Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования в городе Аксу на 2011 год

Постановление акимата города Аксу Павлодарской области от 23 декабря 2010 года N 944/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 20 января 2011 года N 12-2-166. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо аппарата акима города Аксу Павлодарской области от 06 октября 2014 года N 1-22/1253)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо аппарата акима города Аксу Павлодарской области от 06.10.2014 N 1-22/1253).

      В соответствии со статьей 120 Трудового кодекса Республики Казахстан от 15 мая 2007 года, подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", подпунктами 2) и 11) статьи 5 Закона  Республики Казахстан от 7 июля 2004 года "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан", в целях расширения мер по содействию занятости населения акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить в качестве дополнительной меры по социальной защите молодежи – выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования – трудоустройство на Молодежную практику.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Аксу" (далее – Уполномоченный орган) определять численность безработных выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования (далее -  Профессиональные учебные заведения) для направления их на Молодежную практику, учитывая ситуацию, сложившуюся на рынке труда и состав безработной молодежи.
      3. Молодежная практика организуется и проводится на предприятиях, в учреждениях и организациях города Аксу (далее - Работодатель) вне зависимости от форм собственности. Уполномоченный орган взаимодействует с Работодателями на договорной основе. Договор предусматривает количество принимаемых на работу безработных, перечень профессий (специальностей), по которым Работодатель принимает на работу, в случае необходимости, дополнительную профессиональную подготовку, обязательства обеспечения участников Молодежной практики профессиональными знаниями, умениями и навыками в соответствии с их профессией. Работодатель, изъявивший желание предоставить временные рабочие места безработным – выпускникам Профессиональных учебных заведений в рамках Молодежной практики, заключает соответствующий договор с Уполномоченным органом.
      4. Право принять участие в Молодежной практике имеют выпускники Профессиональных учебных заведений, не имеющие опыта работы по полученной специальности, после окончания учебного заведения.
      5. Финансирование мероприятий по проведению Молодежной практики осуществляется за счет средств местного бюджета, целевых трансфертов из республиканского бюджета.
      6. Оплата труда участников Молодежной практики производится Уполномоченным органом за фактически отработанное время в размере 26000 (двадцать шесть тысяч) тенге в месяц.
      7. Настоящее постановление акимата города вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2011 года.
      8. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителей акима города Агжанова Б.Ш. и Рахимжанова Е.М.

      Аким города                                О. Каиргельдинов

Ақсу қаласында бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау жөніндегі 2011 жылға арналған қосымша шараларды ұйымдастыру туралы

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 944/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 қаңтарда N 12-2-166 тіркелді. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 2014 жылғы 06 қазандағы N 1-22/1253 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімі аппаратының 06.10.2014 N 1-22/1253 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5-бабы 2) және 11)  тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін – жастарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шара ретінде – Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру болып анықталсын.
      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) еңбек рыногында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын ескере отырып, оларды Жастар тәжірибесіне жіберу үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының (бұдан әрі – Кәсіби оқу орындары) жұмыссыз түлектерінің санын анықтасын.
      3. Меншік нысанына қарамастан Ақсу қаласының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) Жастар тәжірибесі ұйымдастырылады және өткізіледі. Уәкілетті орган Жұмыс берушілермен шарт негізінде өзара әрекет жасайды. Шартта Жұмыс беруші, сол бойынша жұмысқа қабылдайтын, жұмыссыздардың санын, кәсіптердің (мамандықтардың) тізімін, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби дайындығын, Жастар тәжірибесіне қатысушыларды олардың мамандықтарына сәйкес кәсіби біліммен, іскерлікпен және дағдымен қамтамасыз ету міндеттемелерін қарастырады. Жастар тәжірибесі шеңберінде Кәсіби оқу орындарының түлектеріне - жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын беруге тілек білдірген Жұмыс беруші Уәкілетті органмен тиісті шарт жасасады.
      4. Жастар тәжірибесіне Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындарының түлектері қатысуға құқығы бар.
      5. Жастар тәжірибесін өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер қаражаты арқылы жүзеге асырылады.
      6. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақы төлемі нақты жұмыс істеген уақытына Уәкілетті органмен бір айға 26000 (жиырма алты мың) теңге есебінде жүргізіледі.
      7. Қала әкімдігінің осы қаулысы ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарына тарайды.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасарлары Б.Ш. Ағжановқа және Е.М. Рахымжановқа жүктелсін.

      Қала әкімі                                 О. Қайыргелдинов