Об оказании социальной помощи для льготного проезда на пригородном автобусном транспорте (кроме такси) студентам из малообеспеченных семей, детям-сиротам, оставшимся без попечения родителей, проживающим в поселке Солнечный города Экибастуза и обучающимся по очной форме в высших и средних специальных учебных заведениях города Экибастуза

Решение маслихата города Экибастуза Павлодарской области от 14 апреля 2010 года N 248/21. Зарегистрировано Управлением юстиции города Экибастуза Павлодарской области от 28 мая 2010 года N 12-3-269. Утратило силу решением маслихата города Экибастуза Павлодарской области от 21 августа 2014 года N 258/31

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Экибастуза Павлодарской области от 21.08.2014 N 258/31.

      На основании подпункта 2 пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "Об образовании", в целях оказания социальной помощи обучающимся, городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказывать социальную помощь в размере 100 % от стоимости полного проездного билета для проезда на пригородном автобусном транспорте (кроме такси) студентам из малообеспеченных семей, детям-сиротам, оставшимся без попечения родителей, проживающим в поселке Солнечный города Экибастуза и обучающимся по очной форме в высших и средних специальных учебных заведениях города Экибастуза.
      2. Оказание данного вида социальной помощи производится при предоставлении в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ акимата города Экибастуза" следующих документов:
      1) копия документа, удостоверяющего личность;
      2) копия книги регистрации граждан;
      3) копия регистрационного номера налогоплательщика;
      4) справка с места учебы;
      5) документ, подтверждающий статус;
      6) заявление с указанием номера лицевого счета в отделениях почтовой связи акционерного общества "Казпочта" или банках второго уровня.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        С. Лепехин

      Секретарь городского маслихата             Г. Балтабекова

Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі үшін әлеуметтік көмек көрсету туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 сәуірдегі N 248/21 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 28 мамырда N 12-3-269 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы N 258/31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 2-тармақшасы негізінде және білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Екібастұз қаласының Солнечный кентінде тұратын, табысы аз отбасылардың студенттеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға және Екібастұз қаласының жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындарына қала жанындағы автобус көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі үшін үшін жолақы билетінің толық құнының 100 % мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Әлеуметтік көмектің осы түрі "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырған кезде көрсетіледі:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі;
      4) оқу орнынан анықтама;
      5) мәртебесін растайтын құжат;
      6) "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта байланысы бөлімдеріндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының көрсетілуімен өтініші.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            С. Лепехин

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова