О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года № 40 "Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Инструкции по выдаче разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, дающих высшее образование"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 29 декабря 2010 года № 585. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 января 2011 года № 6733

      В соответствии с подпунктом 15) статьи 5 Закона Республики Казахстан "Об образовании", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 февраля 2010 года № 40 "Об утверждении Перечня профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается и Инструкции по выдаче разрешения на обучение в форме экстерната в организациях образования, дающих высшее образование" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6111, опубликованный в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан от 12 июля 2010 года № 11), следующие изменения:
      в Перечне профессий и специальностей, получение которых в заочной, вечерней формах и в форме экстерната не допускается, утвержденных указанным приказом:
      в разделе 6:
      подраздел "1. Искусство" изложить в следующей редакции:

"1. Искусство

5В040200

Инструментальное исполнительство

5В040900

Хореография";

      подраздел "2. Технические науки и технологии" изложить в следующей редакции:

"2. Технические науки и технологии

5В070100

Биотехнология

5В071400

Авиационная техника и технологии

5В071500

Морская техника и технологии

5В072700

Технология продовольственных продуктов

5В072900

Строительство

5В074300

Летная эксплуатация летательных аппаратов и
двигателей

5В074600

Космическая техника и технологии

5В074800

Технология фармацевтического производства";

      подраздел "3. Сельскохозяйственные науки" исключить.
      2. Департаменту высшего и послевузовского образования (Омирбаев С.М.) обеспечить в установленном, порядке:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после прохождения государственной регистрации опубликование настоящего приказа в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жумагулов

"Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 585 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 14 қаңтарда N 6733 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы мемлекеттік атқарушы органдарының және басқа орталық мемлекеттік органдардың 2010 жылғы 12 шілдедегі № 11 басылымында жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміде № 6111 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде:
      6-бөлімде:
      «1. Өнер» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«

1. Өнер

5В040200

Аспаптық орындаушылық

5В040900

Хореография

                                                                   »;
      «2. Техникалық ғылымдар және технологиялар» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«

2. Техникалық ғылымдар және технологиялар

5В070100

Биотехнология

5В071400

Авиациялық техника және технологиялар

5В071500

Теңіз техника және технологиялар

5В072700

Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

5В072900

Құрылыс

5В074300

Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану

5В074600

Ғарыш техникасы және технологиялары

5В074800

Фармацевтикалық өндіріс технологиясы

                                                                   »;
      «3. Ауылшаруашылығы ғылымдары» деген кіші бөлім алынып тасталсын.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Б. Жұмағұлов