Об утверждении Правил представления отчетов производителями, импортерами табачных изделий

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 октября 2009 года № 569. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 ноября 2009 года № 5857. Утратил силу приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 6 июня 2012 года № 394

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения РК от 06.06.2012 № 394.

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 6.

      В целях реализации Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года "О здоровье народа и системе здравоохранения" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила представления отчетов производителями, импортерами табачных изделий.
      2. Комитету государственного санитарно-эпидемиологического надзора Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Оспанов К.С.) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      3. Департаменту административно-правовой работы Министерства здравоохранения Республики Казахстан (Бисмильдин Ф.Б.) обеспечить в установленном законом порядке официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации.
      4. Признать утратившим силу приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 мая 2003 года № 377 "Об утверждении Правил о порядке представления производителями табачных изделий отчетов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 2356, опубликован в газете "Официальная газета" от 28 июня 2003 г. № 26).
      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения Республики Казахстан Вощенкову Т.А.
      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Министр                                    Ж. Доскалиев

Утверждены          
приказом Министра здравоохранения
Республики Казахстан     
от 23 октября 2009 года № 569 

Правила
представления отчетов производителями,
импортерами табачных изделий

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила представления отчетов производителями, импортерами табачных изделий (далее - Правила) разработаны в соответствии с Кодексом Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" и предназначены для сбора информации о результатах лабораторных исследований по предельно допустимому содержанию никотина и смолистых веществ во всех марках табака и табачных изделий, об ингредиентах табачных изделий, которые они выпускали или намерены выпускать, продавали или распространяли иным образом в предшествующие двенадцать месяцев на территории Республики Казахстан. Данная информация позволит определить токсичность табачных изделий и их вред для здоровья потребителей.
      Производитель, импортер табачных изделий представляет отчеты ежегодно до 1 февраля следующего года в порядке, установленном настоящими Правилами.
      2. Каждый производитель, импортер представляет отдельный отчет, содержащий сведения с указанием лаборатории, проводившей исследования на основе стандартизированных методов, аккредитованной в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      3. Представляемые отчеты состоят из двух частей:
      1) информация о содержании смолистых веществ и никотина;
      2) информация об ингредиентах табачных изделий.
      4. Отчет о содержании смолистых веществ и никотина, об ингредиентах табачных изделий представляется в письменной версии.

2. Требования к информации о содержании
смолистых веществ и никотина в табаке и табачных
изделиях, об ингредиентах табачных изделий

      5. Информация о содержании смолистых веществ и никотина в табаке и табачных изделиях, об ингредиентах табачных изделий представляется производителем, импортером в виде:
      1) общего списка всех видов табачных изделий, которые они выпускали или намерены выпускать, продавали или распространяли иным образом в предшествующие двенадцать месяцев на территории Республики Казахстан. Этот список включает все ингредиенты, добавляемые в табак, в порядке уменьшения их содержания в табаке и табачных изделиях, с указанием назначения каждого ингредиента;
      2) общего листа других (нетабачных) ингредиентов во всех видах табачных изделий, предназначенных для продажи в Республике Казахстан.
      Список нетабачных ингредиентов включает в себя следующие вспомогательные материалы:
      сигаретная бумага;
      клей бумажного бокового шва (шовный клей);
      бумага для фильтра (фильтровая бумага и ободковая бумага);
      чернила, используемые для нанесения логотипа и/или наименования торговой марки на сигарете.
      Указанные вспомогательные материалы перечисляются в порядке уменьшения их содержания с указанием количества и назначения каждого ингредиента.
      6. Производитель, импортер предоставляет информацию о токсикологическом воздействии на состояние здоровья людей по ингредиентам табака, методам их исследования.

Темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың есеп беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қазандағы N 569 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5857 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.06.06 № 394 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың есеп беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      4. "Темекі өнімдерін өндірушілердің есеп беру Ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2003 жылғы 15 мамырдағы N 377 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2356 болып тіркелген, "Ресми газеті" газетінде 2003 жылғы 28 маусымда N 26 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ж. Досқалиев

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 23 қазандағы  
N 569 бұйрығымен бекітілген

Темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың есеп беру ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Темекі бұйымдарын өндірушілердің импорттаушылардың есеп беру ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулықты сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әзірленді және темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы темекінің және темекі бұйымдарының барлық таңбаларында никотиннің және шайырлы заттардың рұқсат етілетін шекті құрамы бойынша зертханалық зерттеулердің нәтижелері туралы, өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында темекі бұйымдарын өндірушілердің, импорттаушылардың шығарған немесе шығаруды ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы ақпарат жинауға арналған. Осы ақпарат темекі бұйымдарының уыттылығын және олардың тұтынушылардың денсаулығына зиянын анықтауға мүмкіндік береді.
      Темекі бұйымдарын өндіруші, импорттаушы есептерді жыл сайын келесі жылдың 1 ақпанына дейін осы Ережемен белгіленген тәртіпте береді.
      2. Әрбір өндіруші, импорттаушы стандартталған әдістер негізінде зерттеу жүргізген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттелген зертхананы көрсете отырып, мәліметтерді қамтитын жеке есепті ұсынады.
      3. Ұсынылған есептер мынадай екі бөлікті қамтиды:
      1) шайырлы заттар мен никотиннің құрамы туралы ақпаратты;
      2) темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы ақпаратты;
      4. Шайырлы заттар мен никотиннің құрамы туралы, темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы есеп жазбаша нұсқада беріледі.

2. Темекіде және темекі бұйымдарында шайырлы заттар мен никотиннің болуы туралы, темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы ақпараттарға қойылатын талаптар

      5. Темекіде және темекі бұйымдарында шайырлы заттар мен никотиннің болуы туралы, темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы ақпаратты өндіруші, импорттаушы мынадай түрде ұсынады:
      1) өткен он екі айда Қазақстан Республикасының аумағында темекі бұйымдарының өндірушілердің, импорттаушылардың шығарған немесе шығаруға ниет еткен, сатқан немесе өзге де жолдармен таратқан темекі бұйымдарының барлық түрлерінің жалпы тізімі. Бұл тізім әрбір ингредиенттің қолданылу мақсаты көрсетіле отырып, олардың темекідегі және темекі бұйымдарындағы құрамын азайту тәртібімен темекіге қосылатын барлық ингредиенттерді қамтиды.
      2) Қазақстан Республикасында сатылуға арналған темекі бұйымдарының барлық түрлеріндегі басқа (темекі емес) ингредиенттердің жалпы парағы.
      Темекі емес ингредиенттердің тізімі мынадай қосымша материалдарды қамтиды:
      темекі қағазы;
      бүйірдегі қағаз ізінің желімі (жапсырма желім);
      сүзгіге арналған қағаз (сүзгі қағазы және жиектеме қағазы);
      логотипті және/немесе темекідегі сауда маркасын жазу үшін пайдаланылатын сия.
      Көрсетілген қосымша материалдар олардың құрамын азайту тәртібімен, әрбір ингредиенттердің саны мен қолданылу мақсатын көрсете отырып, санамаланады.
      6. Өндіруші, импорттаушы темекінің ингредиенттері, оларды зерттеу әдістемесі бойынша адамның денсаулығы жай-күйіне уыттылық әсері туралы ақпаратты ұсынады.