Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение Приозерского городского маслихата Карагандинской области от 10 ноября 2011 года N 307/45. Зарегистрировано Управлением юстиции города Балхаш Карагандинской области 9 декабря 2011 года N 8-4-255. Утратило силу решением XXXIV сессии Приозерского городского маслихата Карагандинской области от 25 июня 2014 года № 34/238

      Сноска. Утратило силу решением XXXIV сессии Приозерского городского маслихата Карагандинской области от 25.06.2014 № 34/238 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 04 декабря 2008 года, Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 28 апреля 1995 года "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить категорию граждан, нуждающихся в дополнительной социальной помощи:
      1) участники Великой Отечественной войны;
      2) лица, приравненные к участникам Великой Отечественной войны;
      3) инвалиды;
      4) детям-инвалидам.
      2. Финансирование расходов на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан производится по программе 451007 "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решениям местных представительных органов" в пределах средств, предусмотренных в бюджете города.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по вопросам бюджета и социальной сферы (Жолдас Б.К.).
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии,
      секретарь городского маслихата             Е. Омаров

      СОГЛАСОВАНО

      Начальник отдела занятости и
      социальных программ
      ____________________ Б. Битин
      «___»_____________ 2011 год

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2011 жылғы 10 қарашадағы N 307/45 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 9 желтоқсанда N 8-4-255 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы XXХIV сессиясының № 34/238 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қалалық мәслихатының 25.06.2014 XXХIV сессиясының № 34/238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымша әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санаттары бекітілсін:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар;
      3) мүгедектер;
      4) мүгедек балалар.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шығындары "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" 451007 бағдарламасы бойынша қала бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қаржыландырылады.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты бюджет және әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін (Жолдас Б.Қ.).
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы,
      қалалық мәслихат хатшысы                   Е. Омаров

      КЕЛІСІЛДІ

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімінің бастығы
      __________________ Б. Битин
      "____"____________ 2011 жыл.