Об организации молодежной практики в рамках реализации программы "Дорожная карта бизнеса - 2020"

Постановление Кызылординского городского акимата от 30 июня 2011 года N 1565. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 11 июля 2011 года за N 10-1-177. Утратило силу - постановлением Кызылординского городского акимата от 24 января 2012 года N 3005

      Сноска. Утратило силу - постановлением Кызылординского городского акимата от 24.01.2012 N 3005.

      В соответствии с подпунктами 13)14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 5718-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года N 149 "О занятости населения", статьями 158 Закона Республики Казахстан от 7 июля 2004 года N 581 "О государственной молодежной политике в Республике Казахстан", акимат города Кызылорды ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Государственному учреждению "Городской отдел занятости и социальных программ" в рамках реализации программы "Дорожная карта бизнеса – 2020" организовать трудоустройство выпускников высших учебных заведений, колледжей и лицеев по специальностям.
      2. Трудоустройство осуществлять по следующим критериям:
      1) безработной молодежи получившей дипломы, зарегистрированные в качестве безработных в государственном учреждении "Городской отдел занятости и социальных программ";
      2) в соответствии с представленной потребностью направлять выпускников с требуемой квалификацией на предложенные рабочие места;
      3) возраст выпускника до 29 лет;
      4) орган занятости и выпускник, направляемый на молодежную практику, заключают двухсторонний договор о прохождении молодежной практики.
      3. Срок заключения трудового договора до 6 месяцев.
      4. Молодежная практика для безработной молодежи получившей дипломы организуется и проводится в предприятиях бизнеса не финансируемых из государственного бюждета.
      5. Оплата труда Участников осуществляется из республиканского бюджета в размере 26 000 (двадцати шести тысяч) тенге путем перечисления средств на их лицевой счет. На участников молодежной практики распространяется трудовое законодательство, законодательство о пенсионном обеспечении и социальном страховании.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Н. Жалиева.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      АКИМ ГОРОДА                               М. ЖАЙЫМБЕТОВ

"Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру аясында жастар практикасын ұйымдастыру туралы"

Қызылорда қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 1565 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 11 шілдеде N 10-1-177 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қаңтардағы N 3005 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қаласы әкімдігінің 2012.01.24  N 3005 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1 тармағының 13)14)тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5718-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 158баптарына сәйкес, Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"мемлекеттік мекемесі "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру аясында жоғарғы оқу орындарының, колледждер мен кәсіптік лицейлердің кәсіби мамандыққа диплом алған түлектердің біліктілігіне сәйкес жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.
      2. Жұмыспен қамту төмендегі критерийлер бойынша жүзеге асырылсын:
      1) диплом алған жұмыссыз жастар "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелуі;
      2) қажеттілікке сәйкес талап етілетін біліктілігі бар түлектерді ұсынылған жұмыс орындарына жіберілуі;
      3) түлектің жасы 29 жасқа дейін болуы;
      4) жұмыспен қамту органы және жастар практикасына жіберілетін түлек жастар практикасын өту туралы екі жақты шарт жасалуы.
      3. Еңбек шартын жасасу мерзімі 6 айға дейін.
      4. Диплом алған жұмыссыз жастардың тәжірибесі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылмайтын бизнес кәсіпорындарында ұйымдастырылады.
      5. Қатысушылардың еңбегін төлеу республикалық бюджеттен 26 000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде қаржыны олардың дербес шотына аудару жолымен жүзеге асырылады. Жастар практикасының қатысушыларына еңбек заңнамасы, зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама қолданады.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Н. Жәлиевке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                            М. ЖАЙЫМБЕТОВ