Об организации и обеспечении приписки граждан мужского пола 1992 года рождения к призывному участку в 2009 году

Решение акима Карасуского района Костанайской области от 19 января 2009 года № 2. Зарегистрировано Управлением юстиции Карасуского района Костанайской области 16 февраля 2009 года № 9-13-75

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан", статьей 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе" аким Карасуского района РЕШИЛ:

      1. Организовать и обеспечить в январе–марте 2009 года на территории района приписку граждан мужского пола 1992 года рождения к призывному участку государственного учреждения "Отдел по делам обороны Карасуского района Костанайской области".

      2. Организовать призывные пункты в селах Карасу и Октябрьское.

      3. Рекомендовать главным врачам государственных коммунальных казенных предприятий "Карасуская центральная районная больница" (по согласованию), "Октябрьская сельская участковая больница Департамента здравоохранения Костанайской области акимата Костанайской области" (по согласованию) совместно с государственным учреждением "Отдел по делам обороны Карасуского района Костанайской области" (по согласованию) обеспечить мероприятия по приписке.

      4. Акимам сел и сельских округов:
      1) обеспечить явку граждан на комиссию для прохождения приписки;
      2) выделить сопровождающих лиц для доставки граждан на призывной участок, принять меры для предотвращения несчастных случаев при перевозке.

      5. Государственному учреждению "Отдел финансов акимата Карасуского района" финансирование мероприятий, связанных с припиской граждан к призывным участкам осуществлять за счет ассигнований, предусмотренных в смете расходов государственного учреждения "Отдел по делам обороны Карасуского района Костанайской области".

      6. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Бекенова Б.К.

      7. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
      Карасуского района                         К. Ахметов

2009 жылы шақыру учаскесіне 1992 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданың әкімінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 2 шешімі. Қостанай облысы Қарасу ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 ақпанда № 9-13-75 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкiмі ШЕШТІ:

      1. 2009 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейiн "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне аудан аумағындағы 1992 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Қарасу және Октябрь ауылдарында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.

      3. "Қарасу орталық аудандық ауруханасы" (келісім бойынша), "Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы Денсаулық сақтау департаментінің Октябрь ауылдық учаскелiк ауруханасы" (келісім бойынша) мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорындарының бас дәрiгерлерi "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуін ұсыныс етілсін.

      4. Ауылдар мен ауылдық округтердiң әкiмдерi:
      1) тіркеуді өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
      2) азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізу үшін iлесiп жүретiн адамдарды берсін, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.

      5. "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне азаматтардың тіркеуімен байланысты іс-шараларды қаржыландыруы "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебінен жүзеге асырсын.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсiн.

      7. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу
      ауданының әкiмi                             Қ. Ахметов