Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку города Аркалыка

Решение акима города Аркалыка Костанайской области от 26 декабря 2011 года № 9. Зарегистрировано Управлением юстиции города Аркалыка Костанайской области 13 января 2012 года № 9-3-160

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и на основании пункта 3 статьи 17 Закона Республики Казахстан "О воинской обязанности и воинской службе" от 8 июля 2005 года РЕШИЛ:
      1. Организовать и обеспечить в январе - марте 2012 года приписку граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку города Аркалыка через государственное учреждение "Отдел по делам обороны города Аркалык Костанайской области" (по согласованию).
      2. Акимам сел и сельских округов обеспечивать своевременное прибытие граждан, подлежащих приписке к призывному участку.
      3. Рекомендовать государственному учреждению "Отдел по делам обороны города Аркалык Костанайской области" (по согласованию) совместно с государственным коммунальным казенным предприятием "Аркалыкская региональная поликлиника" Управления здравоохранения акимата Костанайской области (по согласованию) провести мероприятия по приписке.
      4. Рекомендовать государственному учреждению "Управление внутренних дел города Аркалыка Департамента внутренних дел Костанайской области Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (по согласованию) осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от приписки к призывному участку.
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      акима города Аркалыка                      Е. Жаманов

      СОГЛАСОВАНО:

      Главный врач государственного
      коммунального казенного
      предприятия "Аркалыкская
      региональная поликлиника"
      Управления здравоохранения
      акимата Костанайской области
      ________________ И. Туранина

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел по делам
      обороны города Аркалык
      Костанайской области"
      _________________ С. Жаркин

      Начальник государственного
      учреждения "Управление
      внутренних дел города
      Аркалыка Департамента
      внутренних дел Костанайской
      области Министерства
      Внутренних дел
      Республики Казахстан"
      ___________________ Е. Смагулов

Азаматтарды Арқалық қаласының шақыру учаскесіне тіркелуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 9 шешімі. Қостанай облысы Арқалық қаласының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 қаңтарда № 9-3-160 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылғы қаңтар-наурызда "Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы Арқалық қаласының шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Ауылдар және ауылдық округтердің әкімдері тіркеуге жататын азаматтарды шақыру учаскесіне уақытында келуін қамтамасыз етсін.
      3. "Қостанай облысы Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Арқалық өңірлік емхана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен (келісім бойынша) бірлесіп, тіркеу бойынша іс шараларды өткізу ұсынылсын.
      4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеуден жалтарған азаматтарды іздестіру және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арқалық қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Е. Жаманов

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай облысы әкімдігі
      денсаулық сақтау басқармасының
      "Арқалық өңірлік емханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      _____________________ И. Туранина

      "Қостанай облысы Арқалық қаласының
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ С. Жаркин

      "Қазақстан Республикасының Ішкі
      істер министрлігі Қостанай облысының
      Ішкі істер департаментінің Арқалық
      қаласының ішкі істер басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________________ Е. Смағұлов