Об определении целевых групп населения Кокпектинского района на 2011 год

Постановление акимата Кокпектинского района Восточно-Казахстанской области от 07 апреля 2011 года N 1003. Зарегистрировано управлением юстиции Кокпектинского района департамента юстиции Восточно-Казахстанской области 25 апреля 2011 года за N 5-15-85. Утратило силу - постановлением акимата Кокпектинского района Восточно-Казахстанской области от 16 апреля 2012 года N 143

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Кокпектинского района Восточно-Казахстанской области от 16.04.2012 N 143.

      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», статьей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 «О занятости населения» акимат Кокпектинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие целевые группы населения по Кокпектинскому району на 2011 год:
      1) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      2) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      3) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      4) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      5) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      6) инвалиды;
      7) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      8) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      9) оралманы;
      10) малообеспеченные;
      11) выпускники школ, организаций технического и профессионального, высшего и послевузовского образования;
      12) студенты и учащиеся школ во время летних каникул;
      13) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя – юридического лица либо прекращением деятельности работодателя – физического лица, сокращением численности или штата работников;
      14) лица, не работающие длительное время (более одного года);
      15) женщины старше 50 лет;
      16) мужчины старше 55 лет.
      2. Государственному учреждению «Отдел занятости и социальных программ Кокпектинского района»:
      1) принять меры по обеспечению временной занятости лиц, отнесенных к целевым группам населения;
      2) обеспечить содействие в трудоустройстве лиц, отнесенных к целевым группам населения.
      3. Контроль за исполнением данного постановления возложить на заместителя акима района Нургалиева Е.Ж.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      И.о. акима Кокпектинского района             Е. Нургалиев

2011 жылға Көкпекті ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 07 сәуірдегі N 1003 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 25 сәуірде N 5-15-85 тіркелді. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 сәуірдегі N 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012.04.16 N 143 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының  2) тармақшасына сәйкес Көкпектi ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2011 жылға Көкпекті ауданы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) жасы жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте үнемі күтімді, көмекті және қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды күтіп ұстайтын азаматтар;
      5) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
      8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) табысы аз адамдар;
      11) мектептердің, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
      12) жазғы демалыс уақытындағы студенттер мен мектеп оқушылары;
      13) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
      14) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      15) 50 жастан асқан әйелдер;
      16) 55 жастан асқан ерлер.
      2. «Көкпекті ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Көкпекті аудан әкімінің м.а.            Е. Нұрғалиев