Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2010 году

Постановление акимата Абайского района Карагандинской области от 03 декабря 2009 года N 28/06. Зарегистрировано Управлением юстиции Абайского района Карагандинской области 11 декабря 2009 года N 8-9-71. Утратило силу - постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 14 декабря 2010 года N 28/17

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 14.12.2010 N 28/17.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить целевыми группами населения следующие категории:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до 21 года;
      3) молодежь в возрасте от 21 до 29 лет;
      4) лица старше сорока пяти лет;
      5) лица, длительное время (более года) не работающие;
      6) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией организации, сокращением численности или штата;
      7) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до 23 лет;
      8) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершенно-летних детей;
      9) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      10) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      11) инвалиды;
      12) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      13) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      14) репатрианты (оралманы);
      15) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      16) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя – физического лица, сокращением численности или штата работников.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Абайского района" (далее - Отдел):
      1) принять меры по обеспечению временной занятости и профессиональной подготовки лиц, относящихся к целевым группам населения;
      2) обеспечить содействие в трудоустройстве лиц, относящихся к целевым группам населения;
      3) осуществлять контроль за трудоустройством лиц, относящихся к целевым группам населения.
      3. Работодатель обязан предоставлять информацию Отделу:
      1) о предстоящем высвобождении работников в связи с ликвидацией работодателя – юридического лица либо прекращения деятельности работодателя – физического лица, сокращением численности или штата, количестве и категориях работников, которых оно может коснуться, с указанием должностей и профессий, специальностей, квалификации и размера оплаты труда высвобождаемых работников и сроках, в течение которых они будут высвобождаться, не менее чем за два месяца до начала высвобождения;
      2) о предстоящем изменении условий труда в части перехода работников на режим неполного рабочего времени в связи с изменением в организации производства, в том числе при реорганизации, и (или) сокращением объема работ у работодателя не менее чем за один месяц;
      3) о наличии свободных рабочих мест (вакантных должностей) в течение трех рабочих дней со дня их появления;
      4) о приеме на работу или об отказе в приеме на работу граждан (с указанием причины путем соответствующей отметки в направлении) в течении пяти рабочих дней со дня направления их уполномоченным органом.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Ислямова Ибрагима Ислямовича.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Абайского района                      Т. Алтынбеков

2010 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау жөнінде

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 03 желтоқсандағы N 28/06 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 желтоқсанда N 8-9-71 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы N 28/17 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010.12.14 N 28/17 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттар халықтың нысаналы топтары болып анықталсын:
      1) аз қамтылғандар;
      2) 21 жасқа дейінгі жастар;
      3) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      4) қырық бес жастан асқан тұлғалар;
      5) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      6) ұйымды жоюмен, қызметкерлер санын немесе штатын қысқартумен байланысты босатылған тұлғалар;
      7) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
      8) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты, көп балалы ата-аналар;
      9) Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      10) зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына қарай зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      11) мүгедектер;
      12) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған тұлғалар;
      13) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
      14) оралмандар;
      15) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      16) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      2. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіптік даярлауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз етсін;
      3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Жұмыс беруші Бөлімге:
      1) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысаруына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату басталардан кемінде екі ай бұрын;
      2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын;
      3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;
      4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) оларды уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков