Об организации молодежной практики для безработной молодежи, выпускников учебных заведений

Постановление акимата Абайского района Карагандинской области от 23 июня 2011 года N 13/15. Зарегистрировано Управлением юстиции Абайского района Карагандинской области 25 июля 2011 года N 8-9-110. Утратило силу - постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 1 марта 2012 года N 7/05

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 01.03.2012 N 7/05 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 2009 года N 2162 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2010-2012 годы" и в целях расширения возможностей трудоустройства безработной молодежи, выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования, акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Абайского района" (далее – Уполномоченный орган):
      1) организовать работу по проведению молодежной практики среди безработной молодежи, зарегистрированной в качестве безработных в Уполномоченном органе, из числа выпускников организаций образования, реализующих профессиональные образовательные программы технического и профессионального, после среднего, высшего образования, не старше двадцати девяти лет;
      2) заключить с работодателями, изъявившими желание предоставить временные рабочие места безработным выпускникам профессиональных учебных заведений, в рамках молодежной практики договора на организацию последипломной практики для безработной молодежи;
      3) финансирование мероприятий по проведению молодежной практики проводить за счет средств местного бюджета в пределах средств, по подпрограмме 102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения" бюджетной программы 002 "Программа занятости" и по подпрограмме 011 "За счет трансфертов из республиканского бюджета" бюджетной программы 022 "Поддержка частного предпринимательства в рамках программы "Дорожная карта бизнеса 2020";
      4) предусмотреть оплату труда в рамках бюджета.
      2. Признать утратившим силу постановление акимата Абайского района от 14 декабря 2010 года N 28/18 "Об организации молодежной практики для безработной молодежи, выпускников учебных заведений" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 8-9-96, опубликовано в районной газете "Абай-Ақиқат" от 7 января 2011 года N 1) за исключением пункта 2.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Абайского района Джунуспекову Асем Айтжановну.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Абайского района                      Е. Нашаров

Оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 маусымдағы N 13/15 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 шілдеде N 8-9-110 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 7/05 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2012.03.01 N 7/05 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" N 2162 Қаулысына сәйкес және жұмыссыз жастарды, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган):
      1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген, орта, жоғары  білімнен кейін білім берудің техникалық және кәсіптік кәсіби білім беру бағдарламарын жүзеге асыратын білім ұйымдары түлектерінің қатарынан, жиырма тоғыз жастан үлкен емес жұмыссыз жастардың арасында жастар тәжірибесін өткізу бойынша жұмыс ұйымдастырылсын;
      2) жастар тәжірибесінің аясында кәсіби оқыту орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуда тілек білдірген жұмыс берушілермен жұмыссыз жастар үшін дипломнан кейінгі тәжірибені ұйымдастыруға келісімшарттар жасалсын;
      3) жастар тәжірибесін өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламаның 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары" кіші бағдарламасы және 022 "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламаның аясында жеке кәсіпкерлікті қолдау" бюджеттік бағдарламаның 011 "республикалық бюджеттен трансферттердің есебінен" кіші бағдарламасы бойынша қаражаттардың шегінде жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен жүргізілсін;
      4) бюджеттің аясында еңбекақы төлемі қарастырылсын.
      2. Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 14 желтоқсандағы "Оқу орындарының түлектері, жұмыссыз жастар үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру туралы" N 28/18 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-9-96 болып тіркелген, 2011 жылғы 7 қаңтардағы N 1 "Абай-Ақиқат" аудандық газетте жарияланған) күші 2-тармақты қоспағанда жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Әсем Айтжанқызы Жүніспековаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін әрекет етеді.

      Абай ауданының әкімі                       Е. Нашаров