Об утверждении Положения о квалификационных экзаменах

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 3 ноября 2010 года № 302. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 ноября 2010 года № 6624. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 7 марта 2014 года № 94

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 07.03.2014 № 94 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      Порядок введения в действие приказа см. п. 3.

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 167, статьей 174 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о квалификационных экзаменах.
      2. Признать утратившим силу приказ Председателя Комитета по судебному администрированию при Верховном Суде Республики Казахстан от 26 апреля 2010 года № 01-01-31/139 "Об утверждении положения о квалификационных экзаменах" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6246).
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарных дня после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра                              Д. Куставлетов

Утверждено         
приказом и.о. Министра юстиции
Республики Казахстан    
от 3 ноября 2010 года № 302

Положение
о квалификационных экзаменах

1. Общие положения

      1. Положение о квалификационных экзаменах (далее – Положение) разработано в соответствии с подпунктом 1) пункта 2 статьи 167, статьей 174 Закона Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей" (далее – Закон).
      2. Прохождение квалификационного экзамена является основанием для выдачи лицензии на осуществлении деятельности частного судебного исполнителя.
      3. Для допуска к квалификационному экзамену устанавливаются следующие требования к претендентам:
      гражданство Республики Казахстан;
      достижение двадцатипятилетнего возраста;
      наличие высшего юридического образования;
      прохождение непрерывной стажировки у частного судебного исполнителя сроком не менее одного года.
      4. К квалификационному экзамену не допускаются лица:
      признанные в установленном законодательством порядке недееспособными или ограниченно дееспособными;
      имеющие непогашенную или неснятую судимость;
      являющиеся должником по судебному акту;
      в отношении которых прекращено уголовное дело по не реабилитирующим основаниям;
      лишенные лицензии на право занятия деятельностью по исполнению исполнительных документов.
      5. За прохождение квалификационного экзамена с каждого претендента взимается плата в размере семи месячных расчетных показателей, которая перечисляется претендентами на счет Республиканской коллегии частных судебных исполнителей.
      При неудовлетворительных итогах квалификационного экзамена плата, внесенная за квалификационный экзамен, не возвращается.
      6. Гражданин, получивший лицензию, но не приступивший к работе в должности судебного исполнителя в течение трех лет, допускается к должности судебного исполнителя только после повторной сдачи квалификационного экзамена. Плата за повторную сдачу квалификационного экзамена не взимается.
      Исчисление указанного срока приостанавливается на время, когда лицо работало помощником частного судебного исполнителя.
      7. Перечень документов, необходимых для допуска к сдаче квалификационного экзамена:
      1) заявление, написанное в произвольной форме;
      2) копия удостоверения личности;
      3) нотариально заверенная копия диплома о высшем юридическом образовании;
      4) заверенная региональной коллегией частных судебных исполнителей копия заключения об итогах прохождения стажировки;
      5) медицинские справки с наркологического и психиатрического диспансеров, выданные по месту жительства кандидата не ранее чем за месяц до их представления.
      Сноска. Пункт 7 в редакции приказа Министра юстиции РК от 25.05.2012 № 208 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Проведение квалификационного экзамена

