О проведении приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны города Сарани в 2010 году

Решение акима города Сарани Карагандинской области от 28 декабря 2009 года N 04. Зарегистрировано Управлением юстиции города Сарани Карагандинской области 19 января 2010 года N 8-7-100. Утратило силу - решением акима города Сарани Карагандинской области от 20 декабря 2010 года N 01

       Сноска. Утратило силу - решением акима города Сарани Карагандинской области от 20.12.2010 N 01.

      В целях организованного и качественного проведения приписки граждан 1993 года рождения к призывному участку отдела по делам обороны города Сарани, принятия их на воинский учет, определения их количества, степени годности к воинской службе и состояния здоровья, установления общеобразовательного уровня и специальности, определения уровня физической подготовки, предварительного предназначения призывников и отбора кандидатов для подготовки по военно-техническим специальностям и поступления в военные учебные заведения, в соответствии со статьей 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе", с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33, статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", аким города РЕШИЛ:
      1. В период с января по март 2010 года провести приписку к призывному участку отдела по делам обороны города Сарани граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет.
      2. Акиму поселка Актас, руководителям предприятий, учреждений, организаций и учебных заведений города, независимо от форм собственности:
      1) предоставить списки допризывников, подлежащих приписке к призывному участку отдела по делам обороны города Сарани;
      2) обеспечить своевременное прибытие допризывников в отдел по делам обороны города Сарани.
      3. Начальнику Управления здравоохранения Карагандинской области (Абилкасимов Е.А.) (по согласованию):
      1) выделить в распоряжение комиссии по проведению приписки необходимое количество врачей – специалистов и среднего медицинского персонала для проведения медицинского освидетельствования приписываемых;
      2) обеспечить через лечебные учреждения города Сарани и поселка Актас проведение всех видов медицинского обследования граждан, подлежащих приписке;
      3) после приписки граждан к призывному участку и предоставления начальником отдела по делам обороны города Сарани списков призывников, нуждающихся в лечении, закрепить их за лечебными учреждениями и обеспечить их лечение.
      4. Начальнику государственного учреждения "Отдел финансов города Сарани" (Малшыбекова Р.Б.) обеспечить своевременное финансирование приписной кампании согласно сводному плану финансирования на 2010 год.
      5. Начальнику государственного учреждения "Отдел занятости и социальных программ города Сарани" (Тунгушбаева К.О.) на период проведения приписки по заявке начальника отдела по делам обороны города Сарани выделить 5 общественных работников, из числа безработных граждан, для выполнения технических работ.
      6. Начальнику отдела внутренних дел города Сарани (Рахимбергенов Е.Б.) (по согласованию) организовать взаимодействие с отделом по делам обороны города Сарани по обеспечению охраны общественного порядка на призывном участке и розыску лиц, уклоняющихся от прохождения приписки.
      7. Начальнику отдела по делам обороны города Сарани (Абишев К.Б.) (по согласованию) информировать акима города о результатах проведенной приписки граждан.
      8. Настоящее решение вступает в силу после государственной регистрации в управлении юстиции города и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования в средствах массовой информации.
      9. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима города Сарани Ким Л.Н.

      Аким города Сарани                         Е. Жиенбеков

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник Управления здравоохранения
      Карагандинской области                     Абилкасимов Е.А.

      Начальник отдела по делам
      обороны города Сарани                      Абишев К.Б.

      Начальник отдела внутренних дел
      города Сарани                              Рахимбергенов Е.Б.

2010 жылы 1993 жылы туған азаматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуын өткізу туралы

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы N 04 шешімі. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 қаңтарда N 8-7-100 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы N 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімінің 2010.12.20 N 01 шешімімен.

      1993 жылы туған азаматтардың Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуын ұйымдастырылған және сапалы түрде өткізу, оларды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесі мен денсаулық жағдайын, жалпы білім деңгейі мен мамандығын, дене-күш дайындығы деңгейін анықтау, алдын ала әскерге шақырылатындарды тағайындау және әскери-техникалық мамандықтар бойынша дайындау, әскери оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, 37 бабына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2010 жылы қаңтардан наурызға дейінгі кезеңде есепке алу жылында он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың Саран қаласы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесінің есебіне алынуы өткізілсін.
      2. Ақтас поселкесінің әкімі, меншіктік нысана түріне қарамастан қала кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары және оқу орындарының басшылары:
      1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру учаскесіне есепке алынуға тиісті әскер жасына дейінгі азаматтардың тізімін тапсырсын;
      2) әскер жасына дейінгілердің Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      3. Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Е.Ә. Әбілқасымов) (келісімі бойынша):
      1) есепке алуды өткізу бойынша комиссия қарамағына есепке алынуға тиісті азаматтарды медициналық куәландыру өткізу үшін дәрігер-мамандар және орта медициналық персоналдардың қажетті санын бөлсін;
      2) Саран қаласы және Ақтас поселкесінің емделу мекемелері арқылы есепке алынуға жататын азаматтардың медициналық тексерудің барлық түрін жүргізуін қамтамасыз етсін;
      3) әскерге шақыру учаскесінің есебіне алуды өткізу аяқталғаннан және Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының ұсыныс бергенінен кейін емделуді қажет ететін әскерге шақыртылғандар тізімі бойынша оларды емделу мекемелеріне бекітсін және олардың емделуін қамтамасыз етсін.
      4. "Саран қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Р.Б. Малшыбекова) 2010 жылға арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес есепке алу кампаниясының уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      5. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (К.О. Тұңғышбаева) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының тапсырысы бойынша есепке алуды өткізу кезеңіне техникалық жұмыстарды атқару үшін жұмыссыз азаматтар санынан 5 қоғамдық жұмыскер бөлсін.
      6. Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы (Е.Б. Рахымбергенов) (келісімі бойынша) есепке алынудан өтуден бас тартқан азаматтарды іздестіру және әскерге шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен өзара іс-қимылды ұйымдастырсын.
      7. Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Қ.Б. Әбішев) (келісімі бойынша) жүргізілген азаматтарды есепке алу нәтижесі туралы қала әкімін ақпараттандырсын.
      8. Осы шешім Саран қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және бұқаралық ақпараттық құралдарында алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      9. Осы шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін.

      Саран қаласының әкімі                      Е. Жиенбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қарағанды облысы
      денсаулық сақтау
      басқармасының бастығы                      Е.Ә. Әбілқасымов

      Саран қаласының қорғаныс
      жөніндегі бөлімінің бастығы                Қ.Б. Әбішев

      Саран қаласының ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    Е.Б. Рахымбергенов