О предоставлении бесплатных путевок для оздоровления в государственное учреждение "Городской территориальный центр социального обслуживания населения "Ульба"

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 15 июля 2009 года N 2728. Зарегистрировано Управлением юстиции города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области 11 августа 2009 года за N 5-1-118. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска от 21 февраля 2013 года N 5619

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска от 21.02.2013 N 5619.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним», подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», пунктом 2 статьи 11 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года «О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан», в целях социальной защиты пенсионеров, инвалидов и детей с ограниченными возможностями, акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Предоставить гражданам Республики Казахстан, иностранцам, имеющим вид на жительство, лицам без гражданства, постоянно проживающим на территории города Усть-Каменогорска, страдающим заболеваниями органов дыхания, сердечно-сосудистыми, желудочно-кишечного тракта, лор патологией, неврозами, заболеваниями опорно-двигательной системы, за исключением психических заболеваний, бесплатные путевки для оздоровления в государственное учреждение «Городской территориальный центр социального обслуживания населения «Ульба» (далее – центр «Ульба»).
      2. В каждый заезд предоставляется 60 бесплатных путевок.
      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением акимата города Усть-Каменогорска от 15.02.2011 N 10375 (вводится в действие через 10 дней после опубликования).
      3. Правом на бесплатные путевки обладают:
      1) пенсионеры и инвалиды;
      2) дети-инвалиды с ограниченными возможностями, находящиеся на надомном обслуживании центра «Ульба».
      Сноска. Пункт 3 в редакции постановления акимата города Усть-Каменогорска от 24.06.2011 N 12192 (вводится в действие через 10 дней после опубликования).
      3-1. Участники и инвалиды Великой Отечественной войны пользуются ежегодным первоочередным правом на получение путевок.
      Сноска. Решение дополнено пунктом 3-1 в соответствии с  постановлением акимата города Усть-Каменогорска от 24.06.2011 N 12192 (вводится в действие через 10 дней после опубликования).
      4. Путевки в центр «Ульба» предоставляются государственным учреждением «Отдел занятости и социальных программ города Усть-Каменогорска» одному и тому же лицу не чаще одного раза в два года согласно очередности при предоставлении следующих документов:
      1) письменного заявления;
      2) документа, удостоверяющего личность;
      3) для детей-инвалидов – свидетельства о рождении ребенка и документа, удостоверяющего личность его законного представителя;
      4) книги регистрации граждан или справки с места жительства;
      5) справки о размере получаемой пенсии, пособия;
      6) санаторно-курортной карты.
      Документы предоставляются в копиях и подлинниках (кроме справок) для сверки, после чего подлинники возвращаются заявителю.
      5. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима города Нургазиева А.К.
      6. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.


      Аким города Усть-Каменогорска             И. Абишев

"Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы" мемлекеттік мекемесіне сауықтыру үшін тегін жолдамалар беру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 шілдедегі N 2728 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 тамызда N 5-1-118 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 21 ақпандағы N 5619 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 21.02.2013 N 5619 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 11 бабының 2 тармағына сәйкес зейнеткерлерді, мүгедектерді және мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік қорғау мақсатында, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – «Үлбі» орталығы) психикалық ауруларды алмағанда, тыныс алу органдары, жүрек-тамыр, асқазан ішек жолдары, құлақ-мұрын аурулары, невроз аурулары, тірек-қозғалыс жүйелері ауруларымен ауыратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қонысқа тұру ықтияр хаты бар шетелдіктерге, Өскемен қаласы аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға сауықтыру үшін тегін жолдамалар ұсынылсын.
      2. Әр барғанда 60 тегін жолдамалар ұсынылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Өскемен қаласы  әкімдігінің 2011.02.15 N 10375 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Тегін жолдамалар алуға:
      1) зейнеткерлер мен мүгедектер;
      2) «Үлбi» орталығының үйде қызмет көрсетілуіндегі мүмкiндiгi шектеулi мүгедек балалар құқылы.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011.06.24 N 12192 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3-1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері жолдамалар алуға жыл сайынғы бірінші кезектегі құқыққа ие.
      Ескерту. Шешім 3-1 тармақпен толықтырылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2011.06.24 N 12192 (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. «Үлбі» орталығына жолдамалар «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бір тұлғаға екі жылда бір рет төмендегі құжаттарды тапсырған кезде кезек бойынша беріледі:
      1) жазбаша өтініш;
      2) жеке басын растайтын куәлік;
      3) мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі және оның заңды өкілінің жеке басын растайтын құжат;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы немесе тұратын жерінен анықтама;
      5) алатын зейнетақы, жәрдемақы мөлшері туралы анықтама;
      6) санаторлық-курорттық карта.
      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер (анықтамалардан басқа) түрінде ұсынылады, сонан кейін түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.


      Өскемен қаласының әкімі                   И. Әбішев