Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы, и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области от 09 ноября 2010 года N 9389. Зарегистрировано Управлением юстиции города Усть-Каменогорска Департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 06 декабря 2010 года за N 5-1-151. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска от 28 января 2013 года N 5071

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Усть-Каменогорска от 28.01.2013 N 5071 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О занятости населения», в целях социальной защиты лиц, освободившихся из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций, испытывающих трудности в поиске работы, для обеспечения их занятости, акимат города Усть-Каменогорска ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       1. Установить квоту рабочих мест для лиц, освободившихся из мест лишения свободы, и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
       2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

       Аким города Усть-Каменогорска           И. Абишев

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 09 қарашадағы N 9389 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2010 жылғы 06 желтоқсанда № 5-1-151 тіркелді. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы N 5071 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Өскемен қаласы әкімдігінің 28.01.2013 N 5071 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-6) және 5-5) тармақшаларына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды және жұмыс іздеуде қиындықтары бар интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектерін әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін және интернат ұйымдарының кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласының әкімі                  И. Әбішев