Об утверждении перечня должностей специалистов, работающих в аульной (сельской) местности

Постановление акимата города Жезказган Карагандинской области от 05 марта 2010 года N 05/01. Зарегистрировано Управлением юстиции города Жезказган Карагандинской области 30 марта 2010 года N 8-2-113. Утратило силу постановлением акимата города Жезказган Карагандинской области от 20 октября 2014 года N 21/93

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Жезказган Карагандинской области от 20.10.2014 N 21/93.
      В соответствии со статьями 18, 238 Трудового Кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года и с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат города Жезказгана ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень должностей специалистов образования, спорта и культуры, работающих в аульной (сельской) местности и имеющих право на повышенные должностные оклады и тарифные ставки на двадцать пять процентов, за счет средств городского бюджета согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Мухамбедина А.А.
      3. Данное постановление распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2010 года.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его официального опубликования.

Аким города Жезказгана
К. Балмагамбетов
СОГЛАСОВАНО:
 
Секретарь Жезказганского
 
городского маслихата
К.С. Абдиров

      

  Приложение
к постановлению акимата
города Жезказгана
от 5 марта 2010 года N 05/01

Перечень
должностей специалистов образования, спорта и культуры, работающих в аульной (сельской) местности и имеющих право на повышенные должностные оклады и тарифные ставки на двадцать пять процентов

      1. Должности специалистов образования:
      1) руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия, заведующий, руководитель, в том числе: филиала отдела, отделения, части, центра, лагеря, кабинета, пункта, клуба, библиотеки профессиональной практики, мастерской, лаборатории, комбината, общежития, интерната, хозяйства;
      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: врачи и учителя всех специальностей, архивариус, медицинская сестра, фельдшер, библиотекарь, воспитатель, вожатый, инженер всех специальностей, техники всех наименований, тренер, инструктор по физической культуре, труду и методист, преподаватель, переводчик, программист, мастер, концертмейстер, культорганизатор, хореограф, аккомпаниатор, бухгалтер, делопроизводитель, инспектор отдела кадров, комендант, экономист, лаборант, методист и преподаватель-организатор по начальной военной подготовке, секретарь-машинист, секретарь учебной части, социальный педагог, педагог организатор, педагог дополнительного образования, педагог-психолог, помощник воспитателя, тренер-преподаватель по спорту, мастер производственного обучения, музыкальный руководитель, дежурный по режиму, диетическая сестра.
      2. Должности специалистов спорта:
      1) руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия, руководитель подразделения, в том числе заведующий по хозяйственной части и заведующий складом;
      2) специалисты (главные, старшие), в том числе: архивист, методист, тренер, медицинская сестра, бухгалтер, переводчик, программист, секретарь-машинист, инспектор отдела кадров, архивариус, делопроизводитель, техники всех наименований, инструктор-методист, юрисконсульт.
      3. Должности специалистов культуры:
      1) руководитель и заместитель руководителя государственного учреждения и казенного предприятия культуры, руководители подразделений, в том числе заведующий отделом, сектором, филиалом, хозяйственной частью, мастерской;
      2) специалисты (главные, старшие, младшие), в том числе: хранитель фондов, экскурсовод, искусствовед, научный сотрудник, архивист, методист, художник, библиотекарь, юрисконсульт, инженеры всех специальностей, техники всех наименований, музейный смотритель, переводчик, контролер билетов, кассир, программист, бухгалтер, экономист, секретарь, инспектор отдела кадров.

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 05 наурыздағы N 05/01 қаулысы. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 наурызда N 8-2-113 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы N 21/93 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 20.10.2014 N 21/93 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, спорт және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Мұхамбединге жүктелсін.
      3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жезқазған қаласының әкімі
Қ. Балмағамбетов
КЕЛІСІЛДІ:
 
Жезқазған қалалық
 
мәслихатының хатшысы
Қ.С. Әбдіров

      

  Жезқазған қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 5 наурыздағы
N 05/01 қаулысына
қосымша

Жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, спорт және мәдениет мамандары лауазымдарының
тізбесі

      1. Білім беру мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы мен орынбасары, меңгеруші, басшы, оның ішінде: филиалдың, бөлімнің, бөлімшенің, бөлшектің, орталықтың, лагерьдің, кабинеттің, бекеттің, клубтың, кәсіби тәжірибелік кітапханасының, шеберхананың, зертхананың, комбинаттың жатақхананың, интернаттың, шаруашылықтың;
      2) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер мен мұғалімдер, мұрағатшы, медициналық бике, фельдшер, кітапханашы, тәрбиеші, жетекші, барлық мамандықтағы инженер, барлық атаудағы техниктер, жаттықтырушы, дене шынықтыру, еңбек нұсқаушысы және әдіскер, оқытушы, аудармашы, бағдарламашы, мастер, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, хореограф, аккомпаниатор, бухгалтер, іс жүргізуші, кадр бөлімінің инспекторы, комендант, экономист, зертханашы, әдіскер және алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушы, хатшы-машинист, оқу бөлімінің хатшысы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беретін педагог, педагог-психолог, тәрбиешінің көмекшісі, спорттық оқытушы-жаттықтырушы, өндірістік оқыту мастері, музыкалық жетекші, тәртіп жөніндегі кезекші, емдәм бикесі.
      2. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы мен орынбасары, бөлімше басшысы, оның ішінде: шаруашылық бөлімінің меңгерушісі және қойма меңгерушісі;
      2) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: мұрағатшы, әдіскер, жаттықтырушы, медициналық бике, бухгалтер, аудармашы, бағдарламашы, хатшы-машинист, кадр бөлімінің инспекторы, мұрағатшы, іс жүргізуші, барлық атаудағы техниктер, нұсқаушы-әдіскер, заңгер консультант.
      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеменің және мәдениет қазыналық кәсіпорынның басшысы мен орынбасары, бөлімшелер басшылары, оның ішінде бөлім, сектор, филиал, шаруашылық бөлімі, шеберхана меңгерушісі;
      2) (бас, аға, кіші) мамандар, оның ішінде: қор сақтаушы, экскурсовод, өнертанушы, ғылыми қызметкер, мұрағатшы, әдіскер, суретші, кітапханашы, заңгер консультант, барлық мамандықтағы инженерлер, барлық атаудағы техниктер, мұражай қараушысы, аудармашы, билет тексеруші, кассир, бағдарламашы, бухгалтер, экономист, хатшы, кадр бөлімінің инспекторы.