684

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келтіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің вексельдер есебін жүргізу ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 қарашадағы N 396 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1015 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" ресми басылымдарында 2000 жылғы 1-14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің вексельдер есебін жүргізу ережесінде:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (бұдан әрі - банктер) аударым және жай коммерциялық вексельдерін (бұдан әрі - вексельдер) есепке алу тәртібін реттейді.";
      6-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақтағы "Заңның" деген сөз "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ алынып тасталсын;
      11-тармақтың 4) тармақшасындағы "қолданылып жүрген заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
      20-тармақтағы "тауар сатып алу-сату мәмiлесi" деген сөздер "тауарлар сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызмет көрсету (қаржылық қызмет көрсетуді қоспағанда) шарттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "44. Банк активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру тәртібі мен талаптарын реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес эмитенттердің кластық деңгейі бойынша есепке алынатын барлық вексельдерді жіктейді, сондай-ақ есепке алынатын вексельдер бойынша провизиялар қалыптастырады.";
      45 және 46-тармақтар алынып тасталсын;
      47-тармақтың:
      бірінші абзацындағы "Банк" деген сөзден кейін "есепке қабылданған және" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшадағы ", оның iшiнде вексельдi шетел кредиторына берешектi өтеу үшiн пайдалануды" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) тармақшадағы "Ұлттық Банкке" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 49-тармақтағы "жүзеге асырылады" деген сөздер өзгермейді;
      "заңда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңнамасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      51-тармақтағы "Есеп жүргiзу кеңселерi" деген сөздер "Валюталық операциялар жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы бар есеп жүргізу кеңселері" деген сөздермен ауыстырылсын;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "53. Банк осы Ереженің талаптарын орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапкершілік атқарады.
      Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.";
      54 және 55-тармақтар алынып тасталсын.
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы