О Правилах содержания собак и кошек на территории Каркаралинского района

Решение XXXIX сессии Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 23 сентября 2011 года N 39/387. Зарегистрировано Управлением юстиции Каркаралинского района Карагандинской области 26 октября 2011 года N 8-13-104. Утратило силу - решением VI сессии Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 8 июня 2012 года N 6/57

      Сноска. Утратило силу - решением VI сессии Каркаралинского районного маслихата Карагандинской области от 08.06.2012 N 6/57.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить Правила содержания собак и кошек на территории Каркаралинского района (прилагаются).
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии                        Б. Темиржанов

      Секретарь районного маслихата              О. Жукубаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Заместитель акима
      Каркаралинского района
      Б. Токмурзин
      23.09.2011 г.

      Исполняющий обязанности
      начальника государственного учреждения
      "Отдел сельского хозяйства
      и ветеринарии Каркаралинского района"
      Т. Копжасаров
      23.09.2011 г.

      Начальник государственного учреждения
      "Отдел внутренних
      дел Каркаралинского района"
      С. Исабай
      23.09.2011 г.

      Начальник государственного учреждения
      "Управление государственного санитарно-
      эпидемиологического надзора
      по Каркаралинскому району"
      С. Сипатуллин
      23.09.2011 г.

Утверждены решением
Каркаралинского районного маслихата
от 23 сентября 2011 года N 39/387

Правила содержания собак и кошек
на территории Каркаралинского района Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила содержания собак и кошек на территории Каркаралинского района (далее - Правила), разработаны в соответствии c Кодексом Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях", Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии".
      2. Действие настоящих Правил распространяется на физических и юридических лиц находящихся на территории Каркаралинского района, имеющих в собственности или ином владении собак и кошек.

Глава 2. Порядок содержания и выгула собак и кошек

      3. Содержание собак и кошек разрешается при условии соблюдения санитарно-гигиенических, ветеринарно-санитарных требований и настоящих Правил:
      в жилых помещениях, занятых одной семьей;
      в квартире, занятой несколькими семьями, на своей жилой площади (с письменного согласия всех проживающих в квартире);
      на территориях предприятий, организаций, учреждений, садоводческих и дачных товариществ, базах отдыха, собак на привязи или в вольерах и в условиях, исключающих возможность причинения беспокойства, нарушения тишины в ночное время суток и создания опасности для окружающих. При входе на территорию необходимо обеспечить предупреждающую табличку с соответствующей надписью.
      4. Не допускается содержание собак и кошек в местах общего пользования (кухни, коридоры, лестничные площадки, подвалы, чердаки, лоджии, балконы и другие подсобные помещения), на придомовых территориях (кроме придомовых территорий домов индивидуального жилищного фонда), в гостиницах.
      5. Не допускается разведение и отлов собак и кошек с целью использования их шкур и мяса.
      6. Не допускается организация и проведение собачьих боев и других мероприятий, допускающих жестокость по отношению к животным.
      7. Кооперативам собственников квартир, жилищным кооперативам, кооперативам собственников помещений, кондоминиумам рекомендуется:
      1) содержать входы в подвалы, на чердаки и в другие подсобные помещения в закрытом состоянии, исключающие проникновение туда собак и кошек;
      2) сообщать организациям, занимающимся отловом животных, о наличии на своей территории бездомных собак и кошек.
      8. Собаки, находящиеся в общественных местах (улицах, дворовых территориях, парках, скверах и прочих местах) без ошейников и намордников, без сопровождающих лиц, кроме оставленных владельцами на привязи, считаются безнадзорными и подлежат отлову соответствующими организациями.
      9. Отлов безнадзорных собак и кошек осуществляется соответствующими организациями, заключившими договор с местным исполнительным органом, в котором регламентируются условия отлова.
      10. Допускается выгул:
      1) собак в наморднике (кроме собак декоративных пород) и на коротком поводке при соблюдении санитарного состояния территорий, не создавая беспокойства и помех окружающим;
      2) собак без поводка и намордника на огороженных территориях, дрессировочных площадках и в предусмотренных для этих целей местах.
      11. Не допускается выгул собак:
      1) на детских дворовых и спортивных площадках, территориях детских дошкольных и учебных заведений, лечебных учреждений, парках и в других местах массового отдыха граждан;
      2) в местах скопления народа и в местах проведения общественных мероприятий, за исключением служебных собак, выполняющих работу по спасению людей, а также по борьбе с преступностью и охране общественного порядка, и собак-поводырей для людей со слабым зрением.

Глава 3. Заключительные положения

      12. Контроль за соблюдением настоящих Правил содержания собак и кошек на территории Каркаралинского района осуществляют государственные органы, уполномоченные на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      13. За нарушение требований настоящих Правил виновные лица несут ответственность в соответствии со статьей 311 Кодекса Республики Казахстан "Об административных правонарушениях".

Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесі туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 2011 жылғы 23 қыркүйектегі XXXIX сессиясының N 39/387 шешімі. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 26 қазанда N 8-13-104 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының VI сессиясының 2012 жылғы 8 маусымдағы N 6/57 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының VI сессиясының 2012.06.08 N 6/57 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесі бекітілсін (қоса тіркелген).
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы                            Б. Теміржанов

      Аудандық Мәслихат хатшысы                  О. Жүкібаев

      КЕЛIСIЛДI:

      Қарқаралы ауданы әкiмiнiң
      орынбасары
      Б. Тоқмурзин
      23.09.2011 ж.

      "Қарқаралы аудандық ауыл шаруашылығы
      және ветеринария бөлiмi"
      мемлекеттік мекемесінің бастығының
      міндетін атқарушы
      Т. Көпжасаров
      23.09.2011 ж.

      "Қарқаралы ауданының iшкi iстер
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      С. Исабай
      23.09.2011 ж.

      "Қарқаралы ауданы бойынша мемлекеттiк
      санитарлық-эпидемиялық
      қадағалау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      С. Сипатуллин
      23.09.2011 ж.

Қарқаралы аудандық мәслихатының
2011 жылғы 23 қыркүйектегі
N 39/387 шешімімен бекітілген

Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесi 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесi (бұдан әрi - Ереже), "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Ереженiң күшi Қарқаралы ауданы аумағындағы жеке және басқадай меншiгiнде иттерi мен мысықтары бар жеке және заңды тұлғаларға таралады.

2-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету тәртiбi

      3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық талаптар мен осы Ереженi сақтаған жағдайда рұқсат етіледі:
      бір жанұя тұратын тұрғын үй-жайда;
      бiрнеше жанұялар тұратын пәтерде, тек өзi тұратын тұрғын үй көлемiнде (пәтерде тұратын барлығының жазбаша келiсiмiмен);
      кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, бағбандық және саяжайлық бiрлестiктердiң аумағында, демалыс базаларында иттердi байлаулы немесе арнаулы вольерлерде, түнгi уақыттарда мазалау, тыныштықты бұзу және айналасындағылар үшiн қауiп төндiру мүмкiндiктерiн болдырмайтын жағдайларда ұстау қажет. Аумаққа кiреберiсте тиiстi жазу жазылған ескерту кестесiн қамтамасыз ету қажет.
      4. Иттер мен мысықтарды көпшiлiк пайдаланатын орындарда (асханаларда дәлiздерде, баспалдақтар бөлiктерiнде, жертөледе, шатырлар астында, лоджияларда, балкондарда және басқа да қосалқы үй-жайларда), үй жанындағы аумақтарда (жеке тұрғын үй қоры үйлерiнiң жанындағы аумақтардан басқа), қонақүйлерде ұстауға жол берілмейді.
      5. Иттер мен мысықтарды олардың терiсiн және етін пайдалану мақсатында өсiруге және аулауға жол берілмейді.
      6. Иттердi таластыруға және басқа да жануарларға қатысты қатыгез іс-шаралар ұйымдастыру мен өткiзуге жол берілмейді.
      7. Пәтер иелерiнiң кооперативтерiне, тұрғын үй кооперативтерiне, үй-жай иелерінің кооперативтерiне, кондоминиумдарға:
      1) жертөлелерге, шатырлар астына және басқа да қосалқы үй-жайларға кіретін есiктердi онда иттер мен мысықтардың кiрiп кетуiне жол бермейтіндей жабық күйiнде ұстау;
      2) жануарларды аулаумен айналысатын ұйымдарға өзiнiң аумағында бұралқы иттер мен мысықтардың бары туралы хабарлау ұсынылады.
      8. Қоғамдық орындарда (көшелерде, аулалық аумақтарда, саябақтарда, скверлерде және басқа орындарда) қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иесіз жүрген иттер, иесi байлап кеткендерден басқасы, қараусыз деп есептеледі және тиісті ұйымдардың аулауына жатады.
      9. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулауды жергiлiктi атқарушы органмен, онда аулаудың шарттары реттелетiн шарт жасасқан тиiстi ұйым жүзеге асырады.
      10. Серуендетуге жол берiледi:
      1) айналасындағыларға мазасыздық және кедергi тудырмай, аумақтың санитариялық жағдайын сақтағанда тұмылдырық кигiзiлген (сәндiк тұқымды иттерден басқалары) және қысқа баудағы иттердi;
      2) қоршалған аумақтарда, жаттықтыру алаңдарында және осы мақсаттар үшін қарастырылған орындарда қарғыбаусыз және тұмылдырықсыз иттердi.
      11. Иттердi серуендетуге жол берілмейді:
      1) балалар аулалық және спорттық алаңқайларында, мектепке дейiнгi балалар және оқу орындарының, емдеу мекемелерiнiң аумақтарында, саябақтарда және басқа қала тұрғындарының жаппай демалатын орындарында;
      2) халық көп жиналатын орындарда және қоғамдық iс-шаралар өтетiн жерлерде адамдарды құтқару бойынша, сондай-ақ қылмыспен күрес және қоғамдық тәртiптi сақтау бойынша жұмыстарды орындайтын қызметтiк иттерді және көзi нашар көретiн адамдар үшiн жетектеушi иттердi қоспағанда.

3-тарау. Қорытынды ережелер

      12. Қарқаралы ауданы аумағында иттерді және мысықтарды күтіп ұстау Ережесінің сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
      13. Осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.