      8. Квалификационный экзамен проводится только при наличии не менее пяти заявок претендентов на его прохождение.
      9. В случае если количество претендентов превышает пятнадцать человек, квалификационная комиссия проводит квалификационный экзамен в течение нескольких дней в зависимости от количества претендентов.
      10. После рассмотрения заявок, представленных претендентами в соответствии с требованиями настоящего Положения, квалификационная комиссия направляет в адрес претендентов уведомление о проведении квалификационного экзамена с указанием даты и времени.
      11. За два календарных дня до даты проведения квалификационного экзамена список лиц, допущенных к нему, утверждается председателем квалификационной комиссии.
      12. При неявке на квалификационный экзамен по уважительной причине (по болезни, семейным и служебным обстоятельствам) претендент допускается к экзамену, проводимому в какой-либо другой день на основании заявления с указанием даты несостоявшегося экзамена и причины неявки. Плата за проведение квалификационного экзамена в этом случае с претендента не взимается.
      13. Квалификационный экзамен проводится в два этапа:
      первый – тестирование;
      второй - устный экзамен.
      14. Общее время, отпущенное на квалификационный экзамен каждого претендента, не превышает восьмидесяти минут, в том числе на тестирование - не более тридцати минут и на подготовку ответа по билету - не более тридцати минут. Содержание тестовых вопросов и вопросов устного экзамена предполагает знание общих юридических норм, норм законодательства об исполнительном производстве, иных смежных отраслей права и вопросов, связанных с организацией исполнительного производства.
      15. Тестирование осуществляется в форме ответов на вопросы теста в письменном виде или с использованием компьютерной техники. Количество вопросов при тестировании не превышает пятьдесят.
      16. К устному экзамену допускается претендент, правильно ответивший не менее чем на восемьдесят процентов вопросов теста. Претендент, не допущенный по результатам тестирования к устному экзамену, считается не прошедшим квалификационный экзамен.
      17. Устный экзамен проводится в форме устного ответа на вопросы экзаменационного билета и дополнительные вопросы членов квалификационной комиссии.
      18. По окончании квалификационного экзамена протокол, составленный по результатам тестирования и устного экзамена, подписывают члены квалификационной комиссии и секретарь.
      19. Лицо, признанное не прошедшим квалификационный экзамен, может пройти его повторно не ранее чем через год со дня проведения квалификационного экзамена, по результатам которого лицо было признано не прошедшим квалификационный экзамен, при условии внесения повторной платы за его прохождение.
      20. Исключен приказом Министра юстиции РК от 25.05.2012 № 208 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      21. Исключен приказом Министра юстиции РК от 25.05.2012 № 208 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      22. Если лицо по результатам повторного экзамена вновь было признано не прошедшим квалификационный экзамен, то в последующем оно допускается к сдаче квалификационного экзамена лишь по прохождении им повторной стажировки у частного судебного исполнителя.
      23. Лицо, не прошедшее квалификационный экзамен может подать на апелляцию. Письменное заявление об апелляции, с обоснованным изложением основных претензий, лицо подает на имя руководителя уполномоченного органа в течение трех рабочих дней со дня признания лица не прошедшим квалификационный экзамен.
      Апелляция рассматривается уполномоченным органом по исполнению исполнительных документов. Результат рассмотрения апелляции оформляется протоколом и передается для исполнения квалификационной комиссии. Повторная апелляция не допускается.

"Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы"

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 3 қарашадағы № 302 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6624 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 94 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің м.а. 07.03.2014 № 94 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 2 сәуіріндегі Заңының 167-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына174-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Біліктілік емтихандары туралы ереже бекітілсін.
      2. «Біліктілік емтихандары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет Төрағасының 2010 жылғы 26 сәуіріндегі № 01-01-31/139 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6246 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                           Д. Құсдәулетов

Қазақстан Республикасы      
Әділет министрі міндетін атқарушының
2010 жылғы 3 қарашадағы № 302  
бұйрығымен бекітілген      

Біліктілік емтихандары туралы
ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 02.10.2013 № 309 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

     1. Біліктілік емтихандары туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 142-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді.
      2. Біліктілік емтиханынан өту жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыруға лицензия беру үшін негіз болып табылады.
      3. Біліктілік емтиханына жіберу үшін үміткерлерге мынадай талаптар белгіленеді:
      Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      жиырма бес жасқа жетуі;
      жоғары заңгерлік білімінің болуы;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығымен бекітілген Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6625 тіркелген) жеке сот орындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтуі.
      4. Біліктілік емтиханынан өтуге Заңның 140-бабы 2-тармағымен қарастырылған негіздер бойынша рұқсат етілмейді, ол жөнінде үміткерге құжаттар келіп түскен бастап он бес жұмыс күні ішінде дәлелді хат жолданады.
      5. Біліктілік емтиханынан өту үшін әрбір үміткерден республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және біліктілік емтиханынан өту күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен ақы алынады, оны үміткерлер Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының шотына аударады.
      Біліктілік емтиханының қорытындысы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда біліктілік емтиханы үшін енгізілген ақы қайтарылмайды.
      6. Лицензия алған, бірақ сот орындаушысының лауазымындағы жұмысқа үш жыл бойы кіріспеген азамат біліктілік емтиханын қайтадан тапсырғаннан кейін ғана сот орындаушысының лауазымына жіберіледі. Біліктілік емтиханын қайта тапсырғаны үшін төлем алынбайды.
      Аталған мерзімді есептеу адамның жеке сот орындаушысының көмекшісі болып істеген уақытында тоқтатыла тұрады.

