О внесении изменения в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами

Приказ и.о. Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 20 января 2012 года № 12-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 24 февраля 2012 года № 7435.

      В целях приведения в соответствие с подпунктом 6) пункта 2 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 15 июля 2011 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам совершенствования разрешительной системы", ПРИКАЗЫВАЮ:

      Примечание ИЗПИ!
      Пункт 1 утрачивает силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 20.04.2022 № 119 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. В приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 7 сентября 2004 года № 72-П-а "Об утверждении Правил выполнения землеустроительных работ в Республике Казахстан по составлению проектов межхозяйственного землеустройства по образованию и упорядочению существующих землепользовании, отвода и установлению границ земельных участков на местности" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3148, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 9 августа 2005 года, № 144 (878)) внести следующее изменение:

      в Правилах выполнения землеустроительных работ в Республике Казахстан по составлению проектов межхозяйственного землеустройства по образованию и упорядочению существующих землепользовании, отвода и установлению границ земельных участков на местности, утвержденных указанным приказом:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Землеустроительные работы, проводимые по решению исполнительных органов либо по ходатайству заинтересованных собственников земельных участков или землепользователей осуществляются на основании договора, заключаемого с гражданами или юридическими лицами, выполняющими землеустроительные работы (далее - Землеустроитель).

      Землеустроительные работы, проводимые по решению Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов осуществляются за счет средств республиканского и местного бюджета.

      Землеустроительные работы по заявлениям заинтересованных собственников земельных участков и землепользователей осуществляются за счет их средств.".

      2. В приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами от 16 октября 2009 года № 185-П "Об утверждении Инструкции по разработке, согласованию, утверждению и выдаче проектов (планов) земельно-хозяйственного устройства территории сельских населенных пунктов" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 5866, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 24 декабря 2009 года № 195 (1792) и в газете "Заң газеті" от 24 декабря 2009 года № 195 (1618)) внести следующее изменение:

      в Инструкции по разработке, согласованию, утверждению и выдаче проектов (планов) земельно-хозяйственного устройства территории сельских населенных пунктов, утвержденной указанным приказом:

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Разработка проекта осуществляется гражданами и юридическими лицами, выполняющими землеустроительные работы (далее - разработчик проекта).".

      3. Управлению правового обеспечения Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Департаменту государственного контроля за использованием и охраной земель, государственного земельного кадастра и мониторинга земель Агентства Республики Казахстан по управлению земельными ресурсами обеспечить в установленном законодательством порядке официальное опубликование настоящего приказа после его государственной регистрации.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа оставляю за собой.

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

И.о. Председателя


Агентства Республики Казахстан


по управлению земельными ресурсами

К. Раймбеков


Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 12-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 ақпанда № 7435 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңының 1-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      1-тармақтың күшін жою көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2022 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 7 қыркүйектегі "Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқару Ережелерін бекіту туралы" № 72-Ө-а бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3148, "Юридическая газета" газетінің 2005 жылғы 9 тамыздағы № 144 (878) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Жер пайдалануларды ұйымдастыру және реттеу, алқапта жер учаскесінің шекарасын бөлу және белгілеу бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі Қазақстан Республикасындағы жерге орналастыру жұмыстарын атқаруЕрежелерінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Атқарушы органдардың шешімі немесе мүдделі жеке меншікті жер учаскесі иелерінің немесе жер пайдаланушыларының өтініші бойынша жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары жерге орналастыру жұмыстарын жүзеге асыруды орындайтын азаматтар және заңды тұлғалармен (бұдан әрі - Жерге орналастырушы) жасалатын келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдарының шешімдерімен жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен атқарылады.

      Мүдделі жеке меншікті жер учаскесі иелерінің және жер пайдаланушыларының өтініштері бойынша жерге орналастыру жұмыстары олардың өз қаражаттары есебінен жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 16 қазандағы "Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 185-Пбұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5866, "Юридическая газета" газетінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 (1792) және "Заң газеті" газетінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 (1618) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулығында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жобаларды әзірлеуді жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын азаматтар және заңды тұлғалар (бұдан әрі - жобаны әзірлеуші) жүзеге асырады.".

      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жер ресурстарын басқару агенттігі


Төрағасының м.а.

K. Раймбеков