Об установлении повышенных на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок специалистом сфере здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, работающим в аульной (сельской) местности

Решение Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 22 ноября 2011 года N 300. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 15 декабря 2011 года за N 10-5-170. Утратило силу - Решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 19 ноября 2012 года N 61

      Сноска. Утратило силу - Решением Кармакшинского районного маслихата Кызылординской области от 19.11.2012 N 61.

      Примечание РЦПИ:
      В тексте сохранена авторская орфография и пунктуация.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года, Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения" от 18 сентября 2009 года, Закона Республики Казахстан "Об образовании" от 27 июля 2007 года, Кодекса Республики Казахстан "Трудовой кодекс Республики Казахстан" от 15 мая 2007 года, Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" от 8 июля 2005 года Кармакшинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить специалистам сферы здравоохранения, социального
обеспечения, образования, культуры и спорта, работающим в аульной (сельской) местности Кармакшинского района, повышенные на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки.
      2. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата четвертого созыва "По финансам, бюджету, социальной, молодежной политике, правопорядку и культурным вопросам".
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
      45-сессии Кармакшинского
      районного маслихата                               А. Сержанова

      Секретарь Кармакшинского
      районного маслихата                               М. Ерманов

Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының мамандарына жиырма бес процентке жоғарыланған лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 қарашадағы N 300 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2011 жылы 15 желтоқсанда N 10-5-170 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 19 қарашадағы N 61 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2012.11.19 N 61 Шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қармақшы аудандық мэслихаты ШЕШЕДІ:
      1. Қармақшы ауданының ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының мамандарына жиырма бес процентке жоғарыланған лауазымдық жалақылар және тарифтік ставкалар белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың төртінші шақырылған "Қаржы, бюджет, әлеуметтік, жастар саясаты, құқық қорғау және мәдени мәселелер жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      45-сессиясының төрағасы                      Ә. Сержанова

      Қармақшы аудандық
      мәслихатының хатшысы                         М. Ерманов