О льготном проезде на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения

Решение Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 31 марта 2008 года N 6-10. Зарегистрировано Управлением юстиции города Уральска Западно-Казахстанской области 10 апреля 2008 года N 7-1-86. Утратило силу - решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 31 марта 2009 N 15-10

      Сноска. Утратило силу - Решением Уральского городского маслихата Западно-Казахстанской области от 31.03.2009 N 15-10.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 6, пунктом 4 статьи 47 Закона Республики Казахстан "Об образовании", пунктом 4) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан" и руководствуясь подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" Уральский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить право льготного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) обучающимся и воспитанникам организаций образования очной формы обучения города Уральска.
      2. Обеспечить выделение средств из бюджета города Уральска на 2008 год в сумме 114 052 (сто четырнадцать миллионов пятьдесят две) тысяч тенге по программе 6.02.464.008 "Социальная поддержка обучающихся и воспитанников организаций образования очной формы обучения", подпрограмме 100 "Льготный проезд на общественном транспорте (кроме такси) по решению местных представительных органов" Единой бюджетной классификации Республики Казахстан.
      3. Рекомендовать акимату города Уральска принять меры по реализации настоящего решения.
      4. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по социальным вопросам и делам молодежи (Наугольнов А. П.).
      5. Данное решение вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Председатель 6-ой очередной сессии
      Уральского городского маслихата
      Секретарь Уральского городского маслихата

Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2008 жылғы 31 наурыздағы N 6-10 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 10 сәуірде N 7-1-86 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 15-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2009.03.31 N 15-10 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, 47 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4) тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасын басшылыққа алып, Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қаласындағы бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлер үшiн қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруге жеңiлдiк берілсін.
      2. Орал қаласының 2008 жылға арналған бюджетінен Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының "Жергілiктi өкiлдi органдардың шешімi бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңiлдiкпен жүру" 100 кіші бағдарламасы, "Бiлiм беру ұйымдарының күндiзгi оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушiлерді әлеуметтік қолдау" 6.02.464.008. бағдарламасы бойынша 114 052 (жүз он төрт миллион елу екі) мың теңге сомасында қаржы бөлу қамтамасыз етілсін.
      3. Орал қаласының әкімдігіне осы шешімді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер мен жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссияға (А. П. Наугольнов) жүктелсін.
      5. Осы шешім оның ресми жарияланған күнінен қолданысқа енеді.

      Орал қалалық мәслихатының кезекті
      6-шы сессиясының төрағасы
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы