О возмещении затрат родителям или иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому

Постановление Жылыойского районного акимата Атырауской области от 23 декабря 2011 года № 359. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 30 декабря 2011 года № 4-2-164. Утратило силу - постановлением Жылыойского районного акимата Атырауской области от 07 марта 2013 года № 123

      Сноска. Утратило силу - постановлением Жылыойского районного акимата Атырауской области от 07.03.2013 № 123.
      В соответствии со статьями 3137 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 13 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", статьей 36 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", статьями 1129 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 394 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты, оказываемых местными исполнительными органами" и постановлением акимата Атырауской области от 21 ноября 2011 года № 329 "О возмещении затрат родителям или иным законным представителям детей-инвалидов, обучающихся и воспитывающихся на дому" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Оказать материальную помощь в размере 2,4 месячного расчетного показателя ежемесячно, родителям или иным законным представителям детей-инвалидов для возмещения затрат на обучение и воспитание на дому.
      2. Отделу занятости и социальных программ Жылыойского района принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Е. Далабаева – заместителя акима района.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации, вводится в действие со дня первого офицального опубликования и распространяется на отношения возникшие с 1 августа 2011 года.

      Аким района                                Р. Нугманов

Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балаларды ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 359 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2011 жылғы 30 желтоқсанда № 4-2-164 тіркелді. Күші жойылды - Жылыой ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 123 қаулысымен

      Күші жойылды -  Жылыой ауданы әкімдігінің 2013.03.07 № 123 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 36-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11, 29 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 "Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" қаулысына және Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 329 "Үйде оқытылатын және тәрбиеленетін мүгедек балалардың ата-аналары немесе өзге заңды өкілдерінің шығындарын өтеу туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедек балалардың ата-аналарына немесе өзге заңды өкілдеріне үйде тәрбиелеу мен оқыту шығындарын өтеу үшін ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмек көрсетілсін.
      2.  Жылыой ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Далабаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнннен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 тамызынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі                                Р. Нұғманов