О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 августа 2008 года № 401 "Об утверждении Правил согласования применения реабилитационной процедуры в отношении несостоятельного должника"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 июня 2010 года № 292. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 июля 2010 года № 6330. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 178

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 30.03.2012 № 178.

      В целях повышения эффективности согласования применения реабилитационной процедуры в отношении несостоятельного должника, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 12 августа 2008 года № 401 "Об утверждении Правил согласования применения реабилитационной процедуры в отношении несостоятельного должника" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5291, опубликованный в "Юридической газете" от 10 октября 2008 года № 155 (1555), следующие изменения и дополнение:
      в Правилах согласования применения реабилитационной процедуры в отношении несостоятельного должника, утвержденных указанным приказом:
      по всему тексту слова "Комитета, его территориального подразделения", "Комитет, его территориальное подразделение" и "Комитетом, его территориальным подразделением" заменить словами "территориального подразделения Комитета", "территориальное подразделение Комитета", и "территориальным подразделением Комитета" соответственно;
      в пункте 2 слова "Комитет по работе с несостоятельными должниками Министерства финансов Республики Казахстан (далее - Комитет) его территориальные подразделения или их филиалы" заменить словами "территориальное подразделение Комитета по работе с несостоятельными должниками Министерства финансов Республики Казахстан (далее - территориальное подразделение Комитета) или его филиал по месту своего нахождения";
      в пункте 8 слово "пятнадцати" заменить словом "десяти";
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      "10. По итогам рассмотрения ходатайства и приложенных к нему документов, территориальное подразделение Комитета или его филиал дает согласие на применение к несостоятельному должнику реабилитационной процедуры либо отказывают в даче данного согласия.
      В случае согласия на применение к несостоятельному должнику реабилитационной процедуры территориальным подразделением Комитета или его филиалом составляется заключение, в котором отражаются основные выводы о целесообразности применения реабилитационной процедуры.
      В случае отказа в даче согласия на применение к несостоятельному должнику реабилитационной процедуры, территориальным подразделением Комитета или его филиалом направляется заявителю мотивированный ответ с указанием причин отказа, предусмотренных пунктом 11 настоящих Правил.";
      пункт 15 дополнить абзацем следующего содержания:
      "Заявление о внесении изменений в План рассматривается территориальным подразделением Комитета или его филиалом в течение десяти рабочих дней с момента его поступления.".
      2. Комитету по работе с несостоятельными должниками Министерства финансов Республики Казахстан (Усенова Н.Д.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее официальное опубликование в средствах массовой информации.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жамишев

      "СОГЛАСОВАН"
      Председатель Агентства Республики
      Казахстан по регулированию
      естественных монополий
      ___________ Н. Алдабергенов
      15 июня 2010 года

      "СОГЛАСОВАН"
      Председатель
      Комитета Национальной безопасности
      Республики Казахстан
      ___________ А. Шаяхметов
      16 июня 2010 года

"Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 401 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 17 маусымдағы N 292 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 12 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6330 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 178 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.03.30 № 178 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу тиімділігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Дәрменсіз борышкерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 401 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5291 тіркелген, «Заң газетінде» 2008 жылы 10 қазанда № 155 (1381) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімін қолдануды келісу ережесінде:
      бүкіл мәтін бойынша «Комитетті, оның аумақтық бөлімшесін», «Комитет, оның аумақтық бөлімшесі» және «Комитетпен, оның аумақтық бөлімшесімен» деген сөздер «Комитеттің аумақтық бөлімшесін», «Комитеттің аумақтық бөлімшесі» және «Комитеттің аумақтық бөлімшесімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрі - Комитет) оның аумақтық бөлімшелері немесе олардың филиалдары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшесі) немесе өзінің орналасқан жері бойынша оның филиалы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақта «он бес» деген сөзі «он» деген сөзбен ауыстырылсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қарастыру қорытындысы бойынша, Комитеттің аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануда келісім береді немесе осы келісімді беруден бас тартады.
      Дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім берген жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен оңалту рәсімін қолдану мақсаттылығы туралы негізгі тұжырымы айқындалатын қорытынды жасалады.
      Дәрменсіз борышкерге оңалту рәсімін қолдануға келісім беруден бас тартқан жағдайда Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен өтініш берушіге осы Ереженің 11-тармағында көзделген бас тартудың себептері көрсетілген жауап жіберіледі»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Жоспарға өзгертулер енгізу туралы өтініш түскен кезден бастап Комитеттің аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен он жұмыс күн ішінде қаралады».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетіне (Н.Д. Үсенова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіден өткізілуін және кейіннен оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                            Б. Жәмішев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының Табиғи
      монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы
      ________________ Н. Алдабергенов
      2010 жылғы 15 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының Ұлттық
      қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      ___________________ А. Шаяхметов
      2010 жылғы 16 маусым