2. Біліктілік емтиханын өткізу

      7. Үміткердің біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынатын қажетті құжаттар тізбесі:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш;
      2) жеке куәліктің көшірмесі;
      3) біліктілік емтиханын тапсырғаны үшін төлегенін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) жоғары заңгерлік білім туралы дипломның көшірмесі қосымшасымен бірге (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      5) тағылымдамадан өтудің аяқталуы туралы қорытындының көшірмесі.
      8. Біліктілік емтиханы үміткердің құжаты түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күні ішінде жүргізіледі.
      9. Біліктілік емтиханына жіберілген үміткерлерге біліктілік емтханының өту орны, күні, уақыты туралы біліктілік емтиханын өткізу күнінен он күнтізбелік күн бұрын уәкілетті орган хабарлайды.
      10. Осы Ереженің 7-тармағында көзделген құжаттар берілмеген не тиісінше ресімделмеген жағдайда, құжаттар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде үміткерге біліктілік емтиханына жіберуден дәлелді хатпен бас тартады.
      11. Біліктілік емтиханына дәлелді себеппен келмеген кезде (денсаулығына, отбасылық және қызметтік жағдайларына байланысты) үміткер болмаған емтихан күнін және келмеу себептерін көрсетумен, өтініш негізінде қандай да бір басқа күні өткізілетін емтиханға жіберіледі. Бұл жағдайда, біліктілік емтиханын өткізу үшін үміткерден қайтадан ақы алынбайды.
      12. Біліктілік емтиханы компьютерлік техниканы пайдаланумен тестілеу түрінде өткізіледі.
      13. Біліктілік емтиханына келген кезде үміткер жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.
      14. Үміткер тестілеуден өз қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде өтеді.
      15. Әрбір үміткердің біліктілік емтиханына берілген уақыт сексен минуттан аспайды. Тест сұрақтарының саны жетпісті құрайды.
      Тест сұрақтарына жалпы құқықтық нормалар, атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама, атқарушылық іс жүргізу ұйымдарымен байланысты мәселелер мен өзге де сабақтас құқық салаларының нормалары кіреді.
      16. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу пайдаланылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері екі данада басылады және тестілеу аяқталғаннан кейін үміткерге жеке қол қою арқылы танысу үшін ұсынылады.
      Тестілеу нәтижелері бар парақтың бір данасы үміткерге беріледі, екіншісі комиссияға тапсырылады.
      17. Тест сұрақтарының кемінде жетпіс пайызына дұрыс жауап берген үміткер біліктілік емтиханынан өтті деп есептеледі.
      18. Біліктілік емтиханы аяқталғаннан кейін, тестілеу нәтижелері бойынша жасалған хаттамаға біліктілік комиссиясының мүшелері және хатшы қол қояды.
      19. Уәкілетті орган біліктілік комиссия хаттамасының негізінде осы Ереженің қосымшасына сәйкес белгіленген нысанысы бойынша емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей, біліктілік емтиханынан өткені туралы шешім шығарады.
      20. Емтиханнан өткен үміткерлер оны тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның біліктілік емтиханынан өткені туралы шешімін алады. Емтиханнан өтпеген үміткерлер біліктілік комиссиясы хаттамасының көшірмесін алады.
      21. Біліктілік емтиханының нәтижесі бойынша өтпеген болып танылған үміткер осы біліктілік емтиханы өткізілген күннен бастап бір жылдан кейін біліктілік емтиханын тапсыру ақысын төлеген жағдайда қайтадан өте алады.
      22. Егер үміткер қайта өткізілген емтихан нәтижелері бойынша біліктілік емтиханынан өтпеген болып танылса, кейіннен жеке сот орындаушысында қайта тағылымдамадан өткеннен кейін ғана оған біліктілік емтиханынан өтуге жол беріледі.
      23. Біліктілік емтиханын өтпеген үміткер апелляцияға бере алады. Негізгі наразылықтарын негіздеумен баяндай отырып, үміткер апелляция туралы жазбаша өтінішті уәкілетті орган басшысының атына біліктілік емтиханынан өтпеген болып танылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
      Апелляцияны қарау нәтижесі хаттамамен рәсімделеді және біліктілік комиссиясына орындау үшін тапсырылады. Қайтадан апелляцияға беруге жол берілмейді.

Біліктілік емтихандары
туралы ережеге   
қосымша       

Нысан        

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына
біліктілік емтиханынан өткені туралы
шешім

      ________ қаласы                     20___жылғы «__» _________

      ______________
         (А.Ә.Т.) жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өтті деп танылсын.

      Уәкілетті органның басшысы
      (А.Ә.Т.)

      М.О.