О внесении дополнения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 декабря 2007 года № 651 "Об утверждении Типовых правил приема в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования"

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 июля 2010 года № 399. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 августа 2010 года № 6425. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 января 2013 года № 10

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 15.01.2013 № 10.

      В целях реализации Закона "Об образовании" Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 25 декабря 2007 года № 651 "Об утверждении Типовых правил приема в организации образования, реализующие общеобразовательные учебные программы начального, основного среднего и общего среднего образования" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5111, опубликованный в "Юридической газете" 28 августа 2008 года, № 131 (1531)) следующее дополнение:
      Типовые правила приема в организации образования, реализующие образовательные учебные программы начального, основного среднего, общего среднего образования, утвержденные указанным приказом, дополнить главой 5 следующего содержания:
      "5. Особенности приема в специализированные организации образования для одаренных детей (казахско-турецкие лицеи)
      17. Прием детей, окончивших шестой класс, в специализированные организации образования для одаренных детей (казахско-турецкие лицеи) (далее - КТЛ) осуществляется на конкурсной основе по результатам вступительных экзаменов. Руководители КТЛ должны ознакомить поступающих, их родителей и иных законных представителей с правилами приема, уставом и другими документами, регламентирующими организацию образовательного процесса в КТЛ.
      18. В целях организации приема учащихся и проведения вступительных экзаменов формируется центральная приемная комиссия, создаваемая Международным Общественным Фондом "KATEV", действующего в рамках заключенного с Министерством образования и науки Республики Казахстан "Соглашения о сотрудничестве в области образовательной деятельности казахско-турецких учебных заведений в Республике Казахстан", заключенного в городе Астана, 17 марта 2003 года.
      19. Для проведения вступительных экзаменов на местах и передачу экзаменационных листов в центральную приемную комиссию формируется местная комиссия руководителем КТЛ из трех педагогов.
      20. Вступительные экзамены в КТЛ состоят из двух туров:
      первый тур - проводится в форме тестирования, и состоит из программного материала по курсу математики до седьмого класса и вопросов по логике. Общее количество вопросов - 60. Тестирование проводится по выбору учащихся на казахском или русском языках. На тестирование отводится 1 час 40 минут;
      второй тур - психолого-аналитический тест. В период второго тура вступительных экзаменов учащиеся в течение 5 - 8 дней проживают в интернатах КТЛ и посещают уроки по математике, казахскому, турецкому, английскому языкам, где их проверяют на совместимость к коллективной среде и определяют уровень восприятия учебного материала.
      21. Местная комиссия по итогам первого тура направляет результаты тестирования в центральную приемную комиссию, которая по конкурсу (рейтинг) определяет количество учащихся на второй тур, набравших самые высокие баллы.
      При наборе одного класса (25 человек) на второй тур приглашаются не более 40 учащихся, при наборе двух (50 человек) или трех классов (75 человек) на второй тур приглашаются не более 80 или 120 учащихся соответственно.
      По итогам второго тура местные комиссии составляют протоколы для каждого класса и направляют их в центральную приемную комиссию, для принятия решения о приеме.
      22. Результаты каждого тура оглашаются по истечению пятнадцати календарных дней после их проведения. В случае не согласия с принятым решением учащийся, может подать на апелляцию. Апелляция подается в течение четырех календарных дней после объявления результатов и рассматривается апелляционной комиссией.
      23. По итогам вступительных экзаменов центральная приемная комиссия направляет в лицеи списки учащихся, набравших самые высокие результаты и получивших право на зачисление в КТЛ, утверждаемые приказами руководителей КТЛ.".
      2. Департаменту дошкольного и среднего общего образования (Н. Аршабеков):
      1) обеспечить в установленном порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) после прохождения государственной регистрации опубликовать настоящий приказ в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после официального опубликования.

      и.о. Министра                              М. Сарыбеков

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 651 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрдің м.а 2010 жылғы 28 шілдедегі N 399 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6425 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.01.2013 № 10 Бұйрығымен.

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 651 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5111 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 28 тамыздағы № 131 (1531) санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі мынадай мазмұндағы 5-тараумен толықтырылсын:
      «5. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына (қазақ-түрік лицейлеріне) қабылдау ерекшеліктері
      17. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына (қазақ-түрік лицейлеріне) (бұдан әрі - ҚТЛ) алтыншы сыныпты бітірген балаларды қабылдау конкурстық негізде түсу емтихандарының нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. ҚТЛ басшылары оқуға түсушілерді, олардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін қабылдау ережелерімен, жарғымен және ҚТЛ-де білім беру процесінің ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруы қажет.
      18. Оқушыларды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігімен 2003 жылғы 17 наурызда Астана қаласында жасалған «Қазақстан Республикасындағы қазақ-түрік оқу орындарының білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісім» шеңберінде әрекет ететін «KATEV» Халықаралық Қоғамдық Қоры құрған орталық қабылдау комиссиясы жасақталады.
      19. Жергілікті жерлерде түсу емтихандарын өткізу және емтихан парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жіберу үшін ҚТЛ басшылары үш педагогтен тұратын жергілікті қабылдау комиссиясын құрады.
      20. ҚТЛ-ге түсу емтихандары екі кезеңнен тұрады:
      бірінші кезең – тестілеу нысанында өткізіледі және жетінші сыныпқа дейінгі математика курсы бойынша бағдарламалық материалдардан және логика бойынша сұрақтардан тұрады. Сұрақтардың жалпы саны - 60. Тестілеу оқушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі. Тестілеуге 1 сағат 40 минут беріледі.
      екінші кезең – психологиялық–талдамалық тест. Түсу емтихандарының екінші кезеңінде оқушылар ҚТЛ интернаттарында 5-8 күн тұрады және олардың ұжымдық ортаға бейімделуін тексеретін және оқу материалын қабылдау деңгейін анықтайтын математика, қазақ, түрік және ағылшын тілдері бойынша курстарға қатысады.
      21. Жергілікті комиссия бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша тестілеу нәтижелерін конкурс (рейтинг) бойынша ең жоғарғы балл жинаған екінші кезеңге өтетін оқушылардың санын анықтайтын орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
      Бір сыныпты (25 адам) жинау кезінде екінші кезеңге 40-тан аспайтын оқушы шақырылады, ал екі (50 адам) немесе үш (75 адам) сынып жинау кезінде екінші кезеңге тиісінше 80-нен немесе 120-дан аспайтын оқушы шақырылады.
      Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша жергілікті комиссия әр сынып үшін хаттама жазып, оларды қабылдау туралы шешім шығару үшін орталық қабылдау комиссиясына жібереді.
      22. Әрбір кезеңнің нәтижесі олар өткізілгеннен кейін он бес күнтізбелік күн өткен соң жарияланады. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда оқушы апелляцияға бере алады. Апелляция нәтижелер жарияланғаннан кейін төрт күнтізбелік күн ішінде беріледі және апелляциялық комиссиямен қаралады.
      23. Түсу емтихандарының қорытындылары бойынша орталық қабылдау комиссиясы лицейге ең жоғары балл жинаған және ҚТЛ басшыларының бұйрықтарымен бекітілген ҚТЛ-ге қабылдау құқығына ие болған оқушылар тізімін жолдайды.».
      2. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім департаменті (Н. Аршабеков):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін
      атқарушы                                   М. Сарыбеков