Об определении перечня целевых групп населения

Постановление акимата Амангельдинского района Костанайской области от 5 мая 2011 года № 97. Зарегистрировано Управлением юстиции Амангельдинского района Костанайской области 13 мая 2011 года № 9-6-128

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 57 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и в целях содействия занятости целевых групп населения, акимат Амангельдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить перечень целевых групп населения по Амангельдинскому району на 2011 год, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Амангельдинского района" предусмотреть меры по содействию занятости целевым группам населения.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Хайруллина С.У.

      Аким района                                С. Ахметов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник Государственное учреждение
      "Отдел занятости и социальных программ
      Амангельдинского района"
      ______________________ М. Тобагабулов

Приложение           
к постановлению акимата    
от 5 мая 2011 года      
№ 97              

ПЕРЕЧЕНЬ
целевых групп населения по
Амангельдинскому району на 2011 год

      1. Малообеспеченные.
      2. Молодежь в возрасте до двадцати одного года.
      3. Воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет.
      4. Одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей.
      5. Граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре.
      6. Лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту).
      7. Инвалиды.
      8. Лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан.
      9. Лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения.
      10. Оралманы.
      11. Выпускники организаций высшего и послевузовского образования.
      12. Лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя-юридического лица либо прекращением деятельности работодателя-физического лица, сокращением численности или штата работников.
      13. Выпускники организаций технического и профессионального образования, после среднего образования, не имеющие опыта стажа работы по полученной специальности.
      14. Длительно неработающие граждане (год и более).
      15. Лица старше пятидесяти лет.

Халықтың нысаналы топтарының тізбесін анықтау туралы

Қостанай облысы Аманкелді ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 97 қаулысы. Қостанай облысы Аманкелді ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 мамырда № 9-6-128 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57-баптарына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында, Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2011 жылға арналған Аманкелді ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі анықталсын.
      2. "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қарастырсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.У. Хайруллинге жүктелсін.

      Аудан әкімі                                С. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аманкелді ауданының жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ М.Тобағабулов

Әкімдіктің    
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 97 қаулысына қосымша

Аманкелді ауданы бойынша халықтың
нысаналы топтарының 2011 жылға
ТІЗБЕСІ

      1. Табысы аз адамдар.
      2. Жиырма бір жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар.
      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
      7. Мүгедектер.
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      9. Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      10. Оралмандар.
      11. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер.
      12. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
      13. Алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.
      14. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп).
      15. Елу жастан асқан адамдар.