О материальном обеспечении детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому

Постановление акимата Узункольского района Костанайской области от 22 августа 2011 года № 244. Зарегистрировано Управлением юстиции Узункольского района Костанайской области 14 сентября 2011 года № 9-19-160

       В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 16 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", стандартом оказания государственной услуги "Оформление документов для материального обеспечения детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому", утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами", решением Узункольского районного маслихата от 22 декабря 2010 года № 325 "О районном бюджете 2011-2013 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9-19-143), в целях реализации бюджетной программы "Материальное обеспечение детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому" акимат Узункольского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Обеспечить оказание следующего вида социальной выплаты из районного бюджета:
      ежемесячную социальную помощь детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому, в размере восьмикратного месячного расчетного показателя, установленного законодательством Республики Казахстан на 2011 год.
      2. Выплата социальной помощи производится в течение 10 рабочих дней с момента подачи заявления, путем перечисления денежных средств на банковский счет получателя социальной помощи через банки второго уровня или организации, имеющие лицензии на соответствующие виды банковских операций.
      3. Определить уполномоченным органом по назначению и выплате социальной помощи государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Узункольского района".
      4. Установить, что:
      1) социальная помощь детям-инвалидам, воспитывающимся и обучающимся на дому, назначается с месяца обращения на текущий квартал и выплачивается в течении соответствующего учебного года;
      2) выплата социальной помощи не производится в период проживания детей-инвалидов в домах-интернатах или санаторных школах.
      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Кузенбаева Э.К.
      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 1 января 2011 года.

      Аким
      Узункольского района                       Т. Ташмагамбетов

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 244 қаулысы. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 14 қыркүйекте № 9-19-160 тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 16-бабына, "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген "Үйде оқитын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартына, "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" Ұзынкөл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 325 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 9-19-143 тіркелген) сәйкес, "Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық бюджеттен әлеуметтік төлемінің мынадай түрін көрсету қамтамасыз етілсін:
      2011 жылға үйден тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек балаларға Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген сегіз есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек.
      2. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы әлеуметтік көмек алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен өтініш берген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде жүргізіледі.
      3. "Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті органы болып белгіленсін.
      4. Белгіленсін:
      1) үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек өтініш жасаған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және тиісті оқу жылы бойы төленеді;
      2) мүгедек балалар үй-интернаттарда немесе санаторлық мектептерде тұрған кезеніне әлеуметтік көмек төлемі жүргізілмейді.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Э.К. Күзенбаевқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға өз іс-әрекетін таратады.

      Ұзынкөл
      ауданының әкімі                            Т. Ташмағамбетов