О внесении изменений и дополнений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 июня 2002 года № 211 "Об утверждении Инструкции о требованиях к методике расчета страховых резервов страховых (перестраховочных) организаций Республики Казахстан"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 15 апреля 2006 года № 103. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 мая 2006 года № 4227. Утратило силу постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 апреля 2010 года № 61.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Агентства РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30.04.2010 № 61 (вводится в действие с 01.01.2011).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих актуарную деятельность на страховом рынке, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство)  ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в  постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 3 июня 2002 года N 211 "Об утверждении Инструкции о требованиях к методике расчета страховых резервов страховых (перестраховочных) организаций Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 1921, с изменениями и дополнениями, внесенными  постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 6 декабря 2003 года N 433, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 2634,  постановлением Правления Агентства от 26 марта 2005 года N 101, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 3594), следующие изменения и дополнения:
      в  Инструкции о требованиях к методике расчета страховых резервов страховых (перестраховочных) организаций Республики Казахстан, утвержденной указанным постановлением:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      "Настоящая Инструкция о требованиях к методике расчета страховых резервов страховых (перестраховочных) организаций Республики Казахстан (далее - Инструкция) разработана в соответствии с пунктом 8  статьи 46 и пунктом 3  статьи 47 Закона Республики Казахстан "О страховой деятельности" и определяет структуру страховых резервов для страховых (перестраховочных) организаций и требования к методике расчета страховых резервов, в том числе расчета доли перестраховщика в страховых резервах.";
      в пункте 11 слова "по классам добровольного и обязательного медицинского страхования" заменить словами "по классу страхования на случай болезни";
      пункт 13 дополнить словами ", за исключением класса ипотечного страхования, по которому расчет РПНУ производится в соответствии с пунктом 14-1 настоящей Инструкции";
      дополнить пунктом 14-1 следующего содержания:
      "14-1. По классу ипотечного страхования величина РПНУ составляет не менее 60% от суммы базовой страховой премии, начисленной по договорам страхования (перестрахования) за последние двенадцать месяцев, предшествующих дате расчета.";
      пункт 15 после слов "Заявленная претензия" дополнить словами "с указанием размера убытка по данной претензии";
      пункт 20 после слов "по каждому договору страхования (перестрахования)," дополнить словами "за исключением договоров страхования жизни с участием страхователя в инвестиционном доходе страховщика, в случаях, когда страховая организация не покрывает риск смерти застрахованного,";
      в пункте 21 слова "от несчастного случая и болезней и по классу медицинского страхования" заменить словами "от несчастных случаев и по классу страхования на случай болезни";
      пункт 32-4:
      абзац первый после слов "по каждому классу страхования" дополнить словами ", за исключением класса ипотечного страхования,";
      дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "По договорам ипотечного страхования, переданным на перестрахование в данном классе страхования, размер доли перестраховщика в РПНУ составляет не менее 60% от суммы базовой страховой премии, начисленной по договорам перестрахования за последние двенадцать месяцев, предшествующих дате расчета.";
      пункт 32-7:
      абзац первый после слов "по каждому классу страхования" дополнить словами ", за исключением класса ипотечного страхования,";
      дополнить абзацем третьим следующего содержания:
      "По договорам ипотечного страхования, переданным на перестрахование в данном классе страхования, размер доли перестраховщика в РПНУ составляет не менее 60% от суммы базовой страховой премии, начисленной по договорам перестрахования за последние двенадцать месяцев, предшествующих дате расчета.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      3. Департаменту надзора за субъектами страхового рынка и другими финансовыми организациями (Каримуллин А.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Байсынов М.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений Агентства, страховых (перестраховочных) организаций, актуариев и Объединения юридических лиц "Ассоциации финансистов Казахстана".

      4. Отделу международных отношений и связей с общественностью (Пернебаев Т.Ш.) принять меры к публикации настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Узбекова Г.Н.

      Председатель

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 103 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 12 мамырда тіркелді. Тіркеу N 4227. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу мен қадалағау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 30 сәуірдегі N 61 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу мен қадалағау агенттігі Басқармасының 2010.04.30 N 61 Қаулысымен.

      Сақтандыру нарығында актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2634 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 433  қаулысымен , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3594 тіркелген Агенттік Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 101  қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы Нұсқаулықта:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптар туралы осы нұсқаулық "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  46-бабының 8-тармағына және  47-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына арналған сақтандыру резервтерінің құрылымын және сақтандыру резервтерін есептеу, соның ішінде қайта сақтандырушының сақтандыру резервтеріндегі үлесін есептеу әдістемесіне қойылатын талаптарды айқындайды.";

      11-тармақтағы "ерікті және міндетті медициналық сақтандырудың кластары бойынша" деген сөздер "ауырған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-тармақта "жинақталған статистикасын ескере отырып," деген сөздерден кейін "ОМШР-дің есебі осы Нұсқаулықтың 14-1-тармағына сәйкес жасалатын ипотекалық сақтандыру сыныбын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      "14-1. Ипотекалық сақтандыру сыныбы бойынша ОМШР көлемі есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі ай үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақы сомасының 60%-нан кем емес болады.";

      15-тармақта "Мәлімделген шағым-талап" деген сөздерден кейін "осы шағым-талап бойынша шығын мөлшерін көрсете отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

      20-тармақта "әрбір сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша" деген сөздерден кейін ", сақтандыру ұйымы сақтандырылушының қайтыс болу тәуекелін өтемеген жағдайларда, сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру шарттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      21-тармақтағы "жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сыныбы бойынша және медициналық сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздер "жазатайым жағдайдан сақтандыру сыныбы бойынша және ауырған жағдайда сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32-4-тармақ:
      бірінші абзацта "әрбір сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздерден кейін ", ипотекалық сақтандыру сыныбын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сақтандырудың осы сыныбы бойынша қайта сақтандыруға берілген ипотекалық сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының ОМШР-дегі үлесінің мөлшері есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі ай үшін қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақы сомасының 60%-нан кем емес болады.";

      32-7-тармақта:
      бірінші абзацта "әрбір сақтандыру сыныбы бойынша" деген сөздерден кейін ", ипотекалық сақтандыру сыныбын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Сақтандырудың осы сыныбы бойынша қайта сақтандыруға берілген ипотекалық сақтандыру шарттары бойынша қайта сақтандырушының ОМШР-дегі үлесінің мөлшері есеп айырысу күнінің алдындағы соңғы он екі ай үшін қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақы сомасының 60%-нан кем емес болады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаментi (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментiмен (Байсынов М.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Агенттіктің мүдделi бөлiмшелерiне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, актуарийлерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н.Өзбековке жүктелсін.

       Төраға