Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участкам в январе-марте 2011 года Зеленовского района

Решение акима Зеленовского района Западно-Казахстанской области от 24 декабря 2010 года N 194-1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 18 января 2011 года N 7-7-124. Утратило силу - решением акима Зеленовского района Западно-Казахстанской области от 15 апреля 2011 года N 13

      Сноска. Утратило силу - Решением акима Зеленовского района Западно-Казахстанской области 15.04.2011 N 13.

      Руководствуясь статьей 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и в соответствии со статьей 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе" РЕШИЛ:
      1. Рекомендовать государственному учреждению "Зеленовский районный отдел по обороне Западно Казахстанской области" (по согласованию) организовать и обеспечить в январе-марте 2011 года приписку к призывному участку граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет.
      2. Рекомендовать государственному коммунальному казенному предприятию "Зеленовская районная центральная больница" акимата Западно-Казахстанской области управления здравоохранения (по согласованию) и государственному коммунальному казенному предприятию "Зеленовская районная больница" акимата Западно-Казахстанской области управления здравоохранения (по согласованию) в период приписки к призывным участкам обеспечить медицинское освидетельствование граждан медикаментами, инструментарием и медико-хозяйственным имуществом.
      3. Государственное учреждение "Зеленовский районный отдел занятости и социальных программ" на срок проведения подготовки и проведения приписки в призывном пункте села Переметное с января по март 2011 года из выделить числа безработных стоящих на учете выделить технических и дополнительных работников по необходимости.
      4. Акимам аульных (сельских) округов обеспечить своевременную явку граждан в призывные участки.
      5. Расходы по названному мероприятию должны выплачиваться из средств местного бюджета.
      6. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Г. Кульжанову.
      7. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким района                      Г. Капаков

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник "Зеленовского
      районного отдела по обороне
      Западно-Казахстанской области"
      майор
      _____________М. Есенов
      24.12.2010 г.

      Директор государственного
      коммунального казенного
      предприятия "Зеленовская
      районная больница" акимата
      Западно-Казахстанской области
      управления здравоохранения
      _____________Г. Ислямов
      24.12.2010 г.

      Директор государственного
      коммунального казенного
      предприятия "Зеленовская
      районная центральная
      больница" акимата Западно-
      Казахстанской области
      управления здравоохранения
      _____________А. Утепбаев
      24.12.2010 г.

2011 жылы Зеленов ауданында қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 194-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 18 қаңтарда N 7-7-124 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі N 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің 2011.04.15 N 13 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабын басшылыққа алып және Қазақстан Респуликасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) Зеленов ауданында 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың әскери есебін тіркеуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскесінің әскери есепке қою кезінде азаматтарды медициналық куәландырудан өткізуді дәрі-дәрмекпен, инструментариймен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. "Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Переметный ауылы тіркеу пунктіне тіркеуді дайындау және өткізу кезеңіне 2011 жылғы қаңтардан наурызға дейін есептегі жұмыссыздар қатарынан қажеттілігіне қарай техникалық және қосалқы қызметкерлер ретінде бөлсін.
      4. Ауылдық (селолық) округтерінің әкімдері, азаматтарды шақыру учаскелеріне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. М. Құлжановаға жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Ғ. Қапақов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Батыс Қазақстан облысы
      Зеленов аудандық Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің
      бастығы, майор
      _____________М. Есенов
      24.12.2010 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Зеленов
      аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Ғ. Ислямов
      24.12.2010 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Зеленов
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________А. Өтепбаев
      24.12.2010 ж.