Об утверждении Правил конкурсного отбора университетов, внедряющих инновационные образовательные программы

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 декабря 2007 года N 631. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 03 января 2008 года N 5077. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 января 2009 года N 20

       Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 23.01.2009 N 20.

      В соответствии с подпунктом 7) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ :

      1. Утвердить прилагаемые Правила конкурсного отбора университетов, внедряющих инновационные образовательные программы.

      2. Департаменту высшего и послевузовского образования (Омирбаев С.М.) представить настоящий приказ в установленном порядке на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра Шамшидинову К.Н.

      Министр

Утверждены                
приказом Министра образования и науки
Республики Казахстан          
от 14 декабря 2007 года N 631     

Правила
конкурсного отбора университетов, внедряющих
инновационные образовательные программы 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила конкурсного отбора университетов, внедряющих инновационные образовательные программы (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 7) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" в целях определения критериев конкурсного отбора и порядка проведения конкурса среди университетов, внедряющих инновационные образовательные программы.

2. Требования к участникам конкурса

      2. Университеты, участвующие в конкурсе, должны соответствовать следующим критериям:

      1) иметь стратегические программы развития и внедрившие систему менеджмента качества;

      2) иметь в своем активе премии международного и национального уровней;

      3) осуществлять научные и научно-технологические проекты, в том числе с зарубежными партнерами;

      4) иметь научно-исследовательские институты и штат ученых сотрудников;

      6) обладать научными объектами, установками с открытым доступом;

      7) обладать широким спектром образовательных программ вузовского, послевузовского уровней образования и дополнительных программ;

      8) обладать системой поддержки коммерциализации научной деятельности;

      9) иметь развитую информационную базу, вэб-порталами, развитой компьютерной сетью с выходом в Интернет.

3. Порядок объявления конкурса

      3. Уполномоченный орган в области образования объявляет проведение конкурсного отбора через средства массовой информации.
      4. Объявление о проведении конкурса должно содержать следующие сведения:
      1) наименование уполномоченного органа с указанием его местонахождения, почтового адреса, номеров телефонов и факса;
      2) сроки приема документов (тридцать календарных дней с момента публикации объявления о проведении конкурса);
      3) дату, время и место проведения конкурса;
      4) перечень документов, прилагаемых к заявлению об участии в конкурсе.

4. Порядок формирования конкурсной комиссии

      5. Создание конкурсной комиссии по отбору университетов, внедряющих инновационные образовательные программы (далее - комиссия), ее состав, утверждается приказом руководителя уполномоченного органа в области образования.

      6. В состав комиссии входят: председатель, заместитель председателя, секретарь и члены комиссии. Состав комиссии должен составлять не менее девяти человек.

      7. В состав комиссии привлекаются независимые эксперты, специалисты и ведущие ученые республики.

      8. Состав комиссии и сроки представления документов для участия в конкурсе ежегодно утверждаются приказом Министра образования и науки Республики Казахстан.

      9. В Конкурсе могут участвовать все университеты Республики Казахстан.

5. Порядок проведения конкурса

      10. Университет, принимающий участие в конкурсе, в сроки, указанные в объявлении о проведении конкурса, предоставляет комиссии следующие документы:
      1) заявку на участие в Конкурсе;
      2) проект документации на присвоение статуса инновационного университета;
      3) копию свидетельства о государственной регистрации юридического лица;
      4) копию лицензии на право осуществления образовательной деятельности;
      5) копию устава университета;
      6) показатели кадрового потенциала;
      7) копии международных договоров;
      8) сведения о выполнении государственных бюджетных научно-исследовательских работ.

      11. Комиссия оценивает и сопоставляет представленные документы участников на соответствие предъявляемым критериям.

      12. В случае необходимости комиссия запрашивает от университета дополнительные сведения.

      13. Решение комиссии принимается большинством голосов от общего числа членов комиссии. При равенстве голосов, голос председателя комиссии является решающим.
      Принятое комиссией решение оформляется в виде протокола, который подписывается всеми членами комиссии.

      14. Итоги конкурсного отбора публикуются в средствах массовой информации не позднее семи дней, после объявления результатов конкурса.

      15. Решение Комиссии может быть обжаловано в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттердің конкурстық іріктеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 631 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5077 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы N 20 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің министрінің 2009.01.23 N 20 бұйрығымен.

