О переименовании Ильинского сельского округа Алгинского района Актюбинской области в Акайский сельский округ

Совместное решение маслихата Актюбинской области от 13 декабря 2010 года № 340 и постановление акимата Актюбинской области от 13 декабря 2010 года № 388. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 5 января 2011 года № 3351.

      Сноска. В заголовке и пункте 1 на казахском языке слово "селолық" заменено словом "ауылдық", текст на русском языке не меняется постановлением акимата Актюбинской области от 30.05.2017 № 185 и решением маслихата Актюбинской области от 30.05.2017 № 158 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6, статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения населения, предложений маслихата и акимата Алгинского района, областной ономастической комиссии, акимат области ПОСТАНОВЛЯЕТ и областной маслихат РЕШАЕТ:

      1. Переименовать Ильинский сельский округ Алгинского района Актюбинской области в Акайский сельский округ.

      2. Настоящее постановление акимата и решение маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким области Е.САГИНДИКОВ
      Председатель сессии, секретарь
областного маслихата
Б.УРДАБАЕВ

Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка ауылдық округін Ақай ауылдық округі деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 340 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 388 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 5 қаңтарда № 3351 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және 1 тармақта қазақ тілінде "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 27-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тұрғындардың пікірін, Алға ауданының мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы Алға ауданы Ильинка ауылдық округі Ақай ауылдық округі деп қайта аталсын.

      2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е.САҒЫНДЫҚОВ
      Сессия төрағасы,
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Б.ОРДАБАЕВ