Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2011 года

Постановление акимата города Аркалыка Костанайской области от 4 апреля 2011 года № 137. Зарегистрировано Управлением юстиции города Аркалыка Костанайской области 14 апреля 2011 года № 9-3-147

      В соответствии с подпунктом 8) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании статьи 19 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О воинской обязанности и воинской службе", акимат города Аркалыка ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать работу призывной комиссии и обеспечить проведение в апреле-июне, октябре-декабре 2011 года очередного призыва на срочную воинскую службу, граждан мужского пола, в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.
      2. Государственному учреждению "Управление внутренних дел города Аркалыка Департамента внутренних дел Костанайской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (по согласованию) в период проведения призыва и отправок команд рекомендовать:
      1) обеспечить доставку лиц, уклоняющихся от призыва на воинскую службу;
      2) обеспечить охрану общественного порядка при отправке и убытии призывников на областной сборный пункт в город Костанай.
      3. Контроль за исполнением постановления возложить на заместителя акима города Шалдыбаева Н.
      4. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 апреля 2011 года.

      Аким города Аркалыка                       Т. Тулеубаев

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного учреждения
      "Отдел по делам обороны города Аркалыка
      Костанайской области"
      _________________ С. Жаркин

      Начальник государственного учреждения
      "Управление внутренних дел города Аркалыка
      Департамента внутренних дел Костанайской области
      Министерства внутренних дел Республики Казахстан"
      ______________ Е. Смагулов 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 137 қаласы. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 сәуірде № 9-3-147 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабы негізінде, Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шақыру комиссиясының жұмысы ұйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу қамтамасыз етілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаментінің Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде:
      1) Әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген тұлғаларды жеткізуді қамтамасыз ету;
      2) шақырушыларды Қостанай қаласының облыстық жиын пунктіне жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Қаулының орындалуына бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Шалдыбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Арқалық қаласының әкімі                    Т. Төлеубаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы Арқалық қаласының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________ С. Жаркин

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      Министрлігі Қостанай облысының ішкі істер
      Департаментінің Арқалық қаласының
      ішкі істер басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________________ Е. Смағұлов