Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения, на 2010 год

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 8 февраля 2010 года № 51. Зарегистрировано Управлением юстиции Житикаринского района Костанайской области 11 марта 2010 года № 9-10-138

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам населения, на 2010 год для содействия занятости:
      1) лица, длительно (год и более) не работающие;
      2) лица старше пятидесяти лет;
      3) безработные, завершившие профессиональное обучение по направлению уполномоченного органа;
      4) молодежь в возрасте от двадцати одного года до двадцати девяти лет;
      5) безработные из неполных семей;
      6) безработные, принявшие участие во временных и сезонных работах.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Житикаринского района" обеспечить меры по содействию занятости вышеперечисленных лиц.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Актаеву С.Ж.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Житикаринского района               К. Испергенов

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник
      государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных
      программ Житикаринского района"
      ________________ И. Григорьева

2010 жылға арналған, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 51 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 наурызда № 9-10-138 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2010 жылға арналған, халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жыл және одан да көп) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) елу жастан асқан тұлғалар;
      3) уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;
      4) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      5) толық емес отбасылардың жұмыссыздары;
      6) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздар.
      2. "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жоғарыда аталған тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ж. Ақтаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі                 Қ. Испергенов

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Жітіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ И. Григорьева