Об оказании единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне

Постановление акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 31 марта 2010 года N 68. Зарегистрировано управлением юстиции района Шал акына Северо-Казахстанской области 22 апреля 2010 года N 13-14-99. Утратило силу - постановлением акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 7 октября 2011 года N 238

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 07.10.2011 N 238

       В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148-II «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 20 Закона Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года № 2247 «О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним» акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать единовременную материальную помощь к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне (далее – единовременная материальная помощь) следующим категориям граждан:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны – в размере 20 месячных расчетных показателей;
      лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны (за исключением воинов-интернационалистов и участников последствий ликвидаций техногенных катастроф) – в размере 5 000 тенге;
      лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны, а также лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года в тылу в годы Великой Отечественной войны – в размере 2 000 тенге.
      2. Выплата единовременной материальной помощи производится из средств местного бюджета по бюджетной программе 451-020-015 «Выплата единовременной материальной помощи участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным к ним, военнослужащим, в том числе уволенным в запас (отставку), проходившим военную службу в период с 22 июня 1941 года по 3 сентября 1945 года в воинских частях, учреждениях, в военно-учебных заведениях, не входивших в состав действующей армии, награжденным медалью «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг.» или медалью «За победу над Японией», проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев в тылу в годы Великой Отечественной войны к 65-летию Победы в Великой Отечественной войне».
      3. Государственному учреждению «Отдел занятости и социальных программ района Шал акына» обеспечить назначение и выплату единовременной материальной помощи.
      4. Государственному учреждению «Отдел финансов района Шал акына» обеспечить финансирование единовременной материальной помощи в пределах ассигнований, утвержденных бюджетом района.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района по социальным вопросам.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района                                А. Амрин
 
 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына азаматтардың жеке санаттарына біржолғы материалдық көмек көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 68 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданының әділет басқармасында 2010 жылғы 22 сәуірде N 13-14-99 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 7 қазандағы N 238 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын аудандық әкімдігінің 2011.10.07 N 238 Қаулысымен

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысындағы Жеңісінің 65-жылдығына байланысты біржолғы материалдық көмек (әрі қарай - біржолғы материалдық көмек) келесі азаматтардың санаттарына берілсін:
      20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      жеңілдіктер мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (интернационалист–жауынгерлерінен және техногендік апаттарды жою салдарының қатысушыларынан басқа) - 5 000 теңге көлемінде;
      ҰОС жылдарында тылдағы жанкешті еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және айрықша белгілерімен марапатталған тұлғаларға, сонымен қатар, ҰОС жылдары 1941 жылғы 22 маусымынан бастап, 1945 жылғы 9 мамырын қоса тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген (әскери қызмет атқарған) тұлғаларға - 2 000 теңге көлемінде.
      2. Біржолғы материалдық көмектің төленуі жергілікті бюджет қаражаты есебінен 451-020-015 «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ оларға теңестірілген, оның ішінде майдандағы армия құрамына кірмеген, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 3 қыркүйек аралығындағы кезеңде әскери бөлімшелерде, мекемелерде, әскери-оқу орындарында әскери қызметтен өткен, запасқа босатылған (отставка), «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшiн» медалімен немесе «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған әскери қызметшілерге, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда кемінде алты ай жұмыс істеген (қызметте болған) адамдарға біржолғы материалдық көмек төлеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
      3. «Шал ақын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі біржолғы әлеуметтік көмектің тағайындалуы мен төленуін қамтамасыз етсін.
      4. «Шал ақын ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджетпен бекітілген, бөлінген қаражат шегінде біржолғы материалдық көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Әмрин