Об организации приписки граждан 1995 года рождения к призывному участку

Решение акима Мунайлинского района от 23 декабря 2011 года № 121-Ш. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 30 января 2012 года № 11-7-106

      В соответствии со статьей 17 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года № 74 « О воинской обязанности и воинской службе », со статьей 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 « О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан » и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 мая 2006 года № 371 « Об утверждении Правил о порядке ведения воинского учета военнобязанных и призывников в Республике Казахстан », РЕШИЛ:
      1. В период с января по март 2012 года провести приписку к призывному участку государственного учреждения «Отдела по делам обороны Мунайлинского района» граждан мужского пола 1995 года рождения, которым в год приписки исполняется семнадцать лет.
      2. Рекомендовать государственному коммунальному казенному предприятию «Мунайлинская центральная районная больница» (Ширшикбаев А.Е. по согласованию):
      1) врачей подростковых кабинетов для качественного и полного обеспечения медицинскими документами приписываемых;
      2) врачей-специалистов и медицинских сестер для проведения дополнительной медицинской комиссии в случае увеличения количества приписываемых к призывному участку;
      3) резервный состав врачей-специалистов;
      4) выделить необходимое медицинское имущество, инструменты и медикаменты для работы медицинской комиссии.
      3. Рекомендовать руководителям предприятий, учреждений, организаций и учебных заведений, независимо от форм собственности:
      1) оповещать граждан, подлежащих приписке, о вызове их в районный призывной участок и обеспечивать своевременное прибытие;
      2) освободить от работы (учебы) на время, необходимое для выполнения обязанностей, связанных с постановкой допризывников на воинский учет, с сохранением за ними места работы (учебы) и занимаемой должности.
      4. Рекомендовать государственному учреждению «Отделу внутренних дел Мунайлинского района» (Абдраманов Б.Ж. по согласованию) выделить одного человека для поддержания общественного порядка на призывном участке и два человека для розыскной группы.
      5. Акимам сельских округов в период проведения приписки на призывной участок, организовать оповещение и обеспечить своевременное прибытие допризывников.
      6. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на заместителя акима района Ондабаеву К. и начальника государственного учреждения «Отдела по делам обороны Мунайлинского района» Мендбаева Г.И.
      7. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким                                    Абилов Е.

1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Мұнайлы ауданының әкімінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 121-Ш шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 қаңтарда № 11-7-106 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабынa, Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қаулысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз аралығында «Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
      2. «Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (А.Е.Ширшикбаев, келісім бойынша):
      1) тіркелушілерді медициналық құжаттармен сапалы және толық қамтамасыз ету үшін жеткіншектер кабинеттерінің дәрігерлерін;
      2) шақыру учаскесінде тіркелушілер саны көбейген жағдайда қосымша медициналық комиссиядан өткізу үшін дәрігер мамандарды және медбикелерді;
      3) дәрігер-мамандардың резервтік құрамын;
      4) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді бөлу.
      3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
      1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық шақыру учаскесіне шақырғаны туралы хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз ету;
      2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс (оқу) орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
      4. «Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Б.Ж.Абдраманов, келісім бойынша) шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін бір адам және іздестіру тобы үшін екі адам бөлу ұсынылсын.
      5. Селолық округ әкімдері шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу кезінде әскер жасына дейінгілерді хабардар етуді ұйымдастырсын және уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Оңдабаевқа және «Мұнайлы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Г.И.Мендбаевқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                    Е. Әбілов