      ------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2008 жылғы 16 қаңтардағы N 20-55/П-8629 тапсырмасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 631 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 3 қаңтарда N 5077 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының атқарушы және орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2008 жылғы 27 сәуірде N 3 болып жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Ж. Түймебаев

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу ережесі бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (C. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н.Шәмшидиноваға жүктелсін.

      Министр

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің 
2007 жылғы 14 желтоқсанда   
N 631 бұйрығымен бекітілген  

Инновациялық білім беру бағдарламаларын
енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеуді өткізудің тәртібі мен өлшемдерін айқындайды.

2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап

      2. Конкурсқа қатысушы университеттер төмендегі өлшемдер бойынша іріктеледі:
      1) стратегиялық бағдарламасы дамыған менеджмент сапасының жүйесі енгізілуі тиіс;
      2) халықаралық және ұлттық деңгейде сыйақысы бар болуы керек;
      3) ғылыми және ғылыми-технологиялық жобаларды, оның ішінде шетелдік серіктестіктермен өткізілуі тиіс;
      4) ғылыми-зерттеу институты және ғылыми қызметкерлердің штат кестесі болуы тиіс;
      5) құрылған ашық құрал-жабдықтары бар ғылыми объектісі болуы тиіс;
      6) әр түрлі отандық және шетелдік университеттер мен белсенді қызметтес шарттар болуы тиіс;
      7) жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламаларының болуы;
      8) ғылыми қызметті коммерциализациялауды қолдау жүйесі болуы тиіс;
      9) жетілген ақпараттық базасы, Web-порталы, Интернетке қосылған компьютер желісі болуы тиіс.

3.Конкурсқа хабарландыру беру тәртібі

      3. Білім саласындағы уәкілетті орган конкурстық іріктеуді өткізуге бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру жібереді.

      4. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерден тұруы тиіс:
      1) өтінімдерді қабылдайтын уәкілетті органдардың мекен-жайы (қажет болған жағдайда қабылдау уақыты, бөлменің нөмірі, байланыс телефонының нөмірі көрсетілуі тиіс);
      2) өтінімдерді қабылдаудың мерзімі (конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққаннан кейін отыз күнтізбелік күн);
      3) конкурс өткізудің күні, уақыты және орны;
      4) конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса құжаттардың тізімі.

4. Конкурстық комиссияның қалыптасуының тәртібі

      5. Инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізетін университеттерді конкурстық іріктеу құрылған конкурстық комиссияның (бұдан әрі - комиссия) құрылуы және оның құрамы білім саласындағы уәкілетті органның басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      6. Комиссияның құрамына: төраға, төрағаның орынбасары, хатшысы және мүшелері кіреді. Комиссияның құрамының саны кем дегенде тоғыз адамнан аспауы қажет.

      7. Комиссияның құрамына тәуелсіз сарапшылар, мамандар және республикадаға жетекші мамандар тартылады.

      8. Конкурсқа қатысатын комиссияның құрамы және құжат тапсыру уақыты жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.

      9. Конкурсқа Қазақстан Республикасының барлық университеттері қатыса алады.

5. Конкурсты өткізу тәртібі

      10. Конкурсқа қатысушы университет конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға төмендегі құжаттарды тапсырады:
      1) конкурсқа қатысуға өтінім;
      2) инновациялық университеттің мәртебесін беру туралы құжаттардың жобасы;
      3) мемлекеттік тіркеуден өткен заңды тұлғаның көшірмесі;
      4) білім беруді іске асыруға құқығы бар лицензияның көшірмесі;
      5) университеттің жарғысының көшірмесі;
      6) потенциалды кадрлардың көрсеткіштері;
      7) халықаралық келісім-шарттардың көшірмелері;
      8) мемлекеттік бюджеттен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындағаны туралы мәлімет.

      11. Комиссия тапсырылған құжаттарды барлық жағынан ақпараттың дұрыстығын, белгіленген талаптарға өлшемдерінің сәйкестігін анықтап бағалайды.

      12. Қажет болған жағдайда конкурстық комиссия университеттерден қосымша мәліметтер сұратады.

      13. Комиссиялардың шешімі қарапайым көпшілік дауыстармен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
      Комиссияның шешімі отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері және хатшысы қол қоятын хаттамалармен ресімделеді.

      14. Конкурстық іріктеуінің оң қортындысын алған университеттердің қортындылары хабарландыру шыққаннан кейін жеті күнге дейін баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      15. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағымдануына болады.