Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на пастбищах Копа, Коспа Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области

Решение акима Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 18 ноября 2011 года № 6. Зарегистрировано управлением юстиции Чингирлауского района Западно-Казахстанской области 2 декабря 2011 года № 7-13-143. Утратило силу - решением акима Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 29 декабря 2011 года № 7

      Сноска. Утратило силу - Решением акима Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области от 29.12.2011 № 7

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", на основании представления главного государственного ветеринарно–санитарного инспектора Чингирлауского района от 17 октября 2011 года № 454 и в целях ликвидации очагов заразных болезней животных РЕШИЛ:
      1. Установить ветеринарный режим карантинной зоны с введением карантинного режима и ограничительных мероприятий на пастбищах Копа, Коспа Кзылкульского сельского округа Чингирлауского района Западно-Казахстанской области в связи с возникновением заболевания эмфизематозного карбункула среди крупного рогатого скота.
      2. Рекомендовать начальнику государственного учреждения "Чингирлауская районная территориальная инспекция Комитета государственной инспекции в агропромышленном комплексе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" С. Досказиеву (по согласованию), ведущему специалисту аппарата акима Кзылкулского сельского округа, ветеринарному врачу С. Кулмагамбетову в целях предотвращения распространения особо опасных заболеваний среди населения и сельскохозяйственных животных в пределах своих компетенций принять необходимые меры вытекающие из данного решения.
      3. Данное решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 17 октября 2011 года.
      4. Контроль за выполнением данного решения возложить на ведущего специалиста аппарата акима Кзылкульского сельского округа, ветеринарного врача С. Кулмагамбетова.

      Аким Кзылкульского
      сельского округа                 С. Исбулатов

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Чингирлауская
      районная территориальная
      инспекция комитета
      государственной инпекции
      в агропромышленном комплексе
      Министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан"
      _____________С. Досказиев

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің Қопа, Қоспа жайлауларына карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 2 желтоқсанда № 7-13-143 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімінің 2011.12.29 № 7 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Шыңғырлау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2011 жылғы 17 қазан № 454 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің Қопа, Қоспа жайлауларына ірі қара малының арасында қарасан ауруының шығуына байланысты карантин режимін және шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Досказиевке (келісім бойынша), Қызылкөл селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, малдәрігері С. Кулмагамбетовке ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық жануарларының арасында аса қауіпті індеттің таралуын алдын алу мақсатында өз құзыреттері шегінде осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 17 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылкөл селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, малдәрігері С. Кулмагамбетовке жүктелсін.

      Қызылкөл селолық
      округі әкімі                     С. Исбулатов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Шыңғырлау
      аудандық аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________С. Досказиев