Об определении порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп на территории Есильского района

Постановление акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 25 апреля 2011 года N 96. Зарегистрировано Управлением юстиции Есильского района Северо-Казахстанской области 18 мая 2011 года N 13-6-168. Утратило силу - постановлением акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 24 октября 2011 года N 252

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Есильского района Северо-Казахстанской области от 24.10.2011 N 252

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан», пунктом 4 статьи 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 «О занятости населения» акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп на территории Есильского района согласно приложению.
      2. Уполномоченному органу по вопросам занятости государственному учреждению «Отдел занятости и социальных программ Есильского района Северо-Казахстанской области» (далее - Уполномоченный орган) осуществлять реализацию порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп.
      3. Возложить на Уполномоченный орган заключение договоров на организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Бектасову А.К.
      5. Настоящие постановление вводится в действие по истечению десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Аким Есильского района                     А. Бегманов

Приложение
к постановлению акимата района
от 25 апреля 2011 года
№ 96

Порядок отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп

      1. Работодатель, изъявивший желание на организацию социальных рабочих мест подает в Уполномоченный орган заявку в произвольной форме с указанием количества открываемых социальных рабочих мест, размера оплаты труда с приложением справки с налогового комитета об отсутствии задолженности по платежам за последний месяц, предшествующий дате подачи заявки.
      2. При отборе работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест, Уполномоченный орган учитывает следующие требования: отсутствие задолженности по платежам в бюджет, размер заработной платы предлагаемой работодателем, возможность предоставления безработному постоянной работы по истечении срока действия заключенного договора с уполномоченным органом.
      3. Работодатель, прошедший отбор заключает договор с Уполномоченным органом на организацию социальных рабочих мест в течении десяти рабочих дней со дня подачи заявки. В договоре отражаются обязанности сторон, виды работ, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест, количество направляемых безработных. Работа носит временный характер и для ее организации не могут быть использованы постоянные рабочие места и вакансии.
      4. Направление безработных из целевых групп населения для трудоустройства на социальные рабочие места осуществляется Уполномоченным органом в течении пяти рабочих дней со дня заключения договора с согласия безработных.
      5. Работодатель принимает на социальное рабочее место направляемого безработного, заключает с ним трудовой договор, предоставляет рабочее место, соответствующее нормам техники безопасности. Срок занятости безработных на социальных рабочих местах определяется договором.
      6. Работодатели для возмещения расходов по оплате труда из средств бюджета ежемесячно до 5 числа месяца следующего за отчетным предоставляют в Уполномоченный орган в установленном порядке: выписку из приказа о приеме на работу, табель учета рабочего времени и акт выполненных работ.
      7. Контроль за исполнением настоящего порядка отбора работодателей, предлагающих организацию социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп, возлагается на Уполномоченный орган.

Есіл ауданының аумағында нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін анықтау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі N 96 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 18 мамырда N 13-6-168 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 24 қазандағы N 252 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық әкімдігінің 2011.10.24 N 252 Қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 18-1-бабы 4-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Есіл ауданының аумағында нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі анықталсын.
      2. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін жүзеге асырсын.
      3. Уәкілетті органға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін келісімдерді жасау жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К.Бектасоваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі                       А. Бегманов

Аудан әкімдігінің
2011 жылғы 25 сәуірдегі
№ 96 қаулысына
қосымша

Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі

      1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға қалауын білдірген жұмыс беруші Уәкілетті органға ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының санын, өтінімді берудің мерзіміне соңғы айда төлемдер бойынша берешектің жоқтығы жөніндегі салық комитетінен анықтаманы қосып, еңбек төлеу мөлшерін белгілеп, еркін нысанда өтінім береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу барысында Уәкілетті орган келесі талаптарды есепке алады: бюджетке төлемдер бойынша берешектің болмауы, жұмыс беруші ұсынатын жалақы мөлшері, уәкілетті органмен жасалған келісім-шарттың қолданыс мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсынудың мүмкіндігі.
      3. Іріктеуден өткен жұмыс беруші өтінім берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Уәкілетті органмен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға келісім-шарт жасайды. Келісім-шартта тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері, жұмыс көлемі, еңбекті төлеу мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және мерзімдері, жолданатын жұмыссыздардың саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болып табылады және оны ұйымдастыруға тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
      4. Нысаналы топтағы халықтың санынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрғызу үшін жолдауды Уәкілетті орган жұмыссыздардың келісімімен келісім-шарт жасаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырады.
      5. Жұмыс беруші жолданған жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдап, онымен еңбек шартын жасайды, қауіпсіздік техникасының нормаларына сәйкес келетін жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамтылу мерзімі келісім-шартпен анықталады.
      6. Жұмыс берушілер бюджет қаражатынан еңбекті төлеу бойынша шығындарды өтеу үшін ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-і күніне дейін Уәкілетті органға белгіленген тәртіпте: жұмысқа қабылданғаны жөніндегі бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытын есепке алу табелі мен атқарылған жұмыстардың актісін ұсынады.
      7. Осы нысаналы